Сенбі, 23 Қараша 2024
4617 3 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 12:46

АҚШ президенті ФТБ басшысы Джеймс Комиді жұмыстан шығарды

Ақ үй Федералдық тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді жұмыстан шығарды. Президент Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің ресейлік саясаткерлермен кездескеніне қатысты жанжалдан соң осындай шешім қабылданды.

АҚШ Сенаты Ресейдің америкалық сайлау науқанына ықпалын да тексеріп жатыр. АҚШ әкімшілігінің түрлі бөлімдеріндегі тергеуді үйлестіру қызметімен Джеймс Коми айналысқан еді.

Дональд Трамп ФТБ басшысының жұмыстан шығарылуын былай түсіндірді: "Бұл тергеуге менің қатысым жоқтығын маған үш мәрте хабарласаңыз да, мен әділет министрлігінің сізді Федералдық тергеу бюросын тиімді басқара алмайды деген ұстанымымен келісем".

Трамп өз мәлімдемесінде Комидің жұмыстан шығуы бюро үшін "жаңа бастама" болатынын атап өткен. Ақ үй арнайы қызметке жаңа басшы іздестіре бастайтынын хабарлады. Коми бұл қызметті 2013 жылдан бері басқарып келді.

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397