Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4893 0 пікір 12 Мамыр, 2017 сағат 10:43

Кәрімовтің туысын Киевтегі абақтыға қайта отырғызды

Киев қаласының апелляциялық соты Өзбекстанның бұрынғы бірінші ханымы Татьяна Кәрімованың туған жиені Акбарәлі Абдуллаевты тергеу абақтысына қайтару туралы прокуратура өтінішін қанағаттандырды.

Киев қаласы прокуратурасының баспасөз хатшысы Надя Максимецтің хабарлауынша, апелляциялық сот Абдуллаевты қамауда ұстауға негіз бар деп шешті. Ол сот залынан тергеу абақтысына жіберілді.

Бұған дейін Абдуллаев сот шешімімен үй қамауына көшірілген еді. Ол Киевтегі ауқаттылар мекендеген "Козин" ауданында тұрады.

33 жастағы Акбарәлі Абдуллаев Өзбекстанда қаражат жымқырды, қылмыстық жолмен келген шетел валютасын жасырды деп айыпталды. Ол 2013 жылы Ислам Кәрімовтің жеке бұйрығымен ұсталған, ал 2014 жылы 15 жылға сотталды, бірақ кейін жаза мерзімі 6,5 жылға дейін қысқартылды. Кәрімов қазасынан соң шартты түрде бостандыққа шыққан Абдуллаев 2016 жылдың 2 қаңтарында елден қашып кетті.

Оны биыл 14 қаңтарда Киевтің "Жуляны" халықаралық әуежайында ұстады. Абдуллаевтың Өзбекстан және Доминикан Республикасының төлқұжаттары болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2678
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 792
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 761