Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2109 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 07:26

Мәсімов үкімет мүшелерінен өздерімен бірге планшетті компьютерлерді алып жүруін тағы да талап етті

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Елена Преображенская. Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкімет мүшелерінен өздерімен бірге планшетті компьютерлерді алып жүруін тағы да талап етті

«Үкімет мүшелері үшін мен соңғы рет қайталаймын... табанды түрде өтінемін – өздеріңізбен бірге планшетті компьютерлеріңізді алып жүріңіздерші. Мен сіздерге хабар жіберемін. Маған жауап жазғандар, менің оған 10 минут ішінде жауап беретінімді біледі. Кейбіреулерінен үш күнен бері жауап ала алмай отырмын. Әйтуір бір ілінерсіңдер, соңғы рет ескертемін!», - деді К. Мәсімов үкімет отырысында.

«Жарқын мысал: біз Өмірзақ Естаевичпен (Шөкеевпен, бірінші вице-премьермен – ҚазТАГ) үкімет отырысы барысында жекелеген мәселе бойынша пікір алмасып отырдық. Бұл өте ыңғайлы», - деп үкімет басшысы мысал келтірді.

Премьер өздерімен бірге барлық жерде планшетті компьютерлерін алып жүруі туралы өтінішін табанды түрде тағы қайталады.

Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, осы аптаның аяғына дейін планшеттік копьютерлермен агенттік төрағалары қамтамасыз етіледі.

«Ұлттық банк өз қаражатының есебінен, облыс әкімдерін облыстық бюджеттен қамтамасыз етуге болады», - деп нұсқау берді премьер.

«Мысалы, Жәмішев, кеше маған түнгі он екі жарымда хабар жіберіпті, мені тексерді -  ұйықтап жатырмын ба, жоқ па деп. Бірақ мен оған жауап қайтардым», - деп әзілдесті премьер.

ҚР үкімет мүшелері күнделікті жұмысында планшеттік компьютерлерді пайдалануға көшті, деп ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Еске салсақ, осы аптаның басында министрлер кабинетінің барлығы компьютерлік планшеттермен қамтамасыз етілді.

«Кешкісін мен бірқатар министрлерге телефон шалдым, бірақ маған олардың көмекшілері жауап берді. Олай болмайды. Мен, мысалы, өзім жұмыс істеймін», - деді К. Мәсімов министрлер кабинетінің жаңа қондырғымен жұмыс істеуінің алғашқы күнен соң.

Бұрын хабарланғандай, қыркүйектің соңында К. Мәсімов байланыс және ақпарат министрлігінің (БАМ) алдына Қазақстанда LTE жүйесін дамыту жөнінде тапсырма қойды. Атап айтқанда, ол БАМ басшысына үкіметті электрондық түрде планшетті копьютермен немесе ұялы телефонның жаңа түрлері арқылы басқару мәселесін пысықтауды тапсырған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434