Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4012 2 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 17:40

Мәншүк ескерткішін мазақ ету вандализм болмай шықты

Abai.kz порталында жарияланған «ҚР СІМ назарына! Ресей жастары Мәншүктің ескерткішін мазақ етті» атты шағын мақала (http://abai.kz/post/52835) еліміздегі бірақтар сайттар мен БАҚ беттерінде таралып, қоғамдық пікір талқысына түсіп жатыр. Болған жайтке шұғыл назар аударған Санкт-Петербордағы Қазақстанның Бас консулдығы РФ-ның құзырлы органдарына ескерту жасап, мәселе көтерді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың Ресейдегі ескерткішін мазақ еткен бір топ жастың бейне жазбасы әлеуметтік желіде жария болған еді.

Бұл жайт  Ресейдің Псков облысына қарасты Невел қаласында болған. Ал, Невел қаласы – Мәншүк Мәметова Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ тапқан қала.

Бас консулдық батыр ескерткішін мазақ еткен жастарды анықтап, қатаң ескерту жасау керектігін РФ-ның құзырлы орындарынан талап еткен. Ал, РФ-ның заңы бойынша, ескерткішке қатысты әрекет «вандализм» болып табылмайды екен.

 

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1168
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2691
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 809
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 783