Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4447 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 15:58

АҚҚАЙНАРДА – алау ГАЗ

Бір кезде Қастек деп аталып,
көне қытай жазбаларына түскен, сондықтан да қазіргі Жамбыл ауданындағы ең ежелгі елді мекендердің бірі саналатын Аққайнардың тарихына тереңдейтін болсаңыз, сонау ҮШ ғасырға барып тірелесіз. Оның іргесінде сылаң қаққан сұлу бойжеткендей сыңғыр үнді Аққайнар өзені еркелей ағады. Осы ауылдың тарихи атауын қайтарып алуға тоқсаныншы жылдары біз де өз үлесімізді қосқанбыз. Бірақ, бүгінгі әңгіме тарих туралы емес.

Кеше Аққайнарға табиғи газ желісін тарту жұмыстарының бір тармағы келіп тіреліп, ел мәре-сәре қуанышқа кенелді. Осынау оқиғаға орай Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов өзі туған ауылға арнайы ат басын бұрды.
- Кезінде әкем марқұмның: «Шешеңді от жағып, күл шығарудан қашан құтқарасың, осы», - дегені еске түсіп тұр қазір. Күйбең тіршілікте ана қолын ұзартуымыз керектігі жайлы айтыла салған жай бір сөз сияқты еді, бүгін соның мағынасы, расында, шындыққа айналатын тәрізді.

Бір кезде Қастек деп аталып,
көне қытай жазбаларына түскен, сондықтан да қазіргі Жамбыл ауданындағы ең ежелгі елді мекендердің бірі саналатын Аққайнардың тарихына тереңдейтін болсаңыз, сонау ҮШ ғасырға барып тірелесіз. Оның іргесінде сылаң қаққан сұлу бойжеткендей сыңғыр үнді Аққайнар өзені еркелей ағады. Осы ауылдың тарихи атауын қайтарып алуға тоқсаныншы жылдары біз де өз үлесімізді қосқанбыз. Бірақ, бүгінгі әңгіме тарих туралы емес.

Кеше Аққайнарға табиғи газ желісін тарту жұмыстарының бір тармағы келіп тіреліп, ел мәре-сәре қуанышқа кенелді. Осынау оқиғаға орай Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов өзі туған ауылға арнайы ат басын бұрды.
- Кезінде әкем марқұмның: «Шешеңді от жағып, күл шығарудан қашан құтқарасың, осы», - дегені еске түсіп тұр қазір. Күйбең тіршілікте ана қолын ұзартуымыз керектігі жайлы айтыла салған жай бір сөз сияқты еді, бүгін соның мағынасы, расында, шындыққа айналатын тәрізді.
Елбасы жыл сайын өзінің дәстүрлі Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айтарлықтай көңіл аударатынын білесіздер. Биыл да сол әдетінен жаңылмады. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп балалы отбасыларына, әйел-анаға деген қамқорлық нышаны әрбір маңызды бағдарламалар аясынан көрініс тауып келеді. Әлеуметтік ахуал дегеніміздің бірі - елді мекен тұрғындарын табиғи газ отынымен қамтамасыз ету. Мен мысалы, Жамбыл облысында қызметте жүргенімде сондағы халықтың газбен қамтылу деңгейі 43 пайыз болса, Алматы облысының көрсеткіші небары 5-ақ пайыз еді. Енді бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, 2007 жылдан бастап, «2007 - 2015 жылдарға арналған және 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын Алматы облысын кешенді газдандырудың өңірлік бағдарламасы» қабылданған. Бұл жұмыстарға 2007-2009 жылдары облыстық бюджеттен 809,4 млн. теңге бөлінсе, 2010 жылы 270,7 млн. теңге қарастырылды. Соған сай «Алматы - Байсерке - Талғар» магистралдық газ құбырының құрылыс жобасы әзірленген. Оның жалпы құны 6,3 млрд. теңге.
Ал мына бүгінгі газ түсіру мәселесіне келсек, оны тікелей өз қаражаты есебінен жүргізіп, ауқымды жұмыстарға ден қойып отырған іскер азамат, «Тәуекел - Т» ЖШС бас директоры Молдияр Нұрбаевтың Жамбыл ауданы жұртшылығына жасаған қолғабысы деп түсінген дұрыс болады. Азамат ердің айтулы істеріне дән ризамыз, абыройы арта берсін.
Негізінен алып қарағанда, аманшылық болса, 2020 жылға дейін Алматы облысының барлық өңірі табиғи газбен түгелдей қамтылады. Оған қажетті алғышарттар жасалған. «Қазақстан - Қытай» газ магистралінің салынуы, оның 6 шүмегі біздің аймақты да игілікке кенелтетіні бұған дәлел бола алады. Осы шүмектер тұрғындарды жылына көлемі 5,5 млрд.текше метр газбен қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. Және мемлекеттік жекеменшік әріптестік қағидатын қолдана отырып, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов аудандарының 87 елді мекенін газдандыру жоспарлануда.
Реттілік пен тәртіп болса, бәрі орындалады. Басшы біреу, қалғанымыз қосшы болуымыз керек. Көрші елдегі жағдайды естіп, біліп отырсыздар. Біздегі тыныштық пен берекенің бәрі Президент парасатының, көрегендігінің арқасы деуіміз керек. Күні кеше ғана АҚШ Президенті Барак Обаманың зор ықылас танытып, ол кісіге оң жағынан орын сайлағаны, Түркияның Президенті Абдолла Гүлдің: «Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемінің көшбасшысы, ең үлкен ағасы», - деп бағалағаны бекер ме. Елбасының сара саясатымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесін өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Осы ауылда соңғы жылдары салынған әкімшілік ғимараты, Мәдениет үйі, мешіт, амбулатория, стадионның, жолдың жөнделуі сияқты өзге де жұмыстар Елбасының ауылға жасаған қамқорлығының көрінісі, оған мен де мүмкіндігінше септескен болсам, оны өскен ел, туған жеріме деген перзенттік іңкәрлік деп түсініңіздер.
Біздің ауылдан небір жақсы азаматтар көркейген. Жуырда генерал атағын алған Бекет Байғазиев, кешегі Ауған соғысының батыры Борис Керімбаев, сонау Ақмола облысында басшылық қызметтерде алғырлығымен танылған Рахман Мадияров, осы бүгін арамызда жүрген «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балтабек Досмұхамбет, аудан прокуроры Айдос Майлыбаев сияқты мақтаныш етер ұлдарыңыз бар. Енді осы үрдісті жалғайтын кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне мұқият болыңыздар. Балаларды білімді, өнегелі етіп өсіруге күш салыңыздар. Аққайнар деген киелі ауыл. Елбасының өзі бір әңгіме арасында: «Ауылыңның Аққайнар деген атауы қандай әдемі. Ақтай қайнай берсін, лайым!», - деп тілек білдірген болатын. Айтқаны келсін. Енді мына табиғи газды игілікке жаратыңыздар. Үй-үйге мүмкіндігінше жеделдетіп түсіріп алыңыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын! - деді Серік Әбікенұлы.
Салтанатта «Тәуекел - Т» ЖШС бас директоры Молдияр Нұрбаев сөз сөйлеп, бес жыл көлемінде бүкіл Жамбыл ауданының елді мекендеріне табиғи газ желісі толық жүргізілетінін, келесі кезекте Талап пен Қастек, Шиен ауылдарының жұртшылығын да осындай қуаныш күтіп тұрғанын мәлімдеді. Аққайнар ауылының тұрғындары атынан шынайы ризашылық білдірген ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрысжан Түнғатаров іскер азаматқа ата дәстүріне сай шапан кигізді, еңбектеріне сәттілік тілеп, ағалық ақ батасын берді.
Салтанатты рәсіммен лента қию құрметіне Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов пен «Тәуекел - Т» ЖШС бас директоры Молдияр Нұрбаев ие болды. Алау газдың оттығы тұтатылып, аудандық «Құлансаз» фолькорлық-этнографиялық ансамблінің өнерпаздары шарықтата концерт қойды. Облыс әкімі бастаған қонақтардың бір тобы Тоқаш Бокин атындағы мектептің мұражайын аралап, Аққайнар ауылының кешегі шежіресі мен бүгінгі жетістіктеріне қанықты.
«Жақсылар жүрген жерін жарық қылар» деген осы. Екі-үш күн қатарынан нөсерлетіп, нұр төккен маусымның ала бұлты да бір сәтте сейіліп сала берді. Көктен құйылған күн шуағындай көңілдерге шаттық орнады. Аққайнардағы ағайын қазан астына көгілдір газды қалауынша жағып, қыс кезінде жылы бөлмеде қыз-қыз қайнап отырған сәттерінде осы бір күнді әрдайым елжірей еске алатынын ойладық. Алау газдың жалқындана, жарқырай жанған оттығы енді мәңгі лаулай берсін деп тіледік іштей.

Жамбыл ауданы.
Рәтбек ТЕРЛІКБАЕВ, 81 жол

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318