Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 9277 6 пікір 18 Мамыр, 2017 сағат 12:30

Abai.kz-ке Құлыбаев қожалық ете ме?

Жақында Өзбекстандық "Ферғана" порталы Қазақстанның ақпарат кеңістігіне шолу жасапты. Дәлірек айтсақ, қазақстандық БАҚ-қа кімдер егелік етітінін жазған.

"Қазақстанда 2000-нан астам БАҚ ресми тіркелген. Жеткілікті қаржысы жоқ, материалдық базасы осал. көбіне-көп облыс орталықтарында оранласқан. Өзіндік контенттері жоқ, сондықтан қоғамдық санаға ықпал ете алмайды. Қазақстандағы ақпараттық-аналитикалық алаңды көбіне астаналық және сирек түрде алматылық БАҚ басқарып тұр. Олар белігілі бір топтың, ұйымның тікелей бақылауына алынған", - деп жазады

"Ферғана"."Ферғана" зерттеушілерінің пікірінше, қазақстандық БАҚ бірнеше адамның иелігіне тиесілі екен-мыс.

 

Дариғаның медиа-империясы

«Ферғана» сарапшыларының мәліметінше,  Қазақстандағы ең алып медиа-магнат –  Президенттің үлкен қызы – Дариға Назарбаева.

Дариға Нұрсұлтанқызының меншігіне:

-«КТК» арнасы (толық бақылау);

-«НТК» арнасы (толық бақылау);

-«Евразия – Бірінші арнасы» (мемлекеттік «Қазақстан» теле-радио корпорациясымен ішінара бірлескен);

-«ON-ТВ» (толық бақылау);

-MuzzON (Арманжан Байтасовтың ұйымымен бірлескен толық бақылау);

-HIT-TV арнасы (толық бақылау – Д. Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәлі Алиевтің «Шахар» ұйымына кіреді);

-«Алма-ТВ» кабельдік телевидение (бақылау);

-ICON кабельдік телевидениесі (2017 жылдың наурызында А. Байтасовтың тобына қосылғанына байланысты толық бақылау);

-«Европа плюс Қазақстан» радиостанциясы (толық бақылау);

-«Хит-FM – Қазақстан» радиостанциясы (толық бақылау);

-«Русское радио Азия» радиостанция (толық бақылау);

-«Classic FM» радиостанциясы (толық бақылау);

-«Ретро FM» радиостанциясы (толық бақылау);

-Energy FM радиостанциясы (Нұрәлі Алиевтің «Шахар» тобына кіргендіктен толық бақылау);

-«Караван» газеті (толық бақылау);

-«Новое поколние» газеті (миллионер Рашид Сәрсеновпен біріккен ішінара бақылау);

-«Forbes-Казахстан» журналы (толық бақылау);

-«Московский Комсомолец в Казахстане» газеті (ішінара бақылау);

-forbes.kz интернет-басылымы;

-365info.kz (толық бақылау);

-caravan.kz  медиа-порталы (толық бақылау);

-zakon.kz инернет-порталы;

-nur.kz инернет-агрегатор (ішінара бақылау) кіретін көрінеді.

Құлыбаевтың қолындағы медиа агенттіктер

«Атамекен» Қазақстан палатасы кәсіпкерлер президиумының басшысы Тимур Құлыбаевтың БАҚ активтері де осал емес. Ферғана дерегіне көз жүгіртсек, бұл басылымдардың қоғамдық пікірлердің қалыптасуына ықпалы аз емес, сондай-ақ мемлекеттің саяси және экономикалық шешімдерін қабылдауда да ықпалы зор.

-abai.kz интернет-басылымы;

-Atameken Business Chanel телеарнасы; -

Central Asia Monitor газеті;

-«Капитал» газеті;

-«Курсив» газеті;

-«Жас Алаш» газеті;

-«Комсомольская правда Казахстан» газеті;

-dialog.kz интернет-басылымы;

-sports.kz интернет-басылымы;

-contur.kz интернет-басылымы;

-better.kz интернет-басылымы;

-spik.kz интернет-басылымы;

-bnews.kz ақпараттық-аналитикалық порталы;

-today.kz ақпараттық агенттігі;

-kaztag.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық медиа-магнаттар тізімінде ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов пен миллиардер Болат Өтемұратов та бар.

 

"Ферғана"  деректерді қайдан алды?

Өзбекстандық "Ферғана" агенттігінің деректері жария болысымен қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларының күлкісіне қалды. Шындыққа жанаспайтын бұндай ақпаратты "Ферғана" қайдан алды? Қандай фактілерге негізделді? Өкінішке орай агенттік сарапшылары бұл жайлы "ләм-мим" демейді.

"Ферғана" сарапшылары қазақстандық БАҚ-қа талдау жасағанда, жаңсақ пікір қалыптастырған.  Көпке топырақ шашып қана қоймай, қазақстандық БАҚ жұмысымен толық таныс еместігін де аңғартты.

"Ферғана" туралы біз не білеміз?

Өздерін Халықаралық ақпараттық агенттік деп таныстыратын "Ферғана" туралы біз не білеміз?

2016 жылға дейін Өзбекстан билігінің цензуралық саясаты көлеңкесінде көнбіс күңнің "деңгейінде" жүрген "Ферғана" порталының бас редакторын бір ғана ақпарат мәшһүр етті.

Даниил Кислов дейтін сарапшы "Ферғананың" бас редакторы. Дәл осы Кислов Өзбекстан Президентінің қазасы туралы жұрттан бұрын ақпарат алып, оны ресейлік  сайттарға жария етті.

Осылайша 2016 жылдың тамызына дейін үн шығармай келген "Ферғана" порталының редакторы Даниил Кислов Ресейдің саржағал саясаткерлерімен сыбайласа отырып, Өзбекстанның Президент аппараты жарсырын ұстап отырған ақпаратты жайып салды. "Ферғананың" тындырғаны осы демесек, басқа ауыз толтырып айтарға себеп те жоқ.

Өзбекстандағы "Ферғана" порталының Кремль айтағымен жүретіні белгілі. Әсіресе, Кремльдің шолақбелсенді саясаткерсымақтарымен ым-жымы бір.Шовинистік әм басқыншылық сарындағы материалдарды жиі жариялап тұрады.

Дәл соы "Ферғананың" бір бүйірлі материалы үшін Қырғыз депутаттары сайтты бұғаттауды ұсынған.

Кремль нұсқауымен әзірленген материал

"Ферғана" порталы қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевты  "Abai.kz" порталының қожайыны деп көрсетіпті. Бұл жалған ақпарат. "Ферғананың" бұндай ақпаратты қайдан тапқаны Құдайға ғана аян. Дегенмен, Кремльдің айтқанымен жүріп, айдауына көнетін Кисловтың сайты бір шабуылды бастап кетсе керек.

Елдегі қазақылық коэфиценті 80 пайыздан асу, қазақ тілінің  доминант тілге айналуы ықтималдығының өсуі, мемлекеттік биліктің кирилица жазуынан бас тартып, латын әліпбиіне көшуі, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстың артуы, геосаяси жағдайлар, ұлттық құндылықтарға баса назар бөлінуі т.б. қазақ қоғамында орын алған соңғы өзгерістер Кремльге ұнамаса керек. Ашық шайқасқа шыға алмайтын орыс қожайындары гибридтік шабуылды негізгі пропогандалық орталық - Кремльдің Өзбекстандағы филиалы "Ферғанаға" жасатып отыруы мүмкін. Біз осылай деп түйдік.

Нұрзат Тоқажан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475