Сенбі, 23 Қараша 2024
3935 0 пікір 15 Мамыр, 2017 сағат 12:36

Алматы облысында оқушылардың жазғы демалысы "майлы шаммен қаралды"

Алматы облысында жазғы сауықтыру шараларының әлсіз ұйымдастырылғаны үшін білім басқармасының басшысы және бірнеше аудан әкімінің орынбасарлары ескерту алды деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Жазғы лагерлердің мектеп оқушыларын қабылдауға даярлығы – жергілікті атқарушы органдардың барометрі болып табылады деп мектеп оқушыларының жазғы сауықтыру шараларын ұйымдастыру бойынша өткен жиында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар баға берді. Аймақтардың аталған шараға дайындығы селекторлық жиында тыңдалды. Алматы облысының аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары жазғы сауықтыру шараларына дайындықтары жайында жаппай есеп берді. Облыстың білім басқармасы орынбасарының айтуынша биыл мектеп оқушыларының демалысы мен сауықтыру шарасын ұйымдастыруда 272 616 оқушыны қамту жоспарланып отыр. Соның ішінде тұрмысы төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі оқушыларға басымдық берілетіндігі айтылды. Дегенмен ұйымдастыру шараларының даярлығына қарамастан Панфилов, Жамбыл, Балқаш аудандары сауықтыру шаралары бойынша төмен көрсеткішпен тұр.

Алматы облысы әкімінің орынбасары аталған жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың даярлықтары олардың жұмысының барометрі екендігі және аудан, қала әкімі орынбасарлары мен білім бөлімі қызметкерлерінің деңгейінің көрсететінін баса атап өтті. Сонымен қатар, Жақсылық Омар дайын тұрған лагерлердің өзінен кемшіліктер шығып жатқанын айтып, наразылығын білдірді.

"Бүгінгі жиын бірнеше аудан әкімінің орынбасарларында қажетті ақпараттар жоқтығын анықтады.  Ал ақпараты жоқ маман жағдаймен таныс емес дегенді білдіреді. Бұл тізімге өз істеріне немқұрайлы қараған аудандардағы білім бөлімдерінің басшыларын да қосуға болады.  Біз мұны жай қалдыра алмаймыз. Қажетті шаралар қолданатын боламыз", - деді облыс әкімінің орынбасары. Жақсылық Омар оқушылардың демалысына барлық жағдай жасалмай, ешқандай лагер іске қосылмайтынын айтты. Сонымен қатар, 10 маусым Алматы облысы оқушыларының сауықтыруының біріңғай күні болып бекітілгендігін атап өтті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458