Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4695 1 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 09:12

Астанадағы ескі үйлердің тұрғындары қала әкімдігін сотқа берді

Астанада 12 тұрғын қалалық әкімдік ғимараты алдына жиналып, шенеуніктерге сотқа шақырту тапсырғысы келді. Тұрғындар бұның алдында Астананың Алматы аудандық сотына шағымданған.

Тұрғындар Астана орталығындағы (Кенесары және Янушкевич көшелерінің қиылысы) 1960 жылғы екі қабатты ескі үйден "Жағалау-4" тұрғын үй кешеніне көшіру туралы әкімдік қаулысының күшін жоюын соттан сұрады. Ескі және апатты үйлердің тұрғындары көшірілетін бұл аудан әлі толық бітпеген.

Алена Кодактың айтуынша, үш бөлмелі пәтері барларға екі бөлмелі пәтер берген, "отбасылық жағдайы, мүгедектік ескерілмеген".

Тағы бір тұрғын Наталья Навицкаяның айтуынша, олар көшірілетін ауданда қаланың қалдық суы құйылатын Талдыкөл көлшігі орналасқан. Бұл көл үнемі сасып жатады. Оның иісі қалаға дейін жетеді. Өткен жылы осы сасық иіс үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сын айтқан еді.

Астана тұрғын үй басқармасындағылар болса пәтер көлеміне сай пәтер бөлінгенін алға тартып отыр. Басқарма өкілі Сәулегүл Жақсыбаеваның сөзіне қарағанда, азаматтардың құқықтары бұзылған жоқ, қала билігі апатты үйде тұратындардың жағдайын жақсартқысы келеді.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1132
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2663
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746