Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
4377 0 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 08:59

Ташкент қаласында Ашхабад бағы тұрғызылады

Ташкент қаласында тұрғызылатын Ашхабад бағы Өзбекстан мен Түркіменстан достығының белгісіне айналады. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедовпен кездесуінде мәлімдеді.

Мирзияев түркімен халқын Түркіменстан Конституциясы күнімен және әйгілі ақын Махтумкулидің туған күнімен құттықтады. Ақынның туған күні Өзбекстанда да кеңінен атап өтілді. Оның құрметіне көше аттары беріліп, ескерткіштер ашылды. Махтумкули көшесінде Ашхабад бағы тұрғызылады, деді өзбек президенті.

Келіссөздер нәтижесі бойынша, екі елдің мұнай-газ, энергетика, ғылым және білім, экология, көлік логистикасы, туризм және спорт салаларын қамтитын құжаттарға қол қойылды.

Журналистермен кездескен Мирзияев пен Бердымұхамедов кездесу достық көңілмен өткенін, ал қабылданған шешімдер өзбек-түркімен әріптестігін жаңа деңгейге көтеретінін мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2832
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 935
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 878