Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5354 2 пікір 23 Мамыр, 2017 сағат 13:48

Барнауыл қаласын "Путинград" деп өзгертуді ұсынды

Ресейдегі әкімшілік басқару депутаттығына үміткер Марина Чаузова Барнауыл қаласын "Путинград" деп өзгертуді ұсынды.

Бұл туралы "Говорит Москва" радиосы хабарлады.

"Егер біз қаламыздың атауын еліміздің көшбасшысы, еліміздің ғана емес, дүние жұртының көшбасшысының (Ресей Президенті Владимир Путинді нұсқап отыр.-ред.) есіміне өзгертетін болсақ, қаламыздың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Тек сол кезде қаламыз гүлденіп, дамитын еді. Бюджет те өсіп, адамдар да мейірімді бола түсетініне сенемін", - дейді орыс саясаткері.

Орыс қаласындағы әкімшілік басқару орынандағы депутаттықтан дәмелі Марина Чаузова дейтін саясаткер солай депті. Оның айтуынша,  атауды өзгерту, қаланың дамуына жаңа серпін береді-мыс. Өз сөзінде, үміткер ханым Петербор мен Екатеринбургті мысалға келтіріпті.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406