Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2414 0 пікір 26 Қазан, 2010 сағат 06:35

Алматы облысының әкімдігі нан бағасын бақылау жөніндегі арнайы комиссия құрды

Талдықорған. 26 қазан. ҚазТАГ – Алматы облысының әкімдігі нан бағасын бақылау жөніндегі арнайы комиссия құрды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары  Тынышбай Досымбековхабарлады.

«Билік бөлшек саудадағы нанның бағасын Т43 деңгейінде ұстап тұруға барынша тырысатын болады. Мұны құқық қорғау органдарының өкілдерінен, «Қазагромаркетинг» АҚ мамандарынан, әкімдіктердің қызметкерлерінен жасақталған арнайы комиссия бақылайды», - деді Т.Досымбеков сейсенбі күні азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерінің бағасына мониторинг пен бақылау жөніндегі жұмыс тобының отырысында.

Ол Алматы облысын нанмен қамтамасыз ету үшін жылда 283 мың тонна бидай керек екенін еске салды. 204 мың тоннадан астам бидай қамбаға құйылды. Бидайдың 79 мың тонна көлеміндегі қалған бөлігі  Қазақстанның орталық және солтүстік облыстарынан сатып алынады. Астық одағы мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Алматы облысына ай сайын 23,5 мың тонна бидай жеткізілетініне кепілдік берген. Қазіргі уақытта нанның бір бөлкесінің өзіндік құны Т41 құрайды.

«Бұған дейін қол қойылған меморандумдар мен келісімдердің негізінде нан бағасы қымбаттамайды деуге болады», – деп сендірді Т. Досымбеков.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470