Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4518 2 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 09:10

Ауғанстан вице-президенті Дустум елден кетіп қалды

Ауғанстанның вице-президенті генерал Абдул Рашид Дустум елді тастап кетті. Дустумның баспасөзбен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ясин Хамоштың Азаттық радиосына хабарлауынша, ол емделу үшін Түркияға тоқтаған.

Вице-президенттің тағы бір жақтасы, парламент депутаты Башид Пхмад Таяндждің мәлімдеуінше, Дустум қашып кеткен жоқ, ем қабылдаған соң елге қайтып оралады. Оның денсаулық жағдайы туралы ештеме айтылмады.

Ауғанстан билігі 2016 жылы Жузжан провинциясының бұрынғы губернаторы Ахмад Ишчидің мәлімдемесінен соң тергеу жүргізе бастады. Ишчидің айтуынша, Дустумның адамдары оны ұрлап әкетіп, соққыға шыққан, сексуалдық сипатта азап көрсеткен.

Дегенмен Дустумды тергеген жоқ және оған қарсы айып тағылмады.

2008 жылы да ауған өзбектерінің жетекшісі Дустум Түркияға қашып кеткен, сол кезде де Ауғанстанда оған қарсы айыптар тағылған.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1138
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2666
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 784
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 753