Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
5655 1 пікір 2 Мамыр, 2017 сағат 17:23

Қырғыз Жоғарғы соты Ирак азаматтарына қатысты істі қайта қарауға жіберді

Қырғызстанның Жоғарғы соты Ирактың төрт азаматына қатысты Ош облыстық соттың шешімінің күшін жойып, қайта қарауға жіберді. Бұл жөнінде "Кылым шамы" құқық қорғау ұйымының өкілі Азиза Абдирасулова хабарлады.

Оның сөздерінше, істі енді басқа сот алқасы қайта қарайды.

Ош облыстық соты Ирактың төрт азаматына, оның ішінде 76 жастағы әйел бар қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтті деген айыппен, 4,5 жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындаған.

Олардың бәрі жалған құжатпен шекараны кесіп өтті деп айыпталады. 2016 жылдың қазан айында олар Оштан Мәскеуге ұшып, одан әрі Германияға кетпек болған. Бірақ Ирак азаматтары Мәскеудің Домодедово әуежайында ұсталып, Ошқа депортацияланған.

Бастапқыда Ош қалалық соты әрқайсысына 10 мың сом айыппұл салған. Бірақ мемлекеттік айыптаушы келіспей, істі Ош облыстық соты қайта қараған.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 742