Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Экономика 5518 0 пікір 11 Мамыр, 2017 сағат 19:50

«Самұрық-Қазына» қорының қызметін қалай бағалауға болады?

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының шоғырландырылған есеп берулерін жариялағаннан кейін сарапшыларда әділ сұрақ пайда болды: онда қордың өзінің қызметтерінің нәтижелері көрсетілді ме? Бұл мәселені әділ бағалауға «Самұрық-Қазына» АҚ қаржы және операциялар бойынша басқарушы директор міндетін атқарушы Ернар Жанәділ талпынды.
Топ-менеджер қордың стратегияға сәйкес «стратегиялық холдинг – белсенді инвестор» мақсаттық бизнес-моделіне өтетіндігін және келешекте фокус бөлек қаржы есептілігі бағытына қарай жылжуы тиіс екенін еске салды. Алайда, осы кезеңде корпоративтік орталықтың қызмет нәтижелерін есептіліктің екі форматы негізінде бағалау әділеттірек, бірақ шоғырландырылған қаржы есептілігі арқылы бүкіл компаниялар тобының қызметіне баса назар аудару керек.
«Портфельдік компанияларға инвестициялар баланстық тарихи құны бойынша бөлек қаржы есептілігінде ескеріледі. Бұл жағдайда таза пайда түрінде танылған еншілес компаниялардың нәтижелері бөлек қаржы есептілігінде «портфельдік компанияларға инвестициялар» құрамында есепке алынбайды. Осылайша, бөлек есептіліктерде көрсетілген инвестицияларың баланстық құны негізінде еншілес компаниялардың нәтижелеріне қордың әсері туралы қорытынды жасау қиын, әрі соншалықты орынды емес», - деп атап өтті Ернар Жанәділ.
Бөлек қаржы есептілігінен еншілес компаниялардың нәтижелеріне қор әсері туралы дұыс тұжырымды еншілес ұйымдарға инвестициялар әділетті немесе нарықтық құн бойынша ескерілетін кезде ғана жасауға болады. Яғни, бүгінгі таңда бөлек қаржы есептілігі негізінде қордың стратегиялық қаржы салымдары туралы қорытынды жасау қиын.
Сонымен қатар, корпоративтік орталық қазір бүкіл топ бойынша корпоративтік басқару деңгейін арттыруға белсенді түрде қатысуда. Шығындарды қысқарту бағдарламасы, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі мен қазынашылықтың ақпараттық-аналитикалық жүйесі жан-жақты енгізілуде, кадрлық саясатты одан ары дамыта түсу іске қосылды, қор тобы бойынша типтік бизнес-процестер оңтайландырылды. Бұның бәрі корпоративтік нәтижелерде шығындардың қысқартылуы ретінде әсер етеді. «Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесін енгізудегі шығындардан үнемдеу әсері 2014 жылдан 2016 жылға дейін 180 млрд. теңгеден астамды құрады. Шығындарды қысқарту бағдарламасы 150 млрд. теңгеден артық шығынды азайтуға мүмкіндік берді. «қазынашылық қызметін басқару мақсаттық моделі» жобасының таза әсері 2014 жылдан 2016 жылға дейін 60 млрд. теңгеден артық», - деп мысалдар келтірді топ-менеджер.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың наурыз айында «Самұрық-Қазына» АҚ  ресми сайтында жаңа бөлім - «Корпоративтік блог» іске қосылды, онда Қор топ-менеджерлері өздерінің тәжірибелері, жетекшілік ететін бағыттары мен жобалары туралы айтып, экономикада жіне Қорда болып жатқан әр- түрлі іс-шаралар туралы көзқарастарымен бөліседі.
Абай-ақпарат
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019