Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3227 0 пікір 25 Қазан, 2010 сағат 21:27

Орта Азияда ортақ саясат бар ма?

Қазақтың көк туы көзі барға көріне бастағалы, төңірегіне бастамашыл, жаңашыл идеяларымен танылып келе жатыр. Бір кездері «жабайы азияттықтар» деп атаған Европа тізгінін қазақияның қолына береді. Әрине, сенгені үшін, біздің жұрттың «дәулерді» сендіргені үшін. Қазақтың ақылға жүйріктігі, әлемнің кәдесіне жарады. Жарай да бермек, егер біздің жақын көрші, туысқан түркілердің тілегі мен мұраты, ниеті мен мақсаты бір арнаға тоғысса.  Қаймана қазақ жақынын жат, досын дұшпан етіп көрмеген халық. Осындай асыл қасиетінің кезекті жемісі «Орта Азия елдері одағы» және «Түркі тілдес елдердің  ынтымақтастық кеңесін құру» болатын. Қолдаушылары да, құлақ қақпай қырын қарап кеткендері де, қарсы келіп, күмән ойлап, сан-саққа жүгірткендер де шығып жатыр...

Осы орайда, саяси бастаманың бағасын дәп басып бере алатын, «сары тіс» саясаткерлермен жүздесіп қайтқан едік. Орта Азия аймағына орналасқан мемлекеттердің бүгінгі жайынан жазып алғандарымызды Сіздерге жайып салмақпыз.

 

Қазақстан - қияңқы мемлекеттердің досы!

Әзімбай ҒАЛИ:

Қазақтың көк туы көзі барға көріне бастағалы, төңірегіне бастамашыл, жаңашыл идеяларымен танылып келе жатыр. Бір кездері «жабайы азияттықтар» деп атаған Европа тізгінін қазақияның қолына береді. Әрине, сенгені үшін, біздің жұрттың «дәулерді» сендіргені үшін. Қазақтың ақылға жүйріктігі, әлемнің кәдесіне жарады. Жарай да бермек, егер біздің жақын көрші, туысқан түркілердің тілегі мен мұраты, ниеті мен мақсаты бір арнаға тоғысса.  Қаймана қазақ жақынын жат, досын дұшпан етіп көрмеген халық. Осындай асыл қасиетінің кезекті жемісі «Орта Азия елдері одағы» және «Түркі тілдес елдердің  ынтымақтастық кеңесін құру» болатын. Қолдаушылары да, құлақ қақпай қырын қарап кеткендері де, қарсы келіп, күмән ойлап, сан-саққа жүгірткендер де шығып жатыр...

Осы орайда, саяси бастаманың бағасын дәп басып бере алатын, «сары тіс» саясаткерлермен жүздесіп қайтқан едік. Орта Азия аймағына орналасқан мемлекеттердің бүгінгі жайынан жазып алғандарымызды Сіздерге жайып салмақпыз.

 

Қазақстан - қияңқы мемлекеттердің досы!

Әзімбай ҒАЛИ:

- Жалпы Орта Азия елдері мемлекеттерінің жағдайы қоңырқай болып келеді. Қоңырқай деген - бұрынан бір бұзып жарып, озып келе жатқан ел емес деген мағынада. Қазіргі егемендік тұсында да пәлендей озып бара жатқан жоқ. Тұрмыстары жүдеулеу. Бірақ, әйтеуір бар, ел ретінде сақталады. Қазіргі таңда, Орта Азия елдері күнін көре алмайды, Ресейге қосылуы керек деген әңгімелер де бар. Ол дұрыс емес. Қырғыздар аман-есен сайлауын өткізді. Әлемдік стандартқа сай деуге болды... Партиялар енді министрлер кабинетін тағайындайды. Әрине, шалқып өмір сүрмейді, керемет экономикалық деңгейге де жетпейді. Моңғолия сияқты мемлекеттердің бірі болды.

Өзбекстанға келер болсақ, жан саны 30 миллионға таяп қалған ел, оның орыны бөлек. Өзбектер баяғыдан өлкелік империя, өлкелік держава болған. Олар өздерін Тимурдың (Ақсақ Темір) дәуіріндегідей, Шыңғысханнан кейінгі дүние жүзілік үлкен ірі мемлекет болуды аңсайды... Бірақ, олар пәрменді реформа жүргізген жоқ. Сол ақырындап, қоңырқайлықпен келе жатыр. 1,5 миллиондай халқы сыртта қаңғып жүр. Экономикамыз тез дамып жатыр дейді. Бірақ бұл ресми мәліметтері, шындыққа ұқсамайды. Нарықттық қатынастар толық реттелмеген, дамымаған. Сондықтан, Өзбекстанда үш түрлі қауіп бар. Оның бірі, әлеуметтік жарылыс, екіншісі, діни жарылыс, үшіншісі, сарай ішіндегі, яки, сарай төңкерісі болуы мүмкін. Өзбектерде мұндайлар болады, олар өздерінің хандарын орта ғасырларда ұдайы өлтіріп отырған.  Мысалы, қазақ хандарын улап өлтірмеген. Қазақтың хандары ұрыста, жекпе-жекте шейіт болған. Сондықтан, Өзбекстанның халқы мен мемлекеті біз үшін өте қауіпті.

Ал, Тәжістанда енді жұмсақ түрде, азматтық соғыс жүріп жатыр. Әйтеуір, әзірге ашық азаматтық соғыс жоқ. Шындығына келер болсақ, Ресейдің де жағдайы мәз емес. Ресей дүние жүзі үшін, батыс үшін қауіпті мемлекет деп есептеледі. Өз ішінде сепаратизим бас көтерді, көктемнен бастап, жаз бойы, күзге дейін антитеррористік кампаниялар жұмыс істеді. Шындыққа сай келмейтін күмәнді істер де көп... Ресейде біз сияқты шикізат сататын мемлекет. Олардың ахуалы мұнайдың бағасына, газдың бағасына тәуелді. Олар пәлендей технологиядан озып жатқан жоқ. Кеден Одағы - үш артта қалған мемлекеттің достастығы. Күнімізді қалай көреміз, қайтып күнелтеміз деген мазмұнмен құрылған. Ресейді жек көрген Батыс мемлекеттер одағы (НАТО мен Евроодақ) олардың одақтастарын да жек көреді... Басқалар бізге озық технологиясын бере қоймайды енді. Орыстар, біресе Мұзды мұхитты бөлем дейді, біресе, Оңтүстік Америка, АҚШ -тың жанынан ұшақтарын ұшырады, біресе сүңгуір қайықтарын төндіреді. Онысына батыстықтар сүйсінбейді. Сондықтан, Қазақстан - қияңқы мемлекеттердің досы!

Түркіменстан тым-тырыс. Бұрынғы Сапар Мұратты кейінгі билік жоққа шығарып келе жатыр. Екінші көсем пайда болды. Бірақ, тыныш. Сапар Мұрат түркмендегі ұлт мәселесі, тіл мәселесі, мектеп мәселесі дегендерді толықтай шешіп тастаған еді. Түркімен мектебінен басқасының бәрі жабылды. Түркімен тілі іс жүзінде мемлекеттік тіл болды. Ең керемет ит - түркімен алапайы, ең керемет ат - түркімен ақалтекесі, т.б. жеті кереметті түркіменге тәуелдеп алды. Түркімен керемет! Бұл - ұлттық идеологиясы.

Біз Кедендік одаққа кіргелі бері, қырғызды бөліп тастады, олар бұрын бізден пайда көріп отырған, енді Қырғызстан Өзбекстанмен тауар тасысу үшін кеденнен өтуі керек. Біз үш мемлекет өз бетімізбен... Олармен байланыс енді  кеден арқылы жүзеге асады. Қырғыздар Бішкекті қиратты, Оштың 50 пайызын талқандады, ондағы орыстар, кәрістер, дұңғандар Қазақстанға  қарай  қашып жатыр. Оларды біреу шақырып жатқандай-ақ. Тіпті Князов деген біреу кеше қырғыздарды жамандаған, "тілі тіл емес, ұлты ұлт емес" деп еді, енді бізге келіп, қырғыз білгіш саясаттанушы маман болып жүр. Ондай дүрдараздықты таситын эксперттер бізге керек емес. Орта Азия діни экстремизмнің ордасына айналды.

 

«Жеке билік қайтып келмесін,

тек қана Қырғыз Республикасы - өрлесін!»

Досмұхамет Нұр - Ахмет,

Қазақстанның Ұлттық Патриоттық Қозғалысының Төрағасы:

- Біріншіден, Орта Азия емес, Орталық Азия дегеніміз жөн болар. Себебі, кеңес кезеңінде  Орта Азия деп, Қазақстаннан басқа Орталық Азия Республикаларын атайтын. Ал, қазіргі Орталық Азия мемлекеттеріне келсек, оларда жай да, жағдай да - әралуан.

Алдымен ұқсастық жақтарына тоқталайық: басым көбінің жүйесі де, «иесі» де бірыңғай. Яғни, Кеңес өкіметі тараған кезде кім «қазан - ошақ» айналасында болса, солар дәл қазір, «Шаңырақты» ғана басқарып қалмай, «мал - мүлік, қора - көпшікті» де малданып келе жатыр. «Еді» - деп  соңына қосып қояйық. «Еді» дейтініміз, солардың ең соңынан келгені, әрі «коммунистік тәрбиені» тым азырақ көргені: тастап кетті еліне - аз жылда көп тергенін... Ол елдердің екінші бір ұқсастығы: түбі де, тегі де - ортақ. Көбісінің жері - бай, елі - қорқақ. Ел ағалары «сен тұр, мен атайын» - демейді, ары кетсе - ойлайды тек көмейді. Кім сыйласын: өз елінде - өгейді, өз жерінде - кедейді?!  Ертеңі үшін күреспеген халықты, Аллаһ қалай жебейді?! Ал күрескен елдерді, қатарына мықтының, дәл ертең - ақ теңейді.

Ал өзгешеліктері - осы Күрестері арқылы алатын Үлестерінде.

«Желдірмені» осымен аяқтап, әрқайсысын жеке сараптауды «өз ағаң - өзбектен»  бастағанымыз жөн болар. Кеңес кезеңінен бұрын Өзбек деген халық болмаған. Сондықтан, әлі күнге дейін олар, өз ішінде, «ферғаналық», «самарқанттық», «ташкенттік» ... болып бөлінеді. Бұл фактор келешектегі  «хан талапайға» үлкен әсерін тигізері сөзсіз. Өзбектер қазіргі кезеңде экономикада кешеуілдеп жатқанымен, олардың халық ретіндегі даму потенциалы - жоғары. Дәлел ретінде олардың халқының санының елу жылдай бұрын бізден едәуір - төмен, ал қазір бізден - едәуір жоғары екенін тілге тиек етсек те жетер. Халқың аз болса,  ақылсыз тыраштану - бекер. Ал бекерліктен бала қайдан тусын... «Гәп» осында.

Және олардың тағы бір өзгешелігі, әзірге экономикасы «экстенсивтік», яғни баяу жолмен дамып келе жатқанмен, олар өндіргіш күштері мен құралдарын сақтап қала алды. Әрине олар, әсіресе моральдық  жағынан, ескіруде, алайда жиырма бірінші ғасырда, жаңа технологиялардың арқасында «бар» дың бағасын асыра аласың. Алайда, «жоқ» ты қалай жасыра аласың?!

Өзегін сақтаған өзбек бауырларымызды өзгерістер күтуде.

Ал енді түбі де, түбегі де бір түркімен бауырларымызға келсек, олардың көбінің: отқа жағар тезегі де, елінің экономикасының өзегі де - Газ болып отыр. Ең қызығы, әзірше, ол аз болып отырған жоқ. Дүниедегі ең көбінің бірі. Жанында мұнайы бар. Және де - ұдайы бар. Саясаттағы ресми ұстанымы - «нейтралитет», яғни қазақшалағандағысы - «сен тимесең, мен тимен бадырақкөз» болса да, олардың дәл қазіргі  таңдары - «төте отын жолдары». Және осыған мүдделі: сарбазы да, Сардары да.

Яғни «түркімен газы» бұрын тек қана Ресей арқылы ғана шетелдерге сатылып келсе, бұл күндері Ресей ондай «монополиядан» айрылып қалды. Енді оны түркімендер өз қолына алды. Яғни Европаға да, Қытайға да, Америкаға да, тікелей, төте жолдар  салды.

Ал, «біртуғандар» өрлеп тұрмаса да, ерлеп тұр. «Мен салайын бұл жолды, қалғандарың - көр» деп тұр. Себебі, қырғыз бауырларымызға «пәмиленің» қалай басталатыны негізгі болмай шықты. Сөйтіп олар: Бақиевтің - «бақ» емес, оның «отырған» төбесінің бәрі - «тақ» - емес екенін ашып алды... Арнасынан шыға тасып алды. Ендігі қалағаны: «Жеке билік - қайтіп келмесін, тек қана Қырғыз Республикасы - өрлесін!» деген «Парламенттік Республикалық»  жол.

Біздің, осы жолда, оларға артар үмітіміз - зор, тілегіміз - мол.

Алдарынан Аллаһ - жарылқасын, кейін «көзі қорқақтар» «қолы батырлар»ға қарап - таңырқасын!

Әзір бай жандар - әзір ғана емес, өздерінің әрқашан да бай болуын, құшағында Қарабақ, аспанында Ай болуын қалайды. «Одақтардың» сыйлағанмен барлығын, түркі тілдес бауырға - жақынырақ қарайды.

Түркімендермен «ара араздықтары» бар екені  - рас. Басшысының  «пәмилесі»  -  ескі, бет әлпеті -  жас. Ломоносов атындағы Мәскеу Университетін бітірген, тайсалмайды «нүкте» менен «үтір»ден.

Яғни, аз болса да қорегі, қорта келе айтарым: біріншіден, «Орталық Азия» деп жағырафиялық жағынан бөлгенше, оларға «Бауырлас Елдер» деп жаңадан айдар тағып, қайта қарау керек деп есептеймін. Олай болғанда, осы «Бауырлас Елдер» өздерінің түбі мен тілегінің, тілі мен білегінің, жүзі мен жүрегінің ғана емес,  болмысының да, болашағының да бір екенін ұғынатын кездері жетті. Әркімнің жетегінде жүре бергенше, бауырлардың құшағында неге ойнап - күле бермейміз?! Әр Бауырлас Елдің  ірілігі - тек «Түркі бірлігі» екені айшықталды. Дүниедегі ең мықты одақ -  ол табиғи одақ емес пе ?! Ендеше біздің бәріміздің өткеніміз бен кеткеніміз ғана емес, алашағымыз бен болашағымыз да ортақ!

Түркіменстан дегенде ойыңа Оңтүстік Корея оралады

Айдос Сарым:

- Қырғыз халқының осыған дейінгі де көрген қиындықтары аз болған жоқ. Менің түсінігімше, саяси элиталары да, басқасы да,  халықтың шын мәнінде үлкен өзерістер талап етіп жатқанын түсінді. Соған сәйкес, барлығы да өздерінің амбицияларын, басқа да шаруаларын сырып  тастап, жұмыс істеу керектігін түсінді.  Бір ғана қиындығы, Қырғызстан біріншіден, өте кішкентай мемлекет және аса үлкен экономикалық мүмкіндіктері жоқ ел. Сондықтан, бұрынғы президенттерінің және басқада үлкен державалардың араласуымен сайлауын өткізді. Қырғызстанның парламенттік жүйені таңдауы Қазақстан мен Ресей билігінің қытығына тиіп отырған сияқты. Бұл - Орта Азиядағы тұңғыш прецедент. Осы прецедент іске асатын болса, жемісін беріп жатса, кем дегенде қасындағы түркі мемлекеттерінде, «әй, біздер неге осы жолды таңдамаймыз?!» деген әңгіме туындауы мүмкін. Бірақ, екінші жағы да бар. Бұны батыл саяси эксперимент деп атауға болады. Ал, осы эксперимент немен аяқталады?! Бүгінде Қырғызстанда тұрып жатқан өзбектер елдің бестен бір бөлігі бола тұра сайлауға аса белсенділік танытқан жоқ. Саналы түрде қарсы тұрып, байкот жариялағандай әсер тудырды. Яғни, бұл болашақта не болмақ? Бүгінгі қырғыз билігі сайланып, заңдастырылып, конститутциялық  жүйеге енген күннің өзінде, өзбек диаспорасының, біз осы билікті тағайындаған жоқпыз, оған дауыс бермедік, бұл биліктің бізге қажеті шамалы деулері мүмкін ғой. Өйткені, іштегі қыжыл, оған қоса өлген-кеткен адамдары бар... Естеріңізде болса, дәл осындай жанжал 20 жыл бұрын болған еді. Содан бері бір буын дүниеге келді. Олар сол кездегі өлгендердің балалары.  «Қан» деген үлкен мәселе ғой. Сондықтан олар, бүгінгі күні айтулары мүмкін, біз неге осындай күйде өмір сүріп жатырмыз деп. Сондықтан, бұл жанжал әлі ұзаққа баратын дүние. Мысалы, қырғыздар ішкі тұрақтылығын және жерінің тұтастығын сақтау үшін, өте үлкен қадамдар жасауына тура келеді. Бәлкім, олар шын мәніндегі демократиялық қоғам жасап жатса, қырғыздар амалсыздан, өзбек ағайындарға керемет автономия жасап беруге мәжбүр болатын сияқты. Біз байқап отырмыз, ондағы өзбектердің өсімі қырғыздардан да көп. Негізінен ауылды жерлердегі патриархалды жанұяларда 4-5 баладан болатын болса, қырғыздарда  2-3 баладан. Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінің өсімі кемейіп, қазақтың саны артып отыр дейдін болсақ, Қырғызстанда ондай мүмкіндік болмай тұр. Мен ойлап едім, өзбектер қырғыздағы дауға араласып кетеді деп. И.Кәрімовтың, қырғыз-өзбек оқиғасына араласпай, өзінің әскерін ұстап отыруы, еліне келген босқындарды екі-үш күнге қабылдап, қайтадан қайтаруы таңғаларылық жәйт болды... Егер Өзбекстанның өзінің ішкі жағдайы мықты болатын болса, өзіне деген сенімі артып тұрса, ол жанжалға араласып кетуі де ықтимал еді. Былайша айтқанда, амалсыздан шеттеп қалды.  Шынын айтар болсақ, әлемде мынадай прецедент бар. Иордания деген кішкентай мемлекет кезінде, анау Израильден ауып кеткен босқындарды қабылдаған, ол айналып келгенде, 5 миллиондық үлкен армияға айналып, Ливанды да, Иорданияны да жарып жібере жаздады. Иорданияның сол кездегі королінің мықтылығы, өте қатал қадамдарға барып, босқындар мәселесін орнына қоя білді. Ал, Ливанда 60 жылдарда басталған азаматтық соғыс 50 жылдан асты, әлі күнге жүріп жатыр. Мысалы, босқындар бір елге кіргеннен кейін, бірте-бірте өздерінің талаптарын қоя бастайды. Талап қойған соң, белгілі саяси қадамдарға бара бастайды. Қойған талаптары қабылданбаса, жергілікті халық, жергілікті элита оған қарсы шығатын болса, ол басқалай оқиғаға, террористік әрекетке ұласады. Яғни, осыған дейінгі кезеңде, мынау таяу шығыс елдерінің Швейцариясы, ең толерантты деген елдің өзі елу жылдың ішінде, қашан бітетіні белгісіз үлкен жанжалға  тіреліп тұр. Мысалға, Кеңес одағының әскері Ауғанстанға кіргенге дейін, Ауғанстан - ең толерантты, ең бейбіт, мәдени, діни толеранттылықтың үлгісін көрсетіп жатқан ел болатын. Біздің билік мақтанады ғой, біздер толерантты елміз, бізде қаншама діндер өмір сүріп жатыр дегендей... Ауғанстанда үш буын ұрпақ қолдарына ойыншықтан көрі автоматты көбірек ұстап өсті. Қазір наркотрафик мәселесі, діни т.б мәселелер туындады. Бүгінгі Ауғанстанда АҚШ пен кезіндегі Кеңес үкіметінің деректемелері бойынша, 1 триллион доллардың темірі бар екен. Егер сол қазынасын дұрыстап пайдаланса, олардың байлығы өз-өзіне әбден жетер еді. Бірақ, жаңағыдай діни мәселелерге, басқа мәселерге байланысты, тату - тәтті, ешкіммен араздығы жоқ елде ұлтараздық, діни жік пайда болды. Бүгінгі Талибан деген сияқты... Апыиншылардың өзінің үлкен ойыны бар. Шынын айтар болсақ, бүкіл әлемді 70 пайызы героинмен қамтамасыз етіп отырған ел - Ауғанстан. Яғни, осының бәрі қыруар ақша. Сол қыруар ақшаңыз, Тәжіктсанды да, Қырғызстанды да жарып жіберуі әбден ықтимал. Себебі, өзіміз көріп отырғандай, апиын тасымалына Ресейдің арнайы қызметтерімен әскерилері де араласып отыр. Тәжікстанда тұрған орыстың кезіндегі 202-ші девизиясы шын мәнінде шекараны күзетіп тұрған жоқ. Біріншіден, наркотрафикке қатысты, екіншіден, сол жақтағы саяси элитаны өздеріне қаратып, бұғаулап алған. Яки, тәжіктердің жоғарғы арнайы қызметтері мен полициясының біразы Ресейдің тыңшылары десек еш қателеспейміз. Өз еліңде шетелдің базасын ұстап отырудың бір қиындығы осында. Шетелдің әскери базасы болғаннан кейін оның арнайы қызметтері болады. Олар елдегі саяси ахуалды бастан-аяқ қадағалайды. Соның дұрыс болғанын, дұрыс жүріп отырғанын қарайды, керек болса біреулерін ақшамен сатып алады. Ол әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Бірақ, өзіңіз байқасаңыз, осыдан бір жыл бұрын, Орта Азиядағы ең мықты президенттердің бірі саналатын Эмомали Рахмонның билігі шатқаяқтап қалды. Оның өзініңде жіберген қателіктері бар. Он бес жыл бұрынғы азамат соғысына жасаған, ел тыныштығына бағытталған прививкасы болды. Бүгінгі билігінің жасап отырған озбырлығы, шектен тыс жемқорлық мәселесі, бір аймақ азамттарының билікке отыруы, қалған саяси күштердің, экономикалық, қаржылық  топтардың наразылығын тудырды. Біз мынаны түсінуіміз керек - Тәжікстан өте күрделі мемлекет. Ол - құрақ мемлекет. Ар жағында өзбектің ықпалы, бергі жағында Ауғанстанның ықпалы бар. Әр облыстарының, тау халықтарының өздерінің бөлек-бөлек заңдылықтары бар. Сондықтан, бір-бірін тартып, жұтуға дайын тұрады. Мысалға, Қазақстанда, Өзбекстанда, Түріменстанда қалыптасқан билік ол жақта қалыптаса алмайды. Тәжік билігінде Рахмон болсын, басқа болсын, кім болсада саяси этникалық, рулық, топтық жағдайлармен санасуға мәжбүр. Мысал үшін, Тәжікстан ар жағында тұрған Ауғанстаннан үйренуі тиіс. Премьер-министр бір аймақтан болса, министрлерінің бір тобы басқа топтан болуы керек дегендей бір баланстарды сақтап отыруға мәжбүр. Егер билік тым озбырлыққа баратын болса бұл ел де жарылады. Ал, Рахмонның өз елін күшейту үшін жасап отырған игі қадамдары деп, орыс тілінің мәртебесін  алып тастау, дін ісін орнықтыруды айтуға болады. Ал бұл әрекеттері Ресейдің наразылығын тудырып отыр. Өткен жылғы Қырғызстандағы революцияға екі мыңнан астам автомат пен тапанша халыққа таратылып берілді дейді біреулер. Таратылған қару Ресейдің базасынан шыққан сыңайлы. Сол қару енді Қазақстанға келіп жатыр. Алматыда автоматтың құны 700-800 долллар. Тапаншаны 300-400 долларға сатып ала аласың. Орта Азия туралы айтқан кезде бір нәрсені еш қашан естен шығармауымыз керек. Қырғызстанда бірдеме жарылатын болса, бүкіл аймақ жарылады. Қырғызстанда жұмыс таба алмаған «ұры-қарының» бәрі біздің елге келіп жатыр. Қазір көшеде қырғыз елінің мықты-мықты көліктері өріп жүр....

«Түркі бірлігі» дейтін болсақ, біз болашақта үлкен қадамдарға барамыз. Түркі бірлігі мәселесінен - Түркіменстан мен өзбек елі шет қалып отыр. Олардағы билік өзгермей, ешқашан толыққанды Түркі билігі жайлы ауыз аша алмаймыз. Ал осы бірлікті алға бастаушысы ретінде Қазақстан, Түркия, Әзірбайжанды атап айтуға болады. Аталған үш тарап, бұлар түркі бірлігінің донорлары ретінде оның инфрақұрлымын, саяси бастауын қамтамасыз ететін болса, 10-15 жылдан кейін  жемісін көре бастайды.

Орта Азияны біріктіретін тағы бір тағдырлы мәселе ол - су мәселесі. Мұнда әр елдің жеке ұлттық мүддесі басымдық алып отыр. Біздің ел судың төменгі ағысында отырған соң, көп мәселе туындай қойған жоқ. Тәжікстан мен Өзбекстанның, қырғыз елінің жасап отырған әрекеті кейбір кездері диверсияға апарады. Сондықтан, су мәселесінде кешенді қадамдар жасалуы қажет. Ол бүгінгі билік үшін емес. Осы аймақта өмір сүретін халықтар үшін тиіміді. Мысалы, Үндістан мен Пәкістанның арасындағы болып жатқан жанжал негізінен су үшін туындаған. Ливан мен Израильдың арасындағы соғыста мұзтаулар үшін. Ливан өзінде бар суды пайдаланып Израильды мәңгіліке құлдыққа шеге алады. Алайда, израильдықтар ұлттық мүддесі үшін, әскерін кіргізіп, басқа елдің галанд тауларын басып алып отыр. Олар қанша жерден қысым жасалсада, басып алып отырған мұз тауларды босатпайды. Көптеген штелдік саясаттанушылар, Орталық Азияда алдағы екі жыл көлемінде әскери немесе басқа бір жанжал болатын болса, үлкен екі себептен туындауы мүмкін деп топшылайды. Біріншісі,  есірткі трафиігіне қатысты. Екіншісі, осы су мәселесіне қатысты дейді. Сондықтан, біз Евроодаққа төрағалығымызды пайдаланып, Өзбекстанға дипломатиялық қысым жасауымыз керек. Яғни, ағайындар Түркі бірлігі туралы, Орталық Азия одағы туралы ауыз ашпай-ақ қоялық, су мәселесін шешіп алайық деуіміз керек. Сол арқылы, келешек ұрпаққа проблема қалдырмай, мәселені шешуіміз керек. Орта Азиядағы ең мықты мемлекет ол - Өзбекстан. Бүгінгі Кәрімов билігінің отыруы себебінен, олар көптеген мүмкіндікке қол жеткізе алмай отыр. Ерте ме, кеш пе, өзбектер дұрыс саясатқа көшетін болса, Орта Азиядағы ең мықты елге айналады. Олай дейтініміз, өзбек халқының экономикаға, нарыққа бейімділігі бар. Бірақ, елдегі саяси жағдай елдің экономикалық дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Олардағы демгорафиялық өсім - жердің аздығына, адамның көптігі үлкен дүмпу тудыруы ықтимал. Егер, өзбек елі жарылса, аймақты мүлдем өзгертіп жіберді. Қазіргі таңда, Ислам Кәрімовтың осы жағдайды ұстап отыруы біз үшін тиімді болғанымен, жағыдайдың ары қарай ушыға беруі Қазақстан үшін үлкен қауіп. Өзбекте тыныштық болсын десек, Кәрімовты қолдауға мәжбүрміз. Өзбектің түрмелерінде отырған діни-саяси қылмыскерлер саны 10 мыңнан асып түспесе, кем түспейді. Ертең олар бостандыққа шыққанда қалай боларын ешкім болжап айта алмайды...

Ал, Түркіменстанда дәл осындай тұйық, жабық жағдайда. Олар жайлы еш ақпарат жоқ. Түркіменстан дегенде менің көзіме Оңтүстік Корея елестейді.

Президент Н. Назарбаев рухани саладағы дағдарыс, вакуум деген сөздерді айтты. Сол вакуумды жою үшін - бүгінгі күн үшін қиял, арман болып саналатын идеяларды айта бастауымыз қажет. Евроодақтың бірігуі туралы алғаш көтергендердің бірі - Виктор Гюго. Оны ақын, жазушы, тарихшы дейміз, ол  мықты саясаткерде болған. Оның хаттарын, жазбаларын оқитын болсаңыз, түбінде Евроодақ пен АҚШ бүкіл әлемді билеп отырады дегенді 1840 жылдары айтқан. Біз мықты, Ұлы ұлт боламыз десек, басқа ұлттың, түркі халықтарының намысына тиетін, адамдарды тарихи тұрғыдан қорлайтын нәрселерден аулақ болғанмыз жөн. Яғни, өзбек дегенде, «саудагерлер ғой», анау-мынау деген көзқарастардан ада болуымыз керек. Мысалға, еліміздегі ұйғыр мәселесін алайықшы, неше түрлі пікірлер бар. Мен әдейі зерттеп көрдім, ұйғырларға деген ең жаман көзқарас Алматы облысының қазақтарымен, қытайдан келген қандастарымыз арасында ғана. Ал, бастыс өңірлердегі қазақтардан ұйғыр жайлы сұрасаңыз, олардың кім екенінде, не екенінде білмейді... Ұйғыр ағайындар Қазақстанмен мақтанып жүр, «қазақтар - газетімізді, мәдениетімізді ұстап тұр» деп... Сол сияқты Орта Азия елдерінің де рухани, мәдени байланысын арттыруымыз керек. Керек десеңіз біздерде, осы аймаққа таралатын бірде бір газет немесе журнал жоқ екен. Руханият айналып келгенде, саясатында, басқасында басып түседі. Орта Азия елдерінде ортақ рухани-мәдени кеңістік қалыптастырмай, ешқандай интеграция туралы сөз қозғау мүмкін емес.

 

P.S

Кешегі «Алаш Орда» аз ғұмырында, түркілік бірлікітің білтесіне май жағып қалтырған-ды. Майға шыланған білтені тамызып, оның жарығына жиылып, сәулесіне саялайтын күн туса да, біздер әлі тұралап жүрміз. Түбі бір түркіліктің түбі осылай тұңғиықтана бере ме?

Жәнібек ҒАЛЫМ

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5473