Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 24850 104 пікір 24 Мамыр, 2017 сағат 11:41

Латын әліппесіне барар жолда...

Ең жоғарғы сана иесі Ұлы Жаратушы-Алла, Алладан кейінгісі Адам. Алланың адамға берген ең ұлы сыйы санамыздың арқасында Адам Атамыздың қарашаңырағының иелері қазақтар жер бетінде алғаш рет  Руларға (Аталарға) таңба белгілеуді, санауды, Руна (Ру Ана) және Сына жазуларын дүниеге әкелді. Аспандағы күнге Күн, айға Ай, жерге Жер, жымыңдаған жұлдыздарға Жұлдыз, таң жұлдызына Шолпан, бір орнынан қозғалмай адасқан жандарға бағыт-бағдар сілтейтін жұлдызға Темір Қазық (Қазақ) т.т. деп ат қойды. Ұранға Алашты шығарды, таңбаға «Күн» мен «Айды», «Садақ тартып тұрған салт атты» мен «Шаңырақты», «Тіл» мен «Жебені» алды. Тауын Ақтау, Қаратау, Алатау, Қазығұрт (Қазық жұрт), Тәңір, Алтай, Қапқаз, Мұңалжар, Алып (Альпі), Шыңғыс, Әбілқайыр; суын Азау, Қас би, Арал, Балқаш, Байкал, Балтық т.т. деп атады.

«Алаш – Алаш болғанда,

Ала тай ат болғанда.

Таңбасыз тай,

Енсіз қой болғанда,

Алаш хан болғанда...» дейтін сөздер Алаш жайындағы аңыздың меншікті мүлкі қалыптаспаған (тайға таңба баспайтын, қойға ен салмайтын) заманнан келе жатқанын аңғартады». (Қазақтың көне тарихы. 27 бет). Алаш – Қазақтың ұраны. Ұранға шығу үшін елің болуға тиіс. Қазақ Алашты ұранға шығарып отыр. Демек, Қазақтың тегі Алаштан да, Алты Алаштан да көп әрі де жатыр.

Тағы бір көне жырда:

«Алшын, Алшын болғалы

Әлім еді ағасы,

Шолпан еді анасы» деп жырлайды Ата шежіреміз. Шолпан жұлдызының екінші атауы таң жұлдызы. Шолпан анамызда, таң мезгілінде ғана көрінетін Шолпан жұлдызы да бастау текті білдіреді. Қазақтың қыз-келіндері тағатын әшекейлерінің «Шолпы» деп аталатынының сыры осы. Демек, ең алғаш «шолпы» таққандар солар, яғни «авторлық» құқық Шолпан анамыздікі.

«Маңғыстау Машайықтың жатқан жері,

Ағарып аппақ таңның атқан жері.

...Маңғыстау Машайықтың жатқан жері

Ашылған абыройын жапқан жері.

Жер жүзін жел маямен жеті айналып,

Ауғанға Асан бидің асқан жері» (Түмен Балтабасұлы (1884-1957) «Маңғыстау»). Қазақ Машайық деп, Әулие-пірлерді айтады.  «Ағарып аппақ таңның атқан жері» - Адамзат мәдениетінің бастау алған жері. «Ашылған абыройын жапқан жері» - Ұят дегеннің не екеніне саналары жетіп, алды-артын жапырақпен, терімен, киіммен жапқан жері. «Жер жүзін жел маямен жеті айналу» - Жер бетінде қазақ мәдениетінің тарамаған жері жоқ деп отыр.

«Мен Адайдың Ақтаны,

Сөйлеген сөзім тақталы

Сөйле» десең жыршыңыз

Алдарыңда жортақтар.

Туған айға ат берген,

Ақ қағаз бен хат берген

Екі ерін мен тіл-таңдай

Сөйлесін деп жақ берген.

Айтқан сөзге түсінбес

Адамның мисыз ақымағы» (Ақтан Керейұлы (1850-1912) Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет). Атамыз аспандағы Айға «Ай» деп ат қойғандар, Ақ қағаз бен хатты ойлап тауып, алғашқы  хат жазғандар және ең алғашқы тілі шығып сөйлегендер  біздің аталарымыз, яғни бұл ұғымдардың бәрінің «аптырлық» құқығы Қазақ халқында жатыр деп отыр. Мұндай мысалдарды ежелгі шежіре-дастандарымыздан көптеп келтіруге болады. Демек, бүткіл жер бетіндегі жер, су, тау, елді мекендер мен ұлт атауларының қазақ рулары атауымен сәйкес келуі де бекерден-бекер емес. Осыған сәйкес, Біз қолданып жүрген атаулар, дыбыстық таңбалар мен сандардың бәрі осы атауларды ойлап тауып, дүниеге әкелген ұлы аталарымыздың есімі.

Ежелгі Қазақ Алып биінде (Әліппе) осы қағида толық сақталған. Сол үшінде кейде біздер, санның орнына 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Г, 5-Ғ, 6-Д, 7-Е, 8-Ж, 9-З, 10-И, 11-Й, 12-К, 13-Қ, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Р, 22-С, 23-Т, 24-Ү, 25-Ұ, 26-У, 27-Һ, 28-Ш, 29-Ы, 30-І  деген дыбыс таңбаларын қолданамыз.  Адамзаттың жетпіс мың жыл ғұмырындағы ең алғашқы әлемдік ұлы держава Қазақ қағандығының  қолданған дыбыстық 30 таңбаcы осы. Бұл 30 таңба әлем тарихындағы адамдардың, елдердің, мемлекеттердің, қағанаттардың дүниеге келу рет санымен толықтай сәйкес жасалған. Біз сол әліпби әлемінде өмір сүріп келеміз. Әліпби – халықаралық жағдайда түрлі мемлекеттердің, ұлттардың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыратын және олардың шыққан тегін анықтайтын құрал.

Кітапханаға бара қалсаңыз қажет әдебиеттер тізімі әліпби қатарымен реттеліп, жиналады. Бұл келушілер мен кітапхана қызметкерлері үшін де өте ыңғайлы. Әліпби тізбегімен медициналық карталар жинақталады. Науқастың ауру тарихы жайлы хабар оның Ата тегінің алғашқы әрпі бойынша тізімге ілінеді. Атлас (карта), анықтама, телефон кітапшалары, күнделік, қала, аймақ аттары түгелдей әліппе тізбегіне бағынады. Тіпті, ұялы телефонымыздағы адамдардың аты-жөніне  дейін әліппе қатарымен тізіледі.

Әлемнің барлық елінде, сондай-ақ өзіміздің мемлекеттік мекемелерге тиісті базалардағы ақпарат осы заңдылық негізінде сақталады, анықталады. Демек, әріптер Әліпби қатарымен де,  Адамзаттың Ата тек шежіресіне де сай болуға тиіс.

Егер Біз осы таңбалардың орнындарын ауыстырып,  таңбаларды 30-дан аз, немесе көп ететін болсақ, жаңа енгізген Әліппе бізді Қазақи болмысымыздан, Ата тарихымыздан ажыратып жат елдің мүддесіне қызмет жасайтын болады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген әрбір таңбаның сырын, бүкіл қазақ баласына Ата шежіремізбен  салыстырып зерттеуді ұсынамын!

Қазақтың дыбыстық таңбалары: 1.А,Ә,Е,   2.Б,П,  3.Г,Ғ,К,Қ,   4.Д,Т,   6.Ж,З,   7.И,Й,Ы,І,  8.Л, 9.М,   10.Н,Ң,   11.О,Ө,    12.Р, 13.С,Ш,    14.Ү,Ұ,У,  15.Һ.  болып, 15 топқа бөлінген. Әр топтың бірінші әрібі бастауы, қалғандары сол топтың толысқан жалғасы. Қазақ Алып биінің кереметі, барлық таңбалар мен буындар осылай 15/15 болып белгілі бір математикалық жүйеге, яғни Адам Атамыздың шежірелік жүйесіне сай орналастырылған.

Қазақ Әліппесінде  толып, толысқанды білдіретін 9 дауысты дыбыс бар:  1.а, 2.ә, 3.е, 4.о, 5.ө, 6.ү, 7.ұ, 8.ы, 9.і. Дауысты дыбыстар Аталық текті білдірсе, жіңішке дауысты дыбыстар әйел мен баланы білдіреді. Адамзат болмысының барлығы осылай табиғатпен тұтастықта жаратылған.

Ежелгі қазақтар да, солардың ізін жалғастырған Алаш арыстары да Алып биді (Әліппені) осылай жасаған. Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов атамыздың  басшылығымен жасалған соңғы Әліппеміз де осы қағидаға сай болған.

Кірме әріптер:   в, ё, ф, х, ц, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я барлығы 12 әріп. Тәжрибе көрсеткендей, бұл таңбаларды іс жүзінде қолданыста болмады десе де болады. Бірлі-жарлы қолданысқа енгендері тіліміздің шұбарланып, бұзылуына ықпал етті. Демек, таңбамызға реформа қажет.

Жалпы әліппе әріптері төмендегідей жолдармен дүниеге келеді.

Біріншісі, Ұлы Жаратушы – Алланың жаратқан саналы тіршілік иелері Адам Ата мен Ауа Ана ұрпақтары (Ад қауымы)  арасында табиғи жолмен келуі. Бұл топқа бірін-бірі Адам және тілдерін Ана тілі деп атайтындар арасында, Рулық таңбалардың негізінде дүниеге келген Руна (Ру Ана) және Сына жазбалары жатады.

Екіншісіне, Ад қауымының өсіп, өніп, көбейіп, ұлтқа (мемлекетке) айналған ұрпақтарының арасында алдыңғы Ана тілді негізге алып, жаңадан туындаған әліпбилер тобы жатады.

Үшіншісі, жаулаушы елдердің зорлықпен енгізген Әліппесі.

Төртіншісіне, тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық негізде Әліппенің қайта жаңғыртылуы жатады. Демек, Біз Елбасымыз айтқандай, Әліппемізді шын ниетімізбен ұлттық тұрғыдан жаңғыртатын болсақ, бізге бұл мәселе де «Жеті өлшеп, бір пішу» тәсілін қолданғанымыз жөн болады.

Қазақтың-әріп таңбаларының рет саны Адамзат баласы мен олар құрған қағанаттардың (империялардың) дүниеге келу, есею және әлем елдері тарихының қалыптасу кезеңін көрсетеді. Бір, екі, үш; А,Ә,Б; Ата, Әке, Бала, т.т. болып  сан мен әріп шежіре-тарихқа сай қатар өріледі.

Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?

 

  1. А – дыбысы Алып бидің де (Әліппе), сонымен бірге барлық дүниенің де бастауы.

Бір санының дыбыстық-таңба  атауы «А» - негізгі мағынасы Ата мен Ана.

Қолдану аясын саралар болсақ:  1.Аб (Аба, Абыл мен Қабыл), 2.Ағ (Аға), 3.Ад (Ада, Адай,

Адам), 4.Аж (Ажа, Абысын-Ажын), 5.Аз (Ази, Азия, Аза, Қаза, Қазақ, Қазақия), 6.Ақ (Ақиқат, Аққа - Құдай жақ), 7.Ал (Алла),  8. Ам (Аман) 9.Ан (Ана, Сана), 10.Ап (Апа), 11.Ар (Ара), 12.Ас (Аса жоғары), 13.Ат (Ата, Атай, Атам), 14.Ау (Ауа, Ауа Ана), 15.Аш (Аша, Алаш, Алты Алаш, Алаша). Барлығы 15 түбір сөз. 30 таңбаның тең жартысы.

«А» таңбасы атына сай жасалған. Ер мен әйелдің басы қосылып, бел жағы бірігіп тұр. Зер салып қараған адамға Ер адамның жіңішке, әйел адамның жуан болып белгіленуінен, әйелдердің  дүниеге ұрпақ әкелетінінің де меңзеліп тұрғанын байқар едік.

 

  1. Екі санының дыбыстық атауы «Ә» - Әже мен Әке. Демек, ежелгі қазақ хандары мен қағандарының бастарына киіп жүрген «Тәжі» әжемізге, яғни әкелеріміз бен шешелеріміздің аналарына деген құрметтерінің ең озық үлгісі болып тұр. «Әркімнің әкесі өзіне Әз әулие» деген сөз де содан бері жалғасын тауып келеді.

1.Әб (Әби, Әбес, Әбестік жасама), 2.Әд (Әділ, Әділет), 3.Әж (Әже, Тәж), 4.Әз (Әз әулие, Әзиз), 5.Әй (Әйел, Бәйбіше), 6.Әк (Әке, Әккі, Әкім), 7.Әл (Әлі, Әлді, Әлсіз, Әлем), 8.Әм (Әмеңгер, Әмбебап), 9.Ән, 10.Әң, 11.Әп, 12. Әр, 13.Әс, 14.Әт, 15.Әу (Әуе, Әу демейтін қазақ жоқ). 15/15 болып тұр.

Төртінші санатта тұрған Әз әулиеміз бүгінгі Қазақ атанған елдің түп атасы болады. Әз әулиенің де моласы Маңғыстауда, Ман Атаға жақын маңда.

Ежелде, Каспий – Әбескүн теңізі деп аталған. «Авестаның да» тегі де осы. Әбестік жасама деген сөз.

 

  1. Үш санының дыбыстық атауы «Б» - Бала. Ал, ала, бал, бала деген біріккен сөздерден

тұрады. «Б» дыбысынан қарабала,  балапан, Балтық, Баласағұн, Балық,  Балықшы т.т. ұғымдар дүниеге келген. «А» - Ата, «Ә» - әке, «Б» - бала делініп Әліппенің үшінші дыбыс таңбасын береді.

Мысалы, «Б» дыбысынан басталатын «бұлт» деген сөзді алайық. Бұлт – өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі ұлт. Бұлт аспанда, ұлт жерде. Жер бетіндегі ұлттар да, тура аспандағы бұлт сияқты дүниеге келіп, жел айдаған кезде жөңкіле көшіп, біресе ыдырап, біресе қайта қосылып, немесе жойылып та жатады. Бұлттың құрамы бу, қозғаушы күші жел. Ұлттың құрамы адам, қозғаушы күші ел (ру). Демек, екеуі қатар өріліп тұр.

1.Ба (бала), 2.Бә (бәйге,бәйбіше), 3.Бе (Бек, бел, бер, безбен), 4.Би (билік), 5.Бо (боз, боздақ, Бозашы), 6.Бө (бөрі), 7.Бү (бүгін, бүтін), 8,Бұ (Бұз, Бұзау, бұзылу (бұзылу осы сегізден басталады), бұрын), 9.Бу (буаз, буда, бура), 10.Бы (быж), 11.Бі (біл, білім).

1.Баб (Баба, Ата-баба, Сайранда бар сансыз бап), 2.Бағ (баға, баған), 3.Бад (бадан), 4.Баж (баж салығы, бажа), 5.Баз (базар), 6.Бай (Он екі Ата Байұлы), 7.Бақ (Бақан, Бақыт), 8.Бал (Бала, Балапан) 9.Бан, 10.Бап (Арыстанбап), 11.Бар, 12.Бас, 13.Бат (Батыр), 14.Бау (Бау бақша), 15. Баш (Башақ). 30 таңбаның 15/15-ін құрайды.

Бір, екі, үш – Ата, Әке, бала. Мұны кімде-кім кездейсоқ сәйкестік деп ойлайтын болса қатты қателеседі. Егер біз осыдан латын әрібіне өтіп, онда «Ә» таңбасы болмайтын болса, бұл қазақ балаларының некесіз, яғни әкелерінің кім екенін білмей дүниеге келген дегенін білдіретін болады.

Кейбір Латын әліпбиінің нұсқаларындай «А» мен «Ә»-ні бір таңбамен белгілеу де дұрыс болмайды. Ата мен Әкенің бір емес, екі буын ұрпақ екендігіне қандай дау бар.

Біз өтеміз деп отырған Әліппемізде осы қағида міндетті түрде сақталуға тиіс. Әйтпесе, Адам Атаны жаратқан Ұлы Жаратушы – Алла емес, біз маймылдан жаралдық, атамыз айуан деп мойындаған болып шығамыз.

 

  1. 4. «Г» - Гүл – үлбіреген қыз бен бозбала. Гүл – Гу (Қу) мен Ұл деген екі біріккен сөздер тұрады.

Г-ден басталатын сөздер: 1.Га (Га-Га, Газ), 2.Гә (Гәп, Гәкку), 3.Гө (Гөй-Гөй, Гөрі), 4.Гү (Гүл, Гүж-Гүж, Гүрс-Гүрс, Гүріл), 5.Гу (Гуле, Гулеген жел, Гу-Гу әңгіме)). Демек,  5 деген баға «Гу-Гу әңгімеге» беріліп тұр. Бірінші буында осы бесеуінен басқа сөз жасалмайды. Адамзаттың даму, есею кезеңін білдіріп тұр.  

 

  1. «Ғ» - Аға. Ға (Аға, Ғажап, Ғалам, Ғалым, Ғарыш, Ғасыр, Ғашық), 2.Ғи (Ғибрат), 3.Ғо (Ғой),

4.Ғұ (Ғұмыр, Ғұлама), 5.Ғы (Ғылым). Осы бес түбірден басқа сөз жасалмайды.

Сонда бес деген баға Он сегіз мың ғаламның құпия ғылымдарын меңгерген бесінші Аға буын ұрпақ Ақпандарға беріліп тұр.

 

  1. «Д» - Ад қауымы. Дана мен данышпан, яғни бүкіл адам баласына Ада (Ата) болған осы қауым. Адам Ата қауымы мен Алты Алашымыздың бастауы осылар.

1.Да (Дай, Дақ, Дала, Дау), 2.Дә (Дәйек, Дәм, Дәрі-дәрмек), 3.Де (Деген, Дене, Дерек), 4.Ди (Дияр, Дидар, Диқан), 5. До (Добал, Дода), 6. До (Дозақ, Дойбы), 7.До (Доп, Домалақ, Долана, Домбыра),  8.Дө. (Дөнен, Дөкір, Дөрекі), Дөң, 9.Ду (Дулыға, Думан), 10. Дұ (Дұға, Дұрыс), 11.Дү (Дүп-түзу, Дүние, Дүлей, Дүкен), 12. Ды (Дыбыс, Дыбыр), 13.Ді (Дігір, Дік, Дін, Діл, Діт). Он үш түбір сөз жасақталып тұр. Ад қауымы осы ұғымдардың бәрінің атасы, яғни бүгінгі тілмен айтқанда «аптыры».

Өздеріңіз көріп отырғандай, жеті (алғашқы жеті буын ұрпақ) айналасы теп-тегіс, доп-домалақ болса, сегіз дөнен шығып, дөкірленіп, айналасының бәріне дөрекілік танытып тұр.

Демек, «Д» таңбасының алтыншы болып орналасуы бекерден-бекер емес. Алты Алашымыздың бастауы осы Ад қауымы болып тұр.

Таңба толықтай атына сай жасалған. Біріне бірі жалғанған алты сызықтан тұрады.  Мұны кімде-кім кездейсоқ сәйкестік деп ойлайтын болса қатты қателеседі. Алаш арыстарының жасаған жазуы мен сызуы, нүктесі мен үтірі бәрі-бәрі шежіреге сай жасалған.

 

  1. «Е» – дыбысы Ер, Еркек, Әке деген мағына береді. Біз оны «ер-азамат» деген сөз

тіркестерінен айқын көре аламыз. «Е» таңбасынан басталатын 1.Ед, 2.Еб, 3.Ез, 4.Ей, 5.Ек, 6.Ел, 7.Ем, 8.Ен, 9.Ең, 10.Еп, 11.Ер, 12.Ес, 13.Ет, 14.Еу, 15.Еш. Барлығы 15 түбір. Ары қарай жем, сем, кем,  ерен ерлік, ереже, ер-жүген, еру, ерулік, ерік, Ер Қосай, Ер Тарғын, Ер Шабай, Ер Жанақ, Ерман, Ерлан, Ерсайын т.т. осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Енді осылардың үстіне жердің түбірі Ер, аспандағы жердің серігі Ай, жер де ердің серігі әйел екенін қосып қойсаңыз тіптен де жаңылыспайсыз. Қасиетті жеті саны туыстығы бөлінбейтін тек қана Ер-азаматқа байланысты.

«Е»-ге «А (Ата)» жалғанып сөз жасалмайды. Себебі жетінші буындағы ұрпағы Атасының алдына шыға алмайды.

Алаш Әліппесінің шежіреге сай жасалғаны соншалық, жетінші буын Бұзау-Жеменейлер адамдардың дертіне дауа болып, емхана ашып, ем жасап, емші атанып, емендей мықты мемлекеттер құрса, сегізінші буында семиттер Ата жұрттан енші алып бөлек шығып тұр.

«Ер» атына заты сай жетінші буын ұрпақ. Яғни 1.Ата, 2.әке, 3.бала, 4.немере, 5.шөбере, 6.Шөпшек, 7.Немене. Немененің түбірі «емен» болып, Жеменеймен түбірлес болатыны осыдан. Тауратта 500 рет айтылатын қасиетті 7-нің сыры осы.

Таңба толықтай атына сай жасалған. Біріне бірі жалғанған 7 сызықтан тұрады.

 

  1. Ж – қасиетті жеті саны, яғни туыстығы бөлінбейтін Бұзау-Жеменейдің есімін береді. 1.Жа (Жаб, жабу, жап (канал), Жаптың басы (Жаппас), Жары, Жапон), 2.Жә (Жәм), 3.Же (Жем, Жер), 4.Жи (жина, жиырма), 5.Жо (жол), 6.Жө (жөн), 7.Жү (жүр, жүрек), 8.Жұ (жұт), 9.Жу (жуан, Жуды (Қазығұрт тауының ежелгі атауы), 10.Жы (жыл, жылдам, жыр). Барлығы он түбір сөз.

1.Жаб, 2.Жағ (Жаға), 3.Жад, 4.Жаз, 5.Жай, 6.Жақ, 7.Жал, 8.Жам, 9.Жан, 10.Жаң, 11.Жап, 12.Жар, 13.Жас, 14.Жат, 15.Жау. 30-ға 15/15 болып тұр.  Жердің де түбірі ер болып, Ж-дан басталатыны осыдан.

«Ж» дыбысының сандық атауы сегіз осы жетіден бөлінеді. Алтыншы болып тұрған «Жақ» деген сөзімізде  Қазақтың «Жаңылмайтын Жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» және соңғы Жат пен Жауда адамзаттың тарихи шежіресінің ақиқаты жатыр. Бөлінудің соңы жаулыққа айналып тұр. Батыстықтардың ауыздарынан тастамайтын «Секс» деген сөзінің сегіз саны атауымен түбірлес болатыны осыдан. Бұл қазақ баласын нәпсісіне ие бола алмайтын матриархатқа апаратын тіке жол.

«Ж» таңбасы «бөліну» деген атына сай бірінің үстіне бірі қойылған екі бірдей «Тіл таңбаның», «Жебелі садақтың» бейнесін береді және ол сегіз сызықтан жасалған. Бұл таңба бізге қарашаңырақта қалғаны да, бөлінгені де Дарвин айтқандай маймылдан емес, бәрібір осы Жеті аталық жүйеден тарайды дегенді білдіріп тұр.

 

  1. «З» - Аз (Қаз, бүгінгі атауы Қазақ). Жер бетіндегі ең ұлы құрылықтың Азия деп аталатыны осыдан. Қазақияның түбірі Азия болатыны да осыдан. «3» таңбасының тоғызыншы орынды иемденіп, үш еселенген Қосай атамыздың қауымы атауын беретіні де осыдан. Бір нәрсені есімізде мықтап сақтағыларымыз келсе 3 рет қайталайтындарымызда осыдан. 3 саны мен З таңбасының ұқсас болатыны да осыдан. Ұқсас деген сөздің түбірі Нұқ атамыздың есімі түбірімен ұқсас болатыны да осыдан. Осы «З» дыбысынан туындайтын Заң, закон деген ұғымдардың Нұқ пайғамбар кемесінде толық орнағанында айқын бағамдауға болар. А-1, З-9, яғни 1 мен 9 қазақтың сөз түбірі Аз (Азия (әлемдегі халқы көп ең үлкен құрылық), Қазақия) елі атауын құрайды. 9 санының толып, толысқанда білдіретіні де осыдан.

1.За (Зағип), 2.Зә (Зәңгі), 3.Зе, 4.Зи, 5.Зо (Зор), 6.Зу (зу етті, зуыл), 7.Зұ (Зұлпыхар (қылыш)), 8.Зы (Зымиян, Зындан), 9.Зі (Зікір, Зіл). Бірінші буында осы тоғыздан басқа сөз жасалмайды. Бір-соқырдан басталып, Зікірмен аяқталып тұр.

1.Заб (забыр (бұлақ көзі, Забур жырлары), 2.Зағ (зағип, Зағира), 3.Зад (зада), 4.Зай (зайып, зайыр), 5.Зак (Закария пайғамбар), 6.Зақ (зақым, жарақат), 7.Зал (зала, зілзала), 8.Зам (заман, Заман ақыр (Ақырзаман), 9.Заң (заңгер), 10.Зап (запы болу), 11.Зар (зарар, зар заман), 12.Зат (адамзат), 13. Зау (заузат). Бір – бұлақ көзінен басталып, Он екіден кейін адамзат заузатына зауал келіп тұр. Міне Біз қазір  сол зауал шақты (Аталық тектен безіп, матриархатқа апаратын гендерлік саясаттың жемісін) бастан өткізіп жатырмыз.

Осы тоғызыншы «З» дыбысына қатысты аса көңіл аударатын жағдай, соңғы кездері «Қаз» деген ел есіміміз латын таңбасымен «KZ» болып белгіленіп жүр. Бұл қазақтың өткеніне жасалған аса ауыр қиянат. Себебі,  Қаз дегенімізде Қ мен З-ның ортасына «А (Ата)» деген таңбаны салмай кетсек, бұл біздің Адам Атамыздың қарашаңырағын сақтай алмай, мәңгүртке айналып кеттік дегенді білдіреді.

Мысал үшін алар болсақ, Арап, Ағылшын, Армения, Азербайжан т.т. сол бастауды өз елдерінің аттарында сақтап отыр. Ал, Біздің латыншыл «білгіштер» ел атын толық күйінде «Қаз» деп атаудан да қашып жүр.

Қазақтың сөз жасау жүйесінде ең бірінші болып кез-келген таңбаға әр таңбаның шығу тегіне қарай барлық таңбалар, содан кейін сол таңбаға «А (Ата)» таңбасы жалғанып барып сөз жасалады. Және бұл қағида да Адам-Адам болғалы бергі барлық шежіре-тарих осы бір ғана дыбыстық таңбамен, бір буынмен, бір ауыз сөзбен шыққан тегін дәлме-дәл көрсетіп отырады.

Бізді дүниеге әкеліп, біз үшін жандарын шүберекке түйіп жүріп хандықтар мен ұлы қағандықтар (империялар) құрған, бізге мына ұлан байтақ алып Қазақстанның Ұлы даласын қалдырып кеткен Ұлы Аталарымыздың аруағы үшін барлық қазақ баласына осы мен келтірген деректерді зерттеп, зерделеуді ұсынамын!

 

  1. «И» – Адам Атаның қарашаңырағы Мұңалдар, яғни «Мұңал ошақ» деген сөз.

Мына дыбыстың кереметі «И»-ден басталып, оған «А (Ата)» дыбысы жалғанып бірде-бір сөз жасалмайды. Себебі, оныншы буындағы баласы Атасының алдына шыға алмайды.

Тіршілік иелерінің ішінде А-ның алдына И-ны салып,  «Иа, Иа, Иа-а-а-а-а» деп ақыратын жалғыз ғана есек деген жануар бар. Ұлы Аталарымыздың есектен мисыз мақұлық жоқ дейтіндері осыдан. Есектің күші адал болса да, етінің арамға шығарылғанының негізгі сыры осы.

1.Иә, 2.Иб (Иба), 3.Иг (Игі), 4.Ид (Иді, басын иді), 5.Ие (Әулетке иелік етті), 6.Из (басын изеді), 7. Ик (Икем), 8.Ил (Илеу), 9.Им (имену), 10. Ин (Инабат), 11.Ир (Ирек), 12.Ит (Ителгі), 13.Иш (Ишара), 14.Иы (Иық), 15. Иі (Иілу). 30 дыбыс-таңбаға 15/15 болып тұр.

Иә (алдындағы 10 буын Аталарды  растайды, мақұлдайды), Иба (олардың алдында иба сақтайды (ізет білдіреді), атадан қалған дүниеге ие болуды  игереді, игілік істерді жасайды, ұрпақтарын иманды болуға тәрбиелейді т.т.

«И» таңбасы атына сай жасалған, екі бағана, яғни ұл мен қыз, Ата мен Ана сияқты белінен емес, ұлдың аяқ жағы мен қыздың бас жағын жалғап тұр. Және қыз бала екінші болса да, оның дәрежесі ұлдан биік екенін, қазақ қыздарының орны төрде болатынын және адамзат ұрпағының әйелдер арқылы жалғасатынын көрсетіп тұр.

 

  1. «Й» – ұрпағы, баласы (ұлы, қызы), өмірдің жалғасы.

Он мен он бірдің дыбыстық таңбасы «И мен Й» айырмасы - біріншісі қарашаңырақ дегенді білдірсе, екіншісі ұрпағы, баласы, (ұлы, қызы), өмірдің жалғасы... Ежелгі ұлы ғұламалардың барлығы дерлік, қазіргі «Ов, ев, ич»-тердің орнына «И,Й» дыбыстарын қолданған.

«Й» таңбасының да соңына «А (Ата)» жалғанып сөз жасалмайды. Бұл жерде де ұрпағы Атасының алдына шыға алмайды.

Латын әліпбиінде «И мен Й» дыбыс-таңбаларының болмайтын себебі, олар өз тектерін Атадан (патриархаттан) емес, матриархаттан таратады. Ал, матриархат қоғамында әкенің кім екені белгісіз болады.

 

  1. «К» - негізгі мағынасы «Әке». Бұл таңбаның осыған сәйкес Кен, Кеншін  (Алшынның інісі), Кең

(кең дала), Күн деген де мағыналары бар. Күн - Қазақтың Қу және Үн деген екі біріккен сөзінен тұрады.

Мына дыбыстың кереметі қазақ та «К»-ден басталып, оған «А (Ата)» жалғанып бірде-бір сөз жасалмайды. Себебі, әкесі Атасының алдына шыға алмайды.

1.Кә (Кәрі), 2.Ке (Кел, Кет, Кері, Керек, Әке),  3.Ки (Киім, Кимешек), 4.Кө (Көк, Көген, Көбе, Көбік, Көз, Көпір, Көш), 5. Кү (Күй, Күйеу, Күл, Күн, Күп), 6. Ку (Куә), 7.Кі (Кідіру, Кісі, Кіші, Кіндік). Жеті Аталық жүйеге сай осы жетеуінен басқа түбір сөз жасалмайды.

Ежелгі әлемдік ең ұлы держава Қазақ қағанатының өзегін Он екі ата Байұлдары құраған. Олардың қазақтың рулық шежіресінің ең соңында тұрып, қазақтың қарашаңырағы атанып жүргендері осыдан. «К» таңбасының он екінші орынды иемденетіні де осыдан. Осыған сәйкес қазақтың ірі рулық бірлестіктерінің бәрі 12 Атадан құралған.

Сондықтан, өтеміз деп отырған дыбыстық таңбамыз Атам Қазақтың шежіре-тарихына сай жасалуы керек.

Ұсынылып жүрген нұсқалардағы «К» мен «Қ»-ны бір таңба ретінде белгілеу дұрыс болмайды.

 

  1. «Қ» - Адам Атаның қарашаңырағы Қазақ және Қара (Ақ (қар) пен Қара, Қарқара) деген сөз.

1.Қа (Қаб, Қабырға, Қағба, Қад, Қаду (Үндіс тайпасы)), 2.Қи (Қия, Қиян (Қият), Қимақ), 3.Қо (Қобаң жұрт, Қобыз, Қожа, Қосай), 4.Құ (Құда, Құдай, Құдағай), 5.Қу (Қу Адай әке (Құдайке), Қуат, Қуман,  Қуан), 6.Қы (Қыз, Қызу). Осы алтауынан басқа түбір сөз жасалмайды. Бұл Қазақ қағанатының Ад қауымының жалғасы  және Алты Алаштың Ағасы екендігін көрсетеді.

1.Қаз (Қазар, Қазан, Қазақ), 2.Қай (Қайсақ, Қайы тайтпасы), 3.Қақ (Ортасы), 4.Қал (ың), 5.Қам (бар), 6.Қан (Қаған), 7.Қаң (Қаңлы, Қаңға баба), 8.Қап (Қапқаз), 9.Қар (ақша қар, қара, қарқара), 10.Қас (Сақ), 11.Қат (Қатын,  Қат-қабат), 12.Қау (лау), 13.Қаш (қар). 13/13 айналасы жұп-жұмыр болып тұр. Бұлардың бәрі осы біздің қазақтың балама атаулары.

«Қ» таңбасынан Адам Атаның белінен шыққан Қошқардың мүйізі мен Аттың тұяғын айқын көре аламыз.

 

  1. «Л" – Лала (Адам Атаның баласының баласы мен қызы) деген сөз. Бұл ары қарай Лала

(гүл), Лақай (этнос), Латын болып жалғасып кетеді. Қазақтың  «лақты ешкісі» атауында да осы Лақайлардың «аптырлық құқығы» жатыр.

Лақайлар мен Текелер заманын да көптеген елдер, елді мекендер Теке деп аталған. Теке мен Лақи - Ру аттары. Ежелде қазіргі Батыс Қазақстандағы Орал қаласы Теке, Албания астанасы да ежелде Текеран, ал Иран астанасы күні бүгінде де Тегеран (Текеран) деп аталады.

Трагедия сөзі грек тілінде «текелер әні» деп аударылады. Демек, бәрінің шығу тегі бір қайнардан. Бәрі-бәрі бастауын қазақ даласы мен оның шежіресінен алады. Қазақта Теке деегн ру бар. Көрші Түрікпеннің де бір руы Теке деп аталады. Қазіргі Иран мемлекетінің негізін кезінде Дайлардың Аршақ деген бір атасының қалағаны барлық жазба деректер де айтылған.  Демек, Аршактың руын Теке деп батыл айтуымызға толық негіз бар. Себебі, мемлекеттің негізін қалаған ежелгі рулар, астанасына өз аталарының есімдерін қойып отырған.

Лақайлар өздерін «біз өзбек те, тәжік те емеспіз, біздерді жеке, дербес түркі халықтарының бірі деп тану керек» деген мәселені әр кездерде көтеріп келеді. Меніңше олардың кезінде солай болғанына дау болмаса керек. Әйтпесе, көптеген әлем елдерінің құрамында Лақ, Лақай атты ру, тайпа мен елдер болмаған болар еді. Мысалы, солардың бірі Лаки деген атпен Қазақтың Қап тауындағы Дағыстанның жергілікті халқы саналады. Лакия деп те аталады. Оған Лақ және Құлын аудандары кіреді. Кезінде олар Имам Шамилдің ең сенімді серіктері болған. Лақтарда қазақтар сияқты бірін-бірі адам деп атайды. Исламның суннит тармағына жатады.

Лақай (Лақ, Лақи, Лақия, Лакое, Лақау)  атты ру мен тайпа өзбектер де, қарақалпақтың қыпшақ арысы ішін де, қырғыздар да, қазақтың қоңыратында және т.б. бар. Қарақалпақ лақайлары өздерін Қара бабадан таратады. Лақайлар Дағыстан да (Ресей), Тәжікстанда және Иранда жеке этнос саналады.

Лақайлар қазақтың төл ұрпағы. «Алпамыс батыр» жырында Алпамыстың тегі қазақ екені және оның руы Қоңыраттың Лақайы екендігі айтылады.

Қазақтың қысқы бас киімі малақайдың да, алақай мен солақай деген ұғымдарының да авторлық құқықтарын осы Лақайларға (Ман Лақайларға) берсек тіпті де жаңылыспаймыз.

Ла – 1.Лаб (Лабақ), 2.Лағ (лағыл, лағман, лағу, лағып кету, лағнет айту), 3.Лаж (лажын табу, лажсыз), 4.Лай (балшық), 5.Лақ (лақап, лақтыру,  лақ еткізді, ешкінің лағы, Лақайлар), 6.Лал (Лала гүл, қыз бала), 7.Лаң (лаң салу), 8.Лап (лапылдап жану, лап қою), 9. Лас (лас тірлік), 10. Лат (Латын), Латыш (Латвия) халықтары, Латын тілі, Латын әліппесі), 11.Лау (лау тарту), 12.Лаш (лашын (құс), лашық (үйшік)). Қысқасы, «Ла, Лақ» деген түбірі бар барлық атаулары мен ұғымдарының авторы осы лақайлар.

Ла – екінші буын да ала, лал (сақау), дала, жала, зала, залал, қала, лала, нала,  сала, тала, шала т.т. болып кездеседі. Демек, 14 орындағы «Ла» қазақтың алғашқы ала-құла болу кезеңі.

Қазіргі тіл ғылымында «Латын тілі балтық, герман, славян, герман, роман жəне басқа тілдер тобы енетін үндіеуропа тілдері семьясына жатады» делініп жүр. Ақиқатында, «Ла» деген түбірден басталатын Латын Амеркасының байырғы тұрғындарын, Балтық теңізі жағалауындағы Латыш және т.б. елдерді Осы біздің Лақилер мен Лақайлардың толып, толысқан ұрпақтары деп, батыл тұжырым жасай аламыз.  Демек, бүгінгі өтеміз деп отырған Латын әліппесі, Ежелгі қазақ Әліппесі болып табылады. Демек, Латын тілі мен әліппесі бастауын ежелгі Рим империясының негізін қалаған Қазақтың Жеті руынан (Етрури) алады. Қара: («Рим империясының негізін қалаған қазақтың жеті руы» http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/rim-imperiyasyinyin-negzn-kalagan-kazaktyin-jet-ruyi-82798/).

Демек, «Латын» алып биі бастауын бірінші буындағы Атадан да, екінші буындағы Әкеден де, үшінші буындағы Баладан да емес, он төртінші буындағы баланың екінші буыны Әйел мен Баладан алып тұр. Латын тілі мен таңбасының әлем тарихындағы иемденген орны осы (14-ші орын). Олардың тарих сахнасынан кету себебі де осы болатын. Матриархат - қазақ баласына қол емес. «Қатын бастаған көш оңбайды» деген мақалды Ұлы аталарымыз бекер айтпаған. Қазіргі елімізде жүріп жатырған «гендерлік» саясаттың жан-шошырлық қорытындысы осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Қазақтың әйгілі көріпкелі Мөңке би бабамыз бен Кенже Ақтан жыраудың болжамдарын еске алыңыз.

Қабылдайын деп отырған Латын әліппесі Ата тарихымызды осылай сөйлете ала ма? Қабылдайтын болсақ, дәл осылай сөйлетуіміз керек.

 

  1. М – Адам (Ата-м) деген мағына береді. М – тәуелділік жалғау. Бұл дыбыстың түпкі

мағынасы өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни Менің атам деп құрметтеуді міндеттеп отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, анам, ағам, інім, балам, немерем, шөберем, басым, аяғым, көзім, құлағым, елім, жерім, айым, күнім, жарығым, ботам, т.т. болып кете береді. Қазақта "М" дыбысы жалғанбайтын бірде-бір атау сөз жоқ.

«М» таңбасы, бұл Адамның соңғы және Манның бірінші дыбысы. Бүкіл әлем елдері Ұлы Жаратушы - Алланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін Адам және Ман деп атайды. Осы екі ұғымның екеуі де Қазақ даласының бір пұшпағы Мақыстауда дүниеге келген. Өздеріңіз көріп отырғандай Адам Атаның атын Адай, Ман Атаның атын Манқыстау (Мандардың қыстауы) ұстап отыр.

Әңгіменің қысқасы, Адам топан суға дейінгілер, Ман топан судан кейінгі Нұқ пайғамбардың қауымы. Ежелгі қазақтар, яғни Алаш ұрпақтары күні кешеге дейін, шежіре білетіндер күні бүгінде де өздерін Нұқ пайғамбар қауымынанбыз дейді.

1.Ма, 2.Мә, 3.Ме, 4.Ми, 5.Мо, 6.Мө, 7.Мү, 8.Мұ, 9.Мы, 10.Мі. «М»-нен басталатын бірінші дыбыста он түбір, яғни он буын ұрпақ.

1.Мағ, 2.Мад, 3.Маж, 4.Маз, 5.Май, 6.Мақ, 7.Мал, 8.Мам, 9.Ман, 10.Маң, 11.Мап, 12.Мар, 13.Мас, 14.Мат, 15.Мау (маубас, Мау (жаман) қала), 16.Маш (Машайық). Барлық таңбалардың ішінде 16-мен аяқталатын жалғыз буын.

«М» таңбасы Адам мен Манды жалғап, қол ұстасып тұрған Ер мен Әйелдің бейнесін беріп тұр. Атына заты сай деп осындайды айтар болар. Латынға өтер болсақ, осы «М» әрібі 15-ші болып тұруы тиіс.

Адам деген сөзіміздің рет саны 1-6-1-15 болып, 30 таңбаның тең жартысын құрап тұр. Бұл Нұқ пайғамбар атамызға дейінгі қауым. Келесі Нұқ (Ман) қауымы 16-дан басталады.

 

 

  1. Н – деген дыбыс қазақта әрқашанда Нұқ пайғамбар атамыздың есімін, сонымен қатар

Адам Атаның баласы (ұлы, қызы), ұрпағы, яғни МАН деген мағына береді.  Мысалы, Нұралин, Нұртазин, Сарин, Тәжин, Мамин, Карин т.т. болып кете береді. Үнді халқының (Индия) Ата салттарын күні бүгінде де «Ната», яғни Нұқ Ата салты деп атайтындары осыдан. Қасиетті «Неке» деген сөзімізде  Нұқ әкеміздің «аптырлық құқы» сақталатыны да осыдан.

1.На (Наз, Най, 2. Нә (Нәз, нәзік), 3.Не (немере, немене), 4.Ни (Ниет), 5.Но (Ной, Ноғай), 6. Нө (Нөпір), 7.Нұ (Нұқ, Нұр), 8. Нү (Нүкте), 9.Ны (Нық, Ныспы), 10.Ні (Ніл, Нілдей бұзылды).

  1. Нағ (Нағашы), 2.Над (Надан), 3.Наз (Назым), 4.Най (Найман, Найза), 5.Нақ (Нақ өзі), 6.Нам (Намыс, Намаз), 7.Нан (Наным), 8.Нар, 9.Нас (Насыр (жеңіс)), 10.Нау (Науа, Наурыз – ай аты, мереке (Наурыз - Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұртқа іліңгір тастаған күннен бастап тойланып келеді)), 11.Наш (Нашар).  Алдыңғысында 10/10 болып, Адам Атаның он буын ұрпағы Күнді (Қу мен Үнді) көрсетсе, екіншісінде 11/11 болып ұрпағы дегенді білдіріп тұр.

«Н» таңбасы да шежіреге сай жасалған. Адам мен Ман Аталарымыздың арасын Нұқ пайғамбар Атамыз «көпір» болып жалғап тұр.

Жаңа әліппе де Нұқ Ата қауымының «Н» таңбасын тура осылай 16-шы етіп сөйлетуге тиіспіз.

 

  1. Ң – жоқ. «Ң» – бұл дыбыстан жас сәбидің «Ңгә (Іңгә)»-лап жылағанынан басқа сөз

жасалмайды. Демек, бұл дыбыс, әлі тілі шықпаған сәби дегенді білдіреді. Бұл дыбыс сөз арасында: Аң, Аңшы, Аңғал, Маңғыстау, Маңғаз, Маңдала, Маңдай, Таңдай т.т. түрінде кездеседі. Бұл ұғымдарда жоғарыда айтқандай, адамзат дамуының бастапқы (сәбилік) кезеңін білдіреді.

Манның баласы бір жаста, әлі тілі шыққан жоқ. «Ң» дыбысынан «Ңгә» дегеннен басқа сөз жасалмайтынын осыдан.

Біз бұл қағидадан, біздің қолданып жүрген дыбыстық таңбалар мен сан атауларынан жеке адамның дүниеге келуі, тілінің шығуы, есейіп, ер жетуі, білім алуы т.т. болып қатар өрілген,  әлемдік Қазақ қағанаттарының тарихы екенін көреміз. Себебі, хандықтар мен қағанаттар, патшалықтар мен әмірліктер, мемлекеттер мен империялар да тура  адам сияқты дүниеге келеді, есейеді, өркендеуінің шырқау шыңына шығып барып ыдырап кетеді, кейін өзге (аталарының) атауымен  қайта жаңғырады.

Ал, қазіргі кейбір «білгіштер» ұсынып жүрген нұсқалар да бұл дыбыс-таңба атымен жоқ. Сөз бен Таңба дәл осылай өткен шежіре-тарихымыздан сыр шертпесе, ондай реформаның кімге, қандай қажеті бар?

 

  1. «О» – Күн таңбасы, шаңырақ және «Сәби (нәресте)» деген мағынасы бар. Ақиқатында

бұл ежелгі Күндердің, яғни Қу (Қу Адай әке) мен Үн-дердің (Мұңал) таңбасы.

1.Об (Оба, Обал), 2.Оғ (Оғлан (Ұлан)), 3.Од (Одан), 4.Ож (Ожар), 5.Оз (қатарынан озу, бес деген баға алу), 6.Ой (Ой-Арман, Ой жер, Ойық), 7.Оқ (Жебе), 8.Ол (сегізде басқа болып, бөлініп тұр), 9.Ом (Омбы, Омарта (Омар Ата, бал арасының иесі)), 10. Он (Он оқ), 11. Оң (Оң іс, оңалу, артында бар оңалар), 12. Оп (Оп-оңай, опыр-топыр), 13. Ор (Ора, Орам, Орамал, Орақ, Орыс), 14.Ос (Осы), 15. От ( От жағу, Отын, Отпан, Отан, Отбасы, Отау), Ош (Ошақ). Бұл жерде де 30-дың тең жартысын, яғни 15/15-ті құрап тұр.

«О»-дан кейін «А (Ата)» таңбасы қойылып қазақ та бірде-бір сөз жасалмайды. Себебі, сәби ешқашан Атасының алдына шыға алмайды.

Жетінші «Оқ»-та (Жебе) қарашаңырақтың иесі болса, сегіз семитте «Ол» болып бөліну бар.

Бас киіммен ойнауға болмайтыны сияқты, «О» мен де, Күн мен Сәбиден және олардан да басқа О-дан басталатын барлық ұғымдардың барлығымен  де ойнауға болмайды. О-дан басталатын ұғымдар: От, Оқ-дәрі, Оқтұмсық, Оба (ауру), Оба (мола), Омарта (бал арасы), Омырау (анамыздың төсі), Ор, Орамал, Отан, Отбасы, Одақ пен Бодан, яғни Отан және Одақпен ойнасаң бодан боласың деп тұр. Шынында да, Одақпен ойнауға болмайды. Одақтың қандай болатынын кешегі Кеңестер одағы кезінде көргенбіз. Қазіргі Кедендік одақ, Еуро одақтар түптің түбінде сол бұрынғы «шыққан» жерімізге қайта апаруы әбден мүмкін. Бұндай жағдайлар бұрында да сан рет болған. Әйтпесе біздің сөздік қорымызда «Бодан» деген сөз болмаған болар еді. Себебі, әлді мен әлсіз, яғни аз халық пен көп халық және мәдени даму деңгейлері әр түрлі елдер тең дәрежеде Одақ бола алмайды. Бұл қарапайым адамның, ұрыншақ, зорлықшыл адамдармен жолдас (сапарлас) болғанымен бірдай дүние. Тентектің алдынан «көп асқанға, бір тосқан шыққан» кезде қосақ арасында босқа кетесің. Бүгінгі санкцияға ілініп, дағдарысқа ұшырап жатқанымыз осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

        Тарих тағлымы: Сегіз саны атауын иемденген Семиттер аталы, әкелі, балалы болып жалғасудың орнына «О»-мен ойнап бөлініп кетті. Атасын – Ата деп туысудың орнына өздерін боданбыз деді, соған өздері өздерін сендіріп өзгелерді де бодан етуге барын салып жанталасып жүр. Көнбегендерін қанға бояуда.

Атам Қазақтың сөздік қорындағы «Тиме оған», «Нең бар онда», «Басқаға тисеңде «О»-ған тиме» дейтіндерінің сыры осы.

Қорытынды: «О» таңбасы алғашқы «Ад» қауымы, Күн (от) және Сәби (нәресте, балапан) деген мағына береді.  Міне осы қағидаға сәйкес «О»-ған (отқа) жолама күйіп қаласың,  «О»-ған (сәбиге, нәрестеге және сонымен қатар қарашаңыраққа) тиме, «О»-дан аулақ жүр, Не айтсаң да «О»-дан басқасын айт, яғни алғашқы Аталарға тіл тигіз бе  т.т. делінеді.

Сәби бір жастан жаңа асып, екіге шықты «О»-ған тиюге болмайды. Екі қазақтың сандық атауы, олар адами қасиеттің ең биік шыңына шыққандар. Оларға да тиюге болмайды.

Он сегіздің дыбыстық таңбасы «О» мен белгіленіп, Күн таңбасын көрсетіп тұр. Қазақтың көптеген рулары осы «O» таңбаны иемденеді. Тіпті біреуін емес, екеуін (ОО) қатар иемденетіндері де бар. Мысалы, Арғындар.

 

  1. «Ө» – Өсу мен Өлу, яғни есею, екінші кезеңге өту.Өб, 2.Өг, 3.Өз, 4.Өй, 5.Өк, 6.Өл, 7.Өм,

8.Өн, 9.Өң, 10.Өп, 11.Өр, 12.Өс, 13.Өт, 14.Өу, 15.Өш. Барлығы 15 түбір сөз. «О» мен «Ө» егіз.  Айырмасы «О»-ның ортасы шабылған (кесілген, бөлінген), яғни арасына шекара қойылған. Ежелде бәрі тоғыз-тоғыздан есептелген. «О» мен «Ө» сияқты тоғыз-тоғыз бен көбейту саны да егіз болып тұр. Өздеріңіз көріп отырғандай, «О» мен «Ө» дыбыстарында 15/15 болып 30 таңбаның тепе-теңдігі сақталған, тура Құран Кәрімнің жазбалары сияқты. Демек, Қазақтың Алып биін де (Әліппе), Құранды да Ұлы Жаратушы-Аллатағала осы жүйемен жіберген. Манның баласы үш жаста.

«Ө» таңбасы атына сай жасалған. Күннің ортасын екіге бөліп тұр. Мағынасы, бірінші Семиттер Жеменейлерден нағашылы, жиенді бір ел болып «О» күн таңбаны иемденді. Жиендер шектен шығып кеткенде Тобыштар таңбаның ортасын бөліп тастап, Адам Атадан жалғасып келе жатқан әлемдік тәртіпті қайта орнатты.

Бейнелеп айтқанда қоғам Күн (Ер-азамат) мен Ай (Әйел), яғни Аталық (бүгінгі ғылыми тілмен айтқанда патриархат) және Аналық (матриархат)  болып бөлінді.

 

  1. «П» – «Б» тобына жатады. Ата-Баба дегеніміздегі Бабаның толысқан нұсқасы. Қазақтың

Пай (үлес), Пана, Папа деген ұғымдарының бастауы осы.

«Түркістанда түмен бап,

Сайрамда бар сансыз бап,

Отырарда отыз бап,

Баптардың бабын сұрасаң,

Ең үлкені Арыстан бап», дейтіндеріміздің сыры осы. Мамамыз Маннан басталса, Папамыз осы «П»-дан басталады. Демек, ежелгі Римнен бастау алатын батыс елдері мәдениетінің шығу тегі тіпті бері де болып тұр.

1.Па (Пай (үлес), Паң, Пара алу,  Парыз), 2.Пә (Пәк, Пән, Пәс, Пәтер), 3.Пе (Пенде, Пеш), 4.Пи (Пида, Жан пида), 5.По (Пора-порасы шығу), 6.Пұ (Пұт, Пұл (ақша), 7.Пү (Пүліш), 8.Пы (Пысық, Пырақ, Пышақ), 9.Пі (Пікір, Піл, Пір, Пісу).  Барлығы 9  түбір (буын) сөз. Топан судан кейінгі Манның баласы бес, яғни періште  жаста. Нағыз пішпе жасайтын жас. Адам Атадан бастаған да жиырма жаста. Бозбала мен Қыз бала жиырмаға шығып, пісіп, жетіліп тұр. Шежіре «П» -ны Қосайлардың босаға таңбасы деп те атайды. Себебі, топан суда аман қалған аз елге «босаға» болған солар болатын. Қоңыраттардың да таңбасы осы. Қосай мен Қоңыраттың «Қо» деген бір түбірден болатыны да осыдан. Киіз үйдің ішке кірер есігі тұрған жерді босаға деп атайтындары да осыдан.

Бұл таңбаның жиырма саны атауымен сәйкес болатын себебі, Жиырма – Жи (жина, жинама), ыр (ір, ірі, бір (бірінші), пір (ұстаз), қыр, жыр, сыр),  жиыр (бүкте) және «ма (Ман)» деген біріккен сөздерден тұрады.  Бүгінгі мағынасы екі он метрлік ұзын затты жиырып, екі бүктеп жинау, осының балама мағынасы  екі ондықты қосып жинау деген ұғым береді.

Жиырманың негізгі мағынасы ұл мен қыздан тараған, яғни Нағашы мен Жиеннің елі деген сөз. Жиырма мен Жиеннің «Жи» деген бір түбірден болатыны осыдан.

«П» таңбасы атына сай жасалған. Үш сызық - үш саны  Қосайлардың сандық атауы. Алдыңғы қауым топан суда апат болғанда, сол қауымның мұсылмандарын бергі бетке алып өтіп соларға босаға болған Нұқ пайғамбар атамыздың ақылы мен кемесі болатын.

Латында бұл дыбыс, «Р» жалау (ту) бейнесінде беріледі. Қазақтың жиені олар үшін Ту (Жалау) болып тұр. Біздің мұсылман елі болуымызға байланысты бұл таңбаның келесі 21-дегі «Р»-да қалғаны дұрыс болады.

 

  1. Р – Ра (Күн Құдайы).

1.Ра (Раз, разы, рас), 2.Рә (рәсім), 3.Ре (рең (түр)), 4.Ри (риза), 5.Ру-Ата. Бес деген баға Руға беріліп тұр. «Р» дыбысынан осы бесеуінен басқа буын сөз басталмайды.

  1.      Раз (разы болу), 2.Рақ (рақым ету). 3.Рас (Алланың өзі де рас, сөзі де рас). «Ра» буынынан да осы үшеуінен басқа сөз түзілмейді.

«Р» Маннан басталғандағы бесінші таңбасы, яғни Манның ұрпағы бес жаста. Осы жаста сәбидің тілі «Р» келуге тиіс.

Таңба атына сай Тудың (Жалаудың) бейнесінде жасалған. Ежелгі аталарымыз «Күн Құдайын» Ту етіп көтерген болып тұр.

Кім – Кімге разы? Не үшін разы? Сөз реті келгесін осы сұрақтардың да жауабын бере кетейін.  Разының бірінші буынындағы «Ра»-ның Күн Құдайы екенін айттық. Енді екінші буындағы «Аз»-ға назар аударсаңыз, «Аз»-дың Қазақтың сөз түбірі екенін көресіз.  Және сонымен қатар Қазақия деген ел есіміміздің түбірі Азия екенінде көресіз.

Ал, Күнге келсек, Күннің - Қу және Үн деген екі біріккен сөзден тұрады. Қу мен Үннің тегін тарату ұзақ әңгіме. Сондықтан, оның сырын білгілері келетіндерге менің мына зерттеулерімнің қорытындысымен танысуға кеңес беремін. (Сандардың атауы және латын әліппесі қайдан шықты?» http://abai.kz/post/51832).

 

  1. «С» - сөздің қай жерінде қолданылса да «Сақ, Сақтар» деген мағына береді. Мысалға, бәріміз білетін «Саға» деген сөзді алайық. Саға – ағын судың бастау алатын сағасы. Осыған сәйкес Қазақта «Су ақпайтын ба сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан» деген мақал бар. Сағаның толық мағынасы Сақ Аға.

Салт – Ата салты. Басы Атаны сыйлаудан басталып, арты әкені, ағаны және әрбір қазақ баласы өзінен үлкендердің бәрін сыйлаумен жалғасады. Қазақтың ұлттық идеологиясының негізі осы. Мен қазақпын деген жанға бұл қағида өзгермеуге тиіс.

1.Са (Сақ, сақи), 2.Сә (Сәт, Сәт сапар, 3.Се (Сері), 4.Си (сирек), 5.Со (сора), 6.Сө (сөл), 7.Сү (Сүзгі, Сүлде, Сүр, Сүт), 8.Сұ (Сұғыну, Сұқ, Сұлба, Сұм, Сұлы, Сұр, Сұп сұр), 9.Су, 10. Сы (сырық, бақан), 11. Сі (сірі, жаны сірі). Алғашқы ешқашан өлмейтін жаны сірі он буын ұрпақ.

  1. Саб (Саба, Сабақ), 2.Сағ (Саға), 3. Сад (садаға), 4.Саз (музыка), 5.Сай (ой жер), 6.Сақ (Сақтар, сақина), 7.Сал (Салу), 8.Сам (Самұрық), 9.Сан (Сана, Санау), 10.Саң (Саңырау), 11.Сап (Сапа), 12.Сар (сары), 13.Сас (сасу), 14 (Сат), 15.Сау (Саура, Сауыр, Сауран айналу). 30 таңбаның 15/15-ін құрайды. Ежелгі Маңғыстаулық қазақтар әртүрлі жағдайларға байланысты Атамекеннен кетіп кейін ораларда міндетті түрде Сауран айналатын дәстүр болған.

Бұл таңба да, атына заты сай «Айдың» бейнесінде жасалған. Бірінші ондық та (он бірді қараңыз) Ата тұрса, екінші ондық та Ана (Ай) тұр.

Бірінші буындағы Адтың таңбасы Тіл мен Жебе. Маңғыстау зираттарында бақилық болған ері мен әйеліне бір кесене салынса, Жебе мен Ай таңбасын қатар салады. Бұл осы зиратта ері мен әйелі жерленген дегенді білдіреді.

Жиырма да, Екі де қазақтың сандық атауы. Сақ та қазақтың Қас (Нағыз) Сақ деген лақап аты.

Латын әліппесінде «Қас Сақ» пен «Ай таңба» дәл осылай сөйлей ала ма? Сөйлете алмасақ, онда несіне латынға өтеміз. Ата тарихтан безіп, жат тілге өту осы да Адам Ата мен Ауа Ананың қара шаңырағында отырған қазақ баласына ылайық іс пе? Сыртқа кеткен балалар Аталарының үйлеріне Сәлем беріп, бас иіп келмеуші ме еді? Ағылшын сөйледі, орыс сөйледі деп, Біз неге түгелдей солардың тіліне өтуге тиіспіз?

 

  1. «Т» - дыбысы сөздің қай жерінде қолданылса да толып, толысты, енді өзгермейді деген

мағына береді.

«Т» - 1.Та (Тар, Тарқа, Тарих) 2.Тә (тәлім, тәрбие) 3,Те (Тез, Терек), 4.Ти (тиме), 5.То (Топ, топырақ, Тобыш (ру), тор), 6.Тө (Төр, Төре (Төр иесі)), 7.Тү (Түр, Түрік), 8.Ту (Ту байлар), 9.Тұ (Тұз, Тұр, Тұран, Тұс, Тұт ағашы). Атына сай бірінші буында тек қана тоғыз сөз жасалып тұр.

«Т» - 1.Таб, 2. Тағ, 3.Таж, 4.Таз, 5.Тай, 6.Тақ, 7.Тал, 8.Там, 9.Тан, 10.Таң, 11.Тап, 12.Тар, 13.Тас, 14.Тат, 15.Тау болып мұнда да 15/15-ті құрайды. Бәрін түгел талдап жатпай-ақ, тек қана бір мысал келтіре кетейін: Үшінші болып тұрған «Таж» деген түбірден тажалдан басқа сөз жасалмайды. Неге? Себебі, үшінші буын ұрпақ Нұқ пайғамбар заманында топан суға қарық болған.

Тағы бір мысал:  Бүкіл әлем елдерінде Карта ойыны деген ойын бар. Осы ойында «Тұз»-дың барлық картаға бас болып, бәрін басатыны осыдан.

Ежелде барлық дүние тоғыз санымен есептелген. Мысалы, бүгінгі қазақта тоғыз құмалақ (ойын), тоғыз-тоғызды қалыңмал (ұзатылған қызға берілетін дүние-мүліктің әр бірін тоғыз-тоғыздан жасап беру, тіпті мінетін аты тоғыз, артатын түйесі тоғыз болады).

Тоғыз айып (берілетін жазаның салмағына орай – бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз деп, оны тоғыз-тоғызға көтереді). Бір тоғыз-тоғыз бесті-бес жасар ат. Ал осы айып тоғыз-тоғызға барғанда «тоқал тоғыз» деп аталған. Бұл тоқсан ат.

«Тоғыз қабат торқаңнан – тоқташықтың терісі артық» деген мәтел де ертеден бері айтылып келеді.

Ұлы Жаратушы – Алланың тоқсан тоғыз есімі бар делінетінінің де сыры осы.

«Т» таңбасы ұлдың (бала) толысқанын білдіріп, ұлтқа айналдырып тұр; сүт – су ағарып, сүтке айналған; өрт – жанып кеткен, ештеңе қалмаған; жылт – көрінді де жоқ болды; қалт – қимылсыз тұрып қалды, бұлт – бу жиналып бұлтқа айналған т.т. болып кете береді. Міне «Т» дыбысы осылай сөйлейді.

«Т» таңбасы Ман Атадан санағанда жетінші буын. Бұл алдыңғы жетінші буын Бұзау-Жеменейдің толып, толысуы. Астың атасын «Тұз» деп атайтынымыз осыдан. Бұз бен Тұздың түбірлес болатыны да осыдан.

Алып бидің ең басында тұрған А, Ад, Ада, Адай, Адам осы «Т» дыбыс-таңбасына жеткенде А, Ат, Ата, Атай, Атам болып шығады.

«Т» таңбасы атына сай «Аса таяқ» бейнесінде жасалған. Таяқтың үсті бейнелеп айтқанда жабылған. Бұл «Т»-ға жету дүниенің шегі, ары қарай аса алмайсың деген сөз.

 

  1. «Ү» – Үкаша Ата (Нұқ пайғамбар қауымы) - үлпілдеп тұрған үкі (домбыраға, сәукелеге

тағылады), үкімет, үкім ету  және шаңырақты көтеретін бақан. Үк (Ұқ) – Нүк (Нүкте), Нұқ (Нұқ пайғамбар). Бұл топан судан кейінгі Нұқ ата ұрпақтарының қауымы. Олар ежелде Үкаша қауымы деп аталған. Кейіннен ұрпақтары Атасының атын Үкіге балады. Бізден басқа ешбір ел өз биліктерін үкімет деп атамайды.

«Ү»-ден басталатын түбір сөздер: 1.Үб (Үбі, Түбі) 2.Үг, 3.Үд (Үдере көшу), 4.Үз (Күз), 5.Үй (Үйсін), 6.Үк (Үкі, Үкаша Ата), 7.Үл (Үлкен), 8.Үм (Үмбет, Күмбез), 9.Үн (Күн), 10.Үң, 11.Үп, 12.Үр (Түр, Түрік), 13.Үс (Үсті, Үстірт), 14.Үт (үтір), 15.Үш (Күш). Барлығы 15 түбір сөз. 30 таңбаның тең жартысы.

«Ү»-ге «А» дыбысы жалғанып бірде-бір сөз жасалмайды. Себебі, Үкіш қауымы Нұқ пайғамбар атамыздың тікелей өзінің ұрпақтары болып тұр. Үкіш қауымы да Атасының алдына шықпаған.

Арнайы көңіл аударатын жағдай, бесінші буында бүгінгі Ұлы Жүз Үйсіннің, алтыншы буында Нұқ пайғамбар қауымының, тоғызыншы буында Күн қағанатының, оныншы буында Мұңал-Монғолдың, он екінші буында Түріктің (Тұранның) негізі қаланып тұр.

Таңба атына сай жасалған. Үшінші буын (үш сызық) ұрпағы Қосай атамыздың және шаңырақ көтеретін Бақанның бейнесін береді.

 

  1. «Ұ» – Ұл (бала).  Ұб, 2.Ұғ, 3.Ұд, 4.Ұж (Ұжым), 5.Ұз (Бұз, Бұзау, Құз, Мұз, Тұз), 6.Ұқ (Ұқсас,

Нұқ, Құқық, Мұқит), 7.Ұл (Ұлы), 8.Ұм (Ұмай Ана), 9.Ұн (Бидайдың ұны, Құн), 10.Ұң (Ұңғы, Мұңал, (Монғол)), 11.Ұп,  12.Ұр (Ұран, Тұран), 13.Ұс (Ұста, Құс, Құсым), 14.Ұт (Ұтыс, Ұту, Құт), 15.Ұш (Аспанға ұш, Ұшу, Ұшақ). Барлығы 15 түбір сөз. 30 таңбаның тең жартысы.

«Ұ»-ның алдына «А (Ата)» таңбасы салынып сөз жасалмайды. Ұл бала Атасының алдына шықпайды.

Бұл жерде аса көңіл аударатын жағдай, 7-ші буында Ұл болса, 8-ші буында әйел (Ұмай Ана) болып тұр.

Енді осы жерде аса көңіл аударатын жағдай, 12-ші (қазақтың қарашаңырағы Он екі ата Байұлы) болып тұрған «Ұр» деген түбірден жасалатын Ұра мен Ұранды қосыңыз. Сонда, біздердің бүгінгі сөздік қорымыздағы Ұр, Ұра, Ұран (көрші елдің «Ура, Ура» деп жүргендері осы сөз) дегеніміз Шумерлердің (маялардың) алғашқы патшаларының есімдері. Құранның да сөз түбірінің «Ұран» болатыны осыдан. «Ұр»-дың алдына «Т» таңбасы қойылып, Тұр, Тұран атанып жүргендері де осыдан. Қазақтың «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би» дейтіндері де осыдан. Сөз түбірі (өз түбі) жаңылыспайды.

«Ұ» дыбысы (3.Ұд қауымы, 5-те 5 деген бағаны жетінші буын Бұзау алып, 7-де ұл бала қарашаңырақты ұстап тұр, 10.Ұңғы (өзек), Мұңал (Моңғол) - Маннан санағанда оныншы буын ұрпақтың сандық атауын береді. Демек, Мұңал тек қана Адам атаның емес, Ман атаның да қарашаңырақ иесі.

 

  1. «У» – Біздің бүгінгі сөздік қорымызда атауы бір-ақ дыбыстан тұратын «У» (сырын

Білмеген адамға зиянды, білген жанға дәрі ретінде қолданылатын улы зат);  Екі дыбыстан тұратын, бүкіл ғаламның (табиғаттың) ең көп мөлшерін құрайтын сұйықтық атаулары Су, Бу, Шу, немесе осы суға байланысты  Жу, Жуу; Ел мен жерді қорғаудағы, ар мен намыстың ең биік символы Ту мен Жалау,  Қалың, өте көп деген мағына беретін  Ну (ну орман);  Судағы балықты қармақ немесе шанышқымен бір-бірлеп ұстайтындай емес, тонналап ұстайтын Ау, Қаратпа сөздер Әу, Еу, Оу; Өте жоғары жылдамдықты білдіретін Зу; Ата-тегіңді білдіретін Ру,  Қаздың баламасы Қу (Қумандар); Үш дыбыстан тұратын Тау, Сау, Бау (бау-бақша, жіп), Қуу, Буу, Жуу, Туу, Ару, Ору т.т; Алау, Атау, Сұлу, Тору, Жору, Қору, Қару, Солу, Адгу, Адлу т.т;  Жалау, Тарау, Қарау, Құрау Ару, Аруана, Аруақ т.т. болып табылады. Демек, ең алғаш уды ойлап тауып, оның дәмін татып, оған «у» деп ат қойғандар, Адам ата ұрпақтарының өсіп-өніп, Ата ұрпақтарына, яғни руға бөлінуі, алғашқы рулық таңбаны ойлап тауып, яғни руна жазбасын дүниеге әкелгендер, алғаш ту көтергендер, бүткіл жер бетіндегі тіршіліктің негізгі көзі су екендігін танығандар, уақыт өте келе бір-бірінен алыстап кеткен рулардың бастарын біріктіріп Қу деп атап, «Аққу менен Қаз егіз, Адай менен Таз егіз» деген мақалды дүниеге әкелген осылар.

Демек, «У» – кез-келген қимыл әрекеттің соңы, яғни шырқап шығар шыңы. Мысалы, «У» ішсең өлесің, бару, келу, кету, шығу, тосу, кесу, жету, болу, қосу, алу, бөлу, көбейту, өлу т.т.

Жиырма саны қазақтың сандық атауы екендігін жоғары да айттық, ал Алаш, Алты Алаш сол қазақтың әлем мәдениетіндегі ең биік шырқау шыңы. Адам баласы Алаштың, Алты Алаштың заманында бүкіл әлем Аталық жүйемен бір мемлекетке бірігіп, тату-тәтті, соғыссыз ғұмыр кешті. Адам баласы одан асып ешқайда кете алмайды.

 

  1. «Һ» – Қаһарман.  Һа, Һе, Һә. Барлығы үш түбір сөз. Сөз арасында Қаһар, Қаһарлы,

Қаһарман, Аһа, Еһе, Һәм болып кездеседі. Үш саны Нұқ пайғамбардың тегі Қосай руының сандық атауы. Сонымен қатар, бұл дыбыс-таңба қарапайым халық арасынан шығып, өздерінің асқан ақылы, білімі, дарыны, адами қасиеті, жаужүрек батырлығымен елден ерекшеленіп ел бастаған хандар мен қағандарды айшықтайды. Себебі, бүткіл жер бетінде сан мыңдаған жылдар бойы бүкіл әлемді асқан ақылымен, даналығымен «ашса алақанын да, жұмса жұдырығында» ұстаған Қазақтың қағанынан қаһарлы тұлға болды ма? Кім солардан асқан Қаһарман бар деп айта алады? Міне қазақтың ешбір елде жоқ, осы ерекше «Һ» дыбысы Нұқ пайғамбар қауымының қазақтың Ана тілінде сөйлегенін айшықтап көрсетеді. Осы үш сөзде, Қарт Қазақты Нұқ пайғамбардай ұлағатты ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін  «Қаһарман» деп ұлағаттау, «Аһа, Еһе» деп олардың ерлігіне сүйсіну және олардың артының «Һәм» деп жалғасып жатқанын көрсету бар. Қайран аталарым! Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болар ма? Сол үшін де ғой, Сіздердің Қас би (Каспий) атанып жүргендеріңіз.

Қазіргі латын әліппесіне өтуге байланысты ұсынылып жүрген жобалардың ешқайсысын да бұл таңба жоқ. Бұл дұрыс болмайды. Бұл таңба қалуға тиіс. Мұны қоспай алып тастау, бұл ежелгі аталарымыздың Алтын әріппен жазылған ұлы тарихының бір парасын жыртып алып, отқа лақтырғанмен бірдей дүние.

Үстіне еліміздің асқан Қаһармандары отыратын «Алтын тақтың» бейнесіндегі «Һ» таңбасы өте сәтті жасалған. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?

Демек, «Һ» таңбасы қазақ Алып биінің 27-ші таңбасы болып қалуы тиіс. Демек, қазақи дыбыс-таңбалардың бірін алып, бірін қосып, таңбаларды қалай болса, солай сыза салуға болмайды. Бұлай жасау Ата тарихтан безген мәңгүрттердің ісі болмақ.

 

  1. «Ш»  – Алаш, Алты Алаш деген мағына береді.

1.Ша (Шақ, Шам, Шар, Шаш), 2.Шә (Шәк, Шәкәрім), 3.Ше (Шек, Шекара), 4.Ши (Ши борбай

(арық)), 5.Шо (Шорым), 6.Шө (Шөп), 7.Шу (Шу өзені), 8.Шұ (Шұбар (ала шұбар)), 9.Шу (Шүлен), 10 Шш (тыныш), 11.Шы (шыр етіп жарық дүниеге келу, сыртқы дүниеге шығу), 12.Ші (іші, ішке қайта кіру).  12 түбір (буын) сөз. Қазақтың (Алты Алаштың) қарашаңырағының иелері 12 ата Байұлдарының  сандық атауын беріп тұр.

Басы жоғары қараған үш тармақ «Ш» таңбасы – бір, екі, үш; Ата, Әке, Бала; Мен, Сен және Ол;  Қазақ қолының Оң, Орта, Сол қанаты; қазақтың үш арысы Үш Жүздің; Нұқ пайғамбардың үш жаққа кеткен үш (Қам, Сам, Жаппас) ұлының;  Алшынның үш баласының т.б. үш санына қатысты барлық балама ұғымдарын және солардың бәрінің түбі бір екендігін білдіреді. Сонымен қатар, бұл таңбада Атам Қазақтың әлемге әйгілі «Тіл таңбасының да» бейнесі бар. Ежелгі батыстықтардың Біздің аталарымызды «Язычники», яғни «Тіл таңбалылар» деп жазғандарының сыры осы.

«Қазақтан өнген халық едім
Алты санның Алашы,
«Алаштап» ұран шақырып
Алашұбар ту ұстап
Ақсақалдар бата еткен» (Түмен Балтабасұлы).

Сонымен ежелгі Қазақ, соңынан Алаш арыстары жасаған Алып биіміз (Әліппеміз) «А»-мен

басталып, «Ш» таңбасымен шырқау, шыңына шықты. «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп 1458 жылы Шыңғыс қаған бабамыздың үлкен ұлы, яғни тақ мұрагері Жошыдан тараған Керей мен Жәнібек аталарымыз осы Шу өзені алқабында Қазақ хандығын қайта құрды. Тілі мен діні, Ата салты мен дәстүрі, әдеттері мен ғұрыптары қайта салтанат құрды. Қазақ баласы ежелгі Ата-Бабаларының «Ұлтым Қазақ, Ұраным Алаш, Керегем Ағаш» деген қағидасын қайтадан төрге шығарды. Егер де Біз қолданатын Латын әліппесінде «Ш» таңбасы болмаса, онда Біз Алашты ту етіп көтерген Қазақ деген ұлы елдің қарашаңырағынан кеткеніміз болып шығады.

Латын әріптері Ата тарихты дәл осылай сөйлете ала ма? Сөйлете алмаса оған не үшін өтеміз? Мәңгүртке айналып матриархатқа өту үшін бе?

Мұны біз латындағы «Ш» әрібінің «С» ай таңба болып белгіленетінен айқын көре аламыз. Біз үшін «Ш»-ны, яғни Алашты, Әйел-Анаға қатысты  «Ай» таңбасымен ауыстыру дұрыс болмайды.

 

  1. Ы – баласы, ұрпағы, (ұлы, қызы), өмірдің жалғасы.

 

  1. І - баласы, ұрпағы, (ұлы, қызы), өмірдің жалғасы.

Қазақтың 30 дыбыстық таңбасының  бес таңбасы: 10.И, 11.Й, 16.Н, 29.Ы, 30.І баласы (ұлы, қызы), ұрпағы деген мағынасы бар. Бұл адамзат ғұмырының үш кезеңіндегі ұрпақтары дегенді білдіреді.

Біріншісі, (10.И, 11.Й) ең алғашқы Ад қауымының, яғни Атаның ұрпақтары деген сөз.

Мысалы: Адай - Адам атаның ұрпағы (ұлы, баласы, қызы), яғни атамыздың қарашаңырағының иесі деген қағидаға сәйкес Жары Адай, Жажир Адай, Ахмет Жугінеки (әдебиет тарихында «Шындық сыйы» дастанымен мәлім), Әбу Нәсір Әл Фараби, Махмуд Қашқари, Әл Бухари, Әбу Райхан Әл Бируни, Хакім ата Сүлеймен Бақырғани, Әлішер Науайи, Пердауси (Шахнама), Әбдірахман Жәми (парсы-тәжік әдебиетінің классигі), Мұхаммед Шайбани (Жошы ханның ұрпағы), Сайфи Сарайи, Хайдар Рази, Қадырғали Жалайри, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қашқар ханы Әбубәкір Дулати т.т. болып есім сөздің сөз соңы, «и», «й» дыбыстарымен аяқталса, ұлы, баласы, ұрпағы деген мағына беріп тұр. Осы жерде сәл де болса өткен тарихтан хабары бар адамдардың есіне сала кетейін ежелгі, әсіресе бізге көбірек белгілісі орта ғасырлық ұлы ғұламалардың барлығының дерлік ата тегі осылай жазылған. Бұл қағида қазақта күні бүгінде қолданыста бар. Мысалы, Мұстафа Шоқай, Әнес Сарай, Халипа Алтай, Ислам Жеменей, Сабыр Адай, Ордалы Қосай, Ақылбек Жеменей, Тұңғышбай Ал Тарази, Қайрат Мами... Демек адам есімдерінің қай-қайсысына да «и, й» әрібін жалғасақ ұрпағы деген мағына беріп тұр.

«Физули, Шәмси, Сәйхали

Науаи, Сағди, Фердауси,

Қожа Хафиз – бу һәммасы

Медет бер шағири фердияд,» деген Абай атамыздың сөзінде, өздеріңіз көріп отырғандай аттары аталған алты ақынның есімдерінің соңы «и» дыбысымен аяқталады да, соңғы Қожа Хафизде атасының (руының) есімі бірінші, екінші болып өз аты айтылады, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Кете Жүсіп, Жаныс Төле би т.т. деген сияқты.

Екіншісі, (16.Н) Топан суға дейінгі Адам Ата ұрпағы Ман деген сөз.

Мысалы, Нұқ пайғамбар негізін қалаған Ман Ата қауымы - Адам Атаның ұрпағы деген қағидаға сәйкес, ежелгі Тұран әлеміндегі ата-тектің жазылуының тағы бір нұсқасы Рашид-Ад-Дин (Парсы (Иран) елінің билеушісі Қазан ханның бас уәзірі, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, орта ғасырлық тарихшы), ортағасырлық мұсылман ғұламасы Нұр-Ад-Дин Хорезми, Садыр-Ад-Дин (кейбір деректерде бұл атамызды Баба Түкті Шашты Әзіздің шын аты делінеді), иманға келіп, шариғатты мойындаған ұлы мұңал билеушісі Өзбек ханның рухани тәрбиешісі Нұғман-Ад-Дин Ал Хорезми, өз заманының ұлы тақуасы аталған Жәлел-Ад-Дин Ас Самарканди,  атақты ойшыл, ақын, қолбасшы Мұхаммед Закир Ад Дин Бабыр,  әлемге әйгілі «Зафар наменің» авторы Шараф Ад Дин Әли Иәзди, Бекет атаның ұстазы Бақыр Ад Дин Мұхаммед т. т. болып жалғасып кете береді. Осы есімдердегі Ад (Ад қауымы, яғни қазіргіше айтқанда осы қауымның қарашаңырағының иесі Адай, Ал, (Алаш, Алшын), Ас (Алаштың лақап аты) ал Динге келсек, бүкіл қазаққа Дін деген ұғымды енгізген осы аталарымыз. Бұл жайлы Қытай жылнамасында адамдары аттың құлағында ойнайтын Ди тайпасы, Динлинь елі жайлы деректер бар. Парсы (Иран) тарихы олардың негізін қалағандарды Мад (Ман Адай М.Қ.) тайпаларының ұрпағы Диаку деп хаттаған. Олардың есімдерінің соңына жалғанған «Н» әрібі, бастауын Ман атамыздың атынан алады, соған сәйкес баласы, ұлы, қызы, ұрпағы дегенді білдіреді.

Бұл атамыздың есімі Маңғыстауда (Бейнеу ауданы) Дияр атты жер және елді мекен атауында сақталған. Қазақтың Дін деген ұғымының «аптырлық құқы» осы Ди тайпасында. Қазір олар үш ұрпақтың (тегі, өз аты және әкесінің) аттары бір есім ретінде қолданылады. Мысалы, Насыраддин, Асамаддин, Алуаддин, Алқамаддин, Шайқымаддин, Нағымаддин, Салехаддин, Сыражаддин...

Үшіншісі, (29.Ы, 30.І) Нұқ пайғамбардан кейінгі Алаштың (Алты Алаштың) ұрпағы. Бұл бүгінгі ұрпақ. Ежелгі қазақтардың Алаш, Алшын, Алты Алаш, деп ауыздарынан тастамайтындарының сыры осы.

Мысалы, Дәулеталы Жары, Тоқтамыс Жары, Әкім Таразы, қажы Құсайын Шеразы (Жасауи кесенесін салушы шебер), Бөрте Бөрі, Әбубәкір Кердері, Қадыр Мырза Әлі т.т.

Соңғы екі «Ы» мен «І» дыбыстары  олардың жалғасы бар дегенді білдіреді. Бұл екі таңбаның бізге айтып тұрғаны «бір рулы ел» толып, толысып ұлтқа айналып Ата жұрттан (Қазақтан) енші алып «Ы» мен сыртқа шыға алады, бірақ  адасып, адасып «І» мен Ішке қайта кіре алады.

Жарайсыңдар! Аталарым! Ал, қазіргі латын Әліппе таңбаларын ұсынып жүргендерге берер кеңесім:  Сіздердің ұсынған таңбаларыңызда ежелгі аталарымыздың шынайы тарихына толықтай сай келетін дәл осындай кез-келген адам баласы түсінетіндей айқын мағынасы болып,  таңбалар міне осылай сөйлеуге тиіс.

Тарих тағлымы: Ежелгі Қазақ Алып биі (Әліппесі) жат жұрттың ықпалына сай қалай болса солай кірме сөздердің ыңғайына қарай жасала салған дүние емес. Әліппе мен сандар қатар өріледі және адамзат тарихының даму кезеңін өтеден де өте дәлдеп тұрып көрсетеді. Бұл қағидадан еш айрылуға болмайды.

Ежелгі батыс әлемінің ғалымдары өздерін  керемет білгірміз деп, қарт қазақты өздеріне қарағанда білімсіз, кем санап, сауатсыз жабайылар (варварлар) деп жазыпты. Ал, өздері күні кешегі қазақтың бес жасар баласы да білетін дүниелерге білімдері жетпеген. Оларда, олардың бүгінгі ұрпақтары да мұндай дүниені жасамақ түгілі, жасалып тұрған дүниені түсінуге де саналары (ақылдары мен білімдері) жетпей келеді. Әңгіменің ашығын айтқанда, батыс ғалымдары енді мұның сырын өздігінен ешқашан біле алмайды. Себебі, олар әлемнің сыр сандығының құлпын ашатын кілтін (кодын) әлдеқашан  жоғалтып алған. Ол қазақтың «АНА ТІЛІ». Басқа тілмен әлемнің шежіре-тарихы мен  құпиялары ешқашан ашылмайды.

Демек, кезінде (1940) қазаққа зорлықпен енгізілген 42 таңбалы Кирил әліппесіне реформа аса қажет. Бұл дауға жатуға тиіс емес. Қазақтың ежелгі әмбебап дыбыстық 30 таңбасы үлкенге де, кішіге де, балаға да үйренуге өте жеңіл болары сөзсіз.

Ақиқатында, дыбыстық таңбаларды қалай болса, солай, мағыналы  да, мағынасыз да белгілей беруге болады. Оған жазбамыздың сан рет өзгерген тарихы куә. Ол, көбіне сыртқы күштердің ықпалымен болады.  Ал, Алып биді - Адам Ата мен Ауа ұрпақтарының дүниеге келу, көбейіп руға, тайпаға, елге, мемлекеттерге, қағанаттарға (империяларға) айналып, әлемдік деңгейдегі өсіп-өркендеуіне сай жасау Қазақтан басқа ешбір елдің қолынан келіп көрмеген. Келе де алмайды.

Латынға өтудің ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ:

Бірінші, «Қазіргі қазақ әліппесінде 42 әріп бар, орыстарда – 33, арабшада 28 әріп болса, латынды игерсек, бар болғаны 25-26 әріп болар еді» делінеді.  Ақылға қонады. Реформа  қажет.

Екінші, Кейбіреулер «латын әліппесі Қазақ тілін Орыс тілінің ықпалынан шығарады» дейді. Ал билік «Біз кирилл әрібінен бас тартпаймыз. Біз орыс мәдениеті мен орыс тілін ұмытпаймыз. Орыс тілі арқылы әлемдік мәдениет жайлы білдік және орыс тілі үнемі бізбен болады. Біздің көршіміз әрдайым қасымызда және біз әрқашан бірге жұмыс істейтін боламыз", - дегенді айтады.

Уәж: Бізге қазір не маңызды? Мемлекеттік тілді іс жүзінде орнату ма? Әлде, Латын графикасына көшу ме? Егер Мемтіл маңызды болса, екіншісі ұзақ жылдар бойы мемлекеттік тілдің орнауын неге кейінге ығыстырды.

Біздің ұлттық идея – латиницаға көшу емес, мемлекеттік тілді өзіне тиесілі  тұғырына орнату болмағы тиімді. Демек, Бізді Орыс тілінің ықпалынан шығаратын, латын таңбасы емес, ұлттық санамыз, яғни мемлекет билігі жүргізуге тиісті ұлттық идеология.

Санамыз өзгермесе, латын таңбасы еліміздің ұйысуына емес, керісінше ұлттардың аражігін ажыратуға қызмет етеді. Себебі, латынға өтетіндер тек қана қазақша оқып, қазақша жазатындар болады. Себебі, биліктің бас жоспарында елімізде үш тіл: ағылшын, орыс  және қазақ тілдері қатар қолданылуға тиіс. Бүкіл билік орысша ойлап, орысша сөйлеп отырғанда және «орыс тілі мемтілмен қатар қолданылады» деп Ата заңымызда  жазулы тұрғанда  оларға кириллицаны қолданбаңдар деп қалай айтамыз?

Орыс тілінің ықпалынан шығу үшін ең бірінші кезекте Ата заңымызға (Конституция) өзгеріс енгізіп, 7-баптың 2-ші тармағындағы «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген сөзді алып тастау қажет еді. Бұл бапты алып тастау жөнінде 25 жыл бойы биліктен өтінбеген, сұрамаған,  талап қоймаған бірде-бір қазақ болған жоқ. Тіпті аштық та жарияланды. Алайда, орыс тілді билік бұған құлықты болмады. Билік бұған шын ниетті болғанда кешегі соңғы реформа да бұл даулы мәселені түбегейлі шешіп, екінші бапты алып  тастауы тиіс еді. Демек, биліктің бас жоспары мемтілдің көсегесін көгерту емес.

Білім саласындағы бітпейтін реформалар, соның ішіндегі ең бастысы Қазақ баласына үй қояны сияқты тәжрибе жасап, үш тілді балабақшадан бастап оқытудың тоқтатылғаны дұрыс. Бұл үшін Қазақстан билігі басында мемтілді білмейтін адам қызмет жасамауға тиіс. 25 жыл аз уақыт емес. 25 жылда мемтілді меңгере алмаған министр мен депутат енді ешқашан меңгере алмайды.

Латын әліпбиі қазақты орыс тілінің ықпалынан шығара алмайды.

Үшінші, «Латын әліпбиіне көшу уақыт ағымы. Латын әліпбиі ғылымның, технологияның, медицинаның тілі. Және қазір әлемнің көптеген елдері осы әліпбиді қолданады. Барлық қазақ баласы халықаралық ағылшын тілін білуі керек. Себебі, барлығына сол тіл қажет» делінеді.

Уәж: Бізге мына жағдайды есте ұстаған жөн. Кирилица да, Латиница да апалы, сіңлілі дүниелер.  Екеуінің де бастауы Аналық текке жатады. Бұл Ұлы Жаратушы-Алланың он сегіз мың ғаламды, соның ішін де адамзатты да жарату қағидасына қайшы. Аллатағала бірінші Ауа Ананы емес, Адам Атаны жаратты.  Біз қабылдайтын таңба да осы жағдай ескеріліп, тіліміз Аталық текке сай болғаны жөн.

Жұрттың бәрі шетелдіктермен жұмыс жасамайды. Қазақтың бәрі бүгінгі жемқор, парақор шенеуніктер сияқты Атамекендерін тастап Америка немесе Еуропаға қашуға, немесе солардың ықпалына өтуге дайындалып  жатырған жоқ.  Егер біреулер солай ойлайтын болса, қатты қателеседі. Мына ел мен жерді, тіл мен дінді аталарымыз қалай қорғады, бізде солардай қорғайтын боламыз. Оған ешкімнің күмәні болмауға тиіс. Ақиқатында да, қарапайым жұмысшыларға (қала халқының ең көп пайызын құрайды), ауыл шаруашылығында егіншілік, мал бағу кәсібімен айналысатын 43% қазаққа ағылшын тілінің қажеттілігі қанша? Ағылшын, орыс тілдерін пән ретінде 5 сыныптан оқытқан дұрыс. Ары қарай бұл тілді оқыту ерікті болуы керек. Бұл тәжрибе әлемнің барлық елдерінде қолданылады. Бесіктен белі жаңа шыққан сәбиге өзге тілдерді үйрету ешбір елдің тәжрибесінде жоқ. Сәбидің тілі Ана тілімен шығып, Ана тілімен сусындап, Ана тілімен бұғанасы бекуге тиіс.

Әңгіменің қысқасы, Латын тілі сауданың, яғни сатудың тілі. Бұл тілде сатылмайтын дүние жоқ. Адам, ар, намыс, ұят, жер, тіл, дін, тіпті  бәрі, бәрі сатылады.  Орыс тілді биліктің Әліппені (Алып биді) алып тастап, оның орнына «Сауат ашу» дегенді ұсынып жүргендерінің сыры осы. Сауат ашудың толық мағынасы Ауа сатуды үйрену. Өздеріңіз көріп отырғандай «С-ауа-т» дегенімізде Сат (сату) сыртында Ауа қақ ортасында айшықталып тұр. Қаған - Хандардың ағасы, Санақ - Сақтардың Анасы, Сенек – Сақтардың Енесі деген сияқты.

Атам Қазақтың Ата салты бойынша ұлттық идеологиямыз «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қағидаға негізделіп, билікте  осы қағиданы ұстануға тиіс еді. Біз қазір орыс тілді биліктің «Сату» деген қағиданы толық меңгергенін айқын көріп отырмыз. Мына барыстан жақын маңда Қазақстан да ауадан басқа сататын ештеңе де қалмауы әбден мүмкін болып отырған жағдайы бар.

Төртінші, Әліпбиді ауыстырсақ, сингармонизм заңдылығы сақталады. Сөздер қалай дыбысталуы қажет болса, солай таңбалануы тиіс. Мұндай тілдік тәртіпті енгізудің ұрымтал тұсы – осы латын әліпбиінің жаңа үлгісін енгізу сәті делініп, қазіргі таңда Тіл комиссиясына латын әліпбиінің жүзден аса нұсқасы ұсынылған.

Уәж: Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов атамыздың басшылығымен жасалған Әліппе де бұл заңдылық толықтай сақталған. Атамыздан «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген қанатты сөз қалған. Қазіргі нұсқа ұсынушыларда дыбыстық таңбалардың басты мақсаты Ұлы Аталарымыздың шежіре-тарихымен және оның сандық жүйеге сәйкес келуге тиіс екені ойларына кіріп те шықпаған. Бірін алып, бірін қосып, бес жасар баланың тірлігін істеп, ысқыртып басып жүр.

Дыбыстық таңбалар мен сандық жүйе шежіре-тарихқа сай болмаса, келер ұрпағымыз тап-таза мәңгүртке айналып, маймылды атам деп (Дарвин), мойындайтын болады. Атаң маймыл деп, мектеп оқулықтарына жазып берген орыс тілді биліктің тәрбиесін алып өскен бала Ата мен Ананы, өзінен жасы үлкендерді силамайтын болады. Біз қазір осының жемісін жеп жатырмыз. Ешкімде маймылды төріне отырғызып қойып, өле-өлгенше бақпайды. Елімізде қаптап кеткен қарттар үйі осының айғағы. Күні кешеге дейін қазақтарда қарттар үйі түгілі, мұндай ұғым да болмаған.

Бесінші, Жаңа ұрпақ тоталитарлық коммунистік жүйенің психологиясынан арылады.

Уәж: Ұрпақты коммунистік жүйенің психологиясынан әріп-таңба ажыратады деп, ойлаудың өзі барып тұрған білімсіздік. Ол, жүйеден Қазақты ұлттық сана мен  идеология ғана ажырата алады.

Алтыншы, Түркі тектес елдердің барлығы дерлік латын әліпбиіне өтіп болды.

Уәж: Кейбіреулер латынға өтсек өркендеп, елдің алдына шығатындай көріп Өзбекістан, Әзірбайжан, Түрікменістандар көшті, бізге де көшу керек дейді. Біз алдымен дәл солардай өз Ана тілімізді төрге шығара алдық па? Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы орыс мектептерін не істейміз? Қазақтың Мемтіліне жол бермей сіресіп отырған орыс тілді билікті не істейміз? Ол жерлердегі қазақ балаларының орыс мектептеріне бармасына қандай кепілдік бар? Орыс тіліндегі сұраққа мемтілде жауап бергендерді жұмыстан шығарып жүргенімізде, бір латынға өтпек түгілі, он латынға өтсек те бұл мәселе оң шешімін таппайды.

Сол өткен елдердің қандай рухани байлыққа кенелгенін неге сараламаймыз? Соңғы кездері сол елдерден әлемді таңдандырған Ұлы Ғұламалар неге шықпай жатыр? «Тектіден текті туады» дегендей Ата тарихтан сусындамаған ұрпақтың қолынан ондай дүниелер келмейтініне қандай дау бар? Демек, латын графикасы Біздің ұлттық санамыздың өсіп-өркендеуіне қызмет жасайды деп ойлаудың өзі ақылға симайды.

Латын тіліне өткен елдердің тапқан пайдасы, Ата тарихынан мақұрым қалып, айдаған жаққа «жел айдаған қаңбақтай болып, домалай беретін жаңа ұрпақ» пайда болады. Қазіргі билік басында жүргендердің ең басты көздеген мақсаты да осы болса керек.

Жетінші,  «Әліппе ауыстыру адамның санасын жөнге келтіреді» делінеді.

Уәж:  Бұл жағдай керісінше, әліппе ауыстыру білімге емес санасыздыққа жетелейді. Қазақша терминдер (сөздер) жойылып оның орнына шетелдің түсініксіз терминдері (сөздері) ешбір өзгертусіз, сол қалпында қабылданып, қазақтың сөздік қорына енетін болады.

Әңгіменің ашығын айтқанда латынға көшу Қазақстанға орасан зор шығын алып келеді. Барлық атауларды да, терминдерді де, барлық құнды қағаздар (ішінде теңге де бар) мен іс-қағаздарын түгел ауыстырып, өзгертуге тура келеді. Ол үшін балабақша тәрбиешілерінің,  мектеп мұғалімдерінің, өзге де оқу орындары оқытушыларының жаңа корпусын дайындап, материалды-техникалық базасын жасау қажет болады. Демек, әліпби ауыстыруға  миллиондаған емес, миллиардтаған қаржы қажет болады.

Сегізінші, Тәуелсіздік алған соңғы 25 жылда Қазақтың өткен Ұлы тарихы жайлы сан миллиондаған кітаптар, миллиардтаған ғылыми еңбектер мен мақалалар жазылды. Тіпті, шетелдердегі Қазақтың өткен тарихы жайлы қаншама деректер елге әкелініп, мемтілге аударылды. Енді осылардың бәрі латын тіліне аударылады және олар түпнұсқаға сай болады дегенге кім сенеді? Сонда осылардың бәрі кім үшін, не үшін жасалды? Түпнұсқадан ешкім оқи алмайтындай етіп, қоқысқа ылақтыру үшін бе? Әлде халықтың тарихи жадын өшіріп, мәңгүртке айналдыру үшін бе?

Тоғызыншы, Латынға көшудегі сенімсіздік туғызатын басты себеп, әліпбиді ауыстыруды насихаттаушылар Қазақша білмейтін, білсе де шала - пұла ежіктеп әрең оқып, әрең сөйлейтін, қазақша екі сөздің басын құрай алмайтын адамдардан болғаны. 25 жылда мемтілді меңгеруге білімі жетпеген адамдар Ана тіліміздің мәселесін қалай шешпек. Қарабастарының қамынан басқа ештеңе ойламайтын, бойларын жемқорлық пен парақорлық жайлаған билікке осындай күрделі мәселелерді ойдағыдай шешеді деп, сене аламыз ба? Бөлінген қаражат тағы да қолды болып кетпей ме? Осылардың бәрінен негізгі зардап шегетіндер тағы да жалақысы мен зейнетақылары аз, басында баспанасы мен үй салатын жер телімі де жоқ қарапайым қазақ болып шықпай ма? Ұлтымыздың жаны Тіл тағдырын кімдердің қолына тапсырып жатқандарымызды ойланғандарымыз жөн болар.

Жоғарыда көрсетілгендерден шығатын қорытынды, егер билік Атам Қазақтың «Тілі екеудің, діні екеу, діні екеудің соңы құрдым» деген ұлағатты өсиетінен бас тартып, Ата Заңымыздың 7 бабының екінші тармағын  қолданыстан алмай, латынға өтуді ұсынуы бұл біртұтас қазақты тағы да бөлшектеу болып шығады. Біреуі латынды, біреуі кирилицаны, біреуі арабицаны пайдаланады. Қазақ баласы бірнеше (қазақ, орыс, ағылшын) тілде сөйлеп, бірнеше дінде, бірнеше діни ағымдарда (қазірдің өзінде солай болып жүр) және бірнеше алфавитте оқитын болады. Ана тіліміздің тәрбиесімен сусындамай өскен қазақ баласы (бақшадан бастап зорлықпен үш тілді үйрету Бізді ондай мүмкіншіліктен айырып отыр), «бала қай тілде білім алса, оның ұлты сол» деп ұлы ғұламалар айтқандай, нан тауып жеп жүрген тілінің «арын арлап, мұңын мұңдайтын» болады. Қазақтың бір бөлігі, әсіресе билікте жүргендер бұрыннан мемлекеттік тілді білмейді. Ежелден қазақша білмейтін қазақтар қазақшадан бас тартып, орысша оқитын болады. Баршамызға белгілі орыс тілді билік мемлекеттік тілді ешқашан қолдаған емес. Қолдаса, 25 жылда бір емес, он тілді меңгеретін уақыттары болды. Міне осы билік бізге мемтілді өздері меңгерудің орнына латын әріптерін енгізуді ұсынып отыр. Әліппесі өзгерген орыс тілді қазағы да, шала қазағы да үйреншікті орыс тіліне бет бұратын болады. Міне осы өтпелі кезеңде орыс тілі тағы да алдыңғы орынға шығып, мемлекеттік тілге өту жоспары орындалмай қалады. Ашығын айтқанда латын жазбасына өту, қазақтың тілдік дамуын тоқтатып, орысшаға және ағылшыншаға өтуге мәжбүрлейді. Миллиардтаған қаржы жұмсалады. Сонда мұның бәрі не үшін? Біз бұрында «төте жазуда» болдық, енді міне кирилицаны да тастап барамыз. Бұрынғымыз сірә, бұрынғы ғой. Зорлықпен болды, дейміз. Енді міне соңғы кирилде жазылып жинақталған, бір ғасыр бойы ежелгі жазбалардан аударылған  әдеби, тарихи мұраларда жоқ болып,  оқусыз  қалады.  Біз осылай  тамырымыздан ажырап, адасамыз. Латынға өтеміз деп, оны түсіне алмай, орысшасын оқитын боламыз. Бұл жерде қазақ тілі амалсыз кері шегінетін болады. Қазақтың түпкі мақсаты мемтілді нығайту еді. Мемтілді нығайтуға қазіргі қолданып жүрген әліпбиіміздің мүмкіншілігі де мол еді. Енді орыс тілді қазақты қазақша үйретудің орнына, өзімізге латынды үйренуге тура келіп, басымызбен қайғы болып кететін болып тұрмыз. Біз бұл жерде Ана тілімізді нығайтуға жұмсайтын уақыттан ұтыламыз. Қоғамдағы ең өткір ұлттық мәселелерді талқылаудан да ұтыламыз. Ұрпағымызға ұлттық тәрбие беруден де ұтыламыз. Шамасы, орыс тілді билікке де керегі осы болар. Әйтпесе, олар бізге латыншаны тықпалап, қалғандары қос қолдарын көтеріп қолдамас еді.

Алайда, қазіргі Әліппеге реформа аса қажет. Бізге ең жеңілі жоғарыда көрсеткенімдей, әліппені шежірелік жүйеге сәйкестендіріп, қазіргі 42 әріптен, кірме 12 әріпті алып тастау. Қалған 30 әріптің орналасуы қазақтың шежіре-тарихына сай болуға тиіс. Бұл ешқандай қиындық туғызбайды. Уақыт үнемделеді. Шығын да шықпайды. Әріптеріміздің 28,5% кемуі балаларымыздың үйренулеріне де жеңіл болады. Ең бастысы, Алаш Арыстары аңсағандай,  әріптер шежіре-тарихқа да сай болып, Ата жұртта (Қарашаңырақ, Қазық жұртта) отырғанымызды бүкіл әлемге айғақтайтын боламыз. Бұл жағдай да Қазақ Әліппесі – Алып би, Қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің Анасы деген атына сай болып шығады. Ақиқаты да осы. Себебі, бізден басқа ешбір ел өз тілдерін Ана тілі деп атамайды. Өзгелердің олай атауға құқықтары да жоқ. Атамыз Қазақтың «аптырлық құқын» ешкім ешқашан тартып ала алмайды.

Қазақстан билігінің «Болашаққа бағдары: ұлтымыздың рухани жаңғыруы» арқылы болатын болса, онда Әліппе реформасы жоғарыда көрсетілгендей болғаны жөн. Бұл Елбасымыздың «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген тұжырымына толықтай сай болады. Ал, тек мына көрші Өзбекістан сияқты ағылшынның 26 таңбасын сол күйі көшіре салсақ, онда мұның керісінше болғаны. Бәйге жақын.

Өкінішке орай БАҚ ақпараттарына сүйенсек, Қазақ Әліппесін реформалау Латын Әліпбиін пайдалану арқылы жүзеге асырылуы көзделіп отырғаны мәлім болып отыр. Осы ретте латын әріптерінің саны және оның дыбысталу нұсқалары ешқандай негізсіз, қалай болса, солай әртүрлі нұсқада ұсынылуда. Мұның өзі бірінші нұсқада атап өткендей, Қазақ Әліпбиінің дүниеге келу, өркендеу тарихын және оның мәні мен мағынасын түгелдей жоққа шығарады. Осы жағдайға байланысты, Латын нұсқасын да қоса ұсынып отырмын.

Қолданыста болған әліпбилердің кестесі және қазақ әліпбиін қайта жасауға ұсыныс (екі нұсқа):

Миссион-ерлік кирилл 1870 ж Араб әліпбиі 1824 ж. Латын әліпбиі 1924 ж. Кирилл- қазақ әліпбиі 1940 ж.            Ұсыныс екі нұсқада
Қолданыстағы таңбаға түзету енгізу (кирилл) Латын әліпбиі
жазылуы дыбысталуы жазылуы айтылуы
1 Аa ا Aa Аa Аа     (1) А Аa          (1) a
2 Аa ٵ  Əə Әә Әә     (2) Ә Әә         (2) æ
3 Бб  ب Бб Бб     (3) Бы Бб        (3) b
4 Уу Vv Вв  -  -  - -
5 Гг گ Gg Гг Гг     (4) гі           Gg       (4)
6 - ع Ƣƣ Ғғ Ғғ     (5) ғы           Ғғ        (5) ғы
7 Дд د Dd Дд Дд     (6) ды Dd       (6)
8 Ее ە Ее Ее Ее    (7) е Ее       (7) e
9 (Йо й - Ёё Ёё - - -  -
10 Жж ج Çç Жж Жж    (8) жы Жж      (8) ʒ
11 Зз  ز Zz Зз Зз     (9) зы Zz       (9) z
12 Ии ي - Ии Ии    (10) и Ии     (10) ɯj
13 Йй Jj - Йй Йй    (11) Ый Йй     (11) j
14 Кк ك Kk Кк Кк    (12) кі Kk       (12) k
15 - ق Qq Ққ Ққ    (13) қы Qq       (13) Q
16 Лл ل Лл Лл   (14) ыл Lʟ        (14) l
17 Мм  م Mm Мм Мм    (15) мы Mm      (15) m
18 Нн  ن Nn Нн Нн    (16) ны Nn       (16) n
19 Ҥҥ ڭ Ŋŋ Ңң Ңң    (17) ың          Ңң       (17) ŋ
20 Оо و Оо Оо Оо    (18) о Оо       (18) o
21 Ӧӧ  ٶ Ɵɵ Өө Өө    (19) ө Ɵɵ       (19)  ө
22 Пп پ Pp Пп Пп    (20) пы Pp       (20) P
23 Р  ر Rr Рр Рр    (21) ыр Rr       (21)  r
24 Сс  س Ss Сс Сс    (22) сы Ss       (22) s
25 Тт ت Тт Тт Тт    (23)  ты Тт       (23) t
26 Ӱӱ ٷ Yy Үү Үү    (24) ү Vv       (24 y
27 Уу  ۇ Uu Ұұ Ұұ    (25) ұ Ww     (25) ɤ
28 Уу ۋ Vv Уу Уу    (26) у Uu      ( 26) w
29 - - Ff Фф - -  - -
30 Хх - - Хх - - -           -
31 - - - Һһ Һһ    (27) һ Hh        (27) h
32 (Тс тс) - - Цц - -  - --
33 (Тш тш) - - Чч - -  - -
34 Шш ش Cc Шш Шш    (28) шы Шш     (28) ʃ
35 (Шш шш) - - Щщ - -  - -
36 - - - Ъъ - - - -
37 Ыы Ƅƅ Ыы Ыы    (29) ы         Ƅƅ         (29) Ы
38 Ии Ii Іі Іі       (30) і  Ii          (30) ɪ
39 - ٸ - Ьь - - - -
40 Ее - - Ээ - -  - -
41 (Йу йу) - - Юю - -  - -
42 (Йа йа) Яя - - -
36 29 31 42 30  30 30  30

Өздеріңіз көріп отырғандай, 12 әріп: А,Ә,Е,И,О,Ө,Ү,Ұ,У,Һ,Ы,І тікелей дыбысталады, Бы, Ғы, Ды, Жы, Зы, Қы, Мы, Ны, Пы, Сы, Ты, Шы деген 12 әріпке «Ы» дыбысы қосыла дыбысталады. Гі, Кі, деген екі дыбысқа «І» жалғанып, қазақтың сандық атауын берсе, Ый, Ыл,  Ың,  Ыр деген төрт буын ұрпақ Алаштың баласы деген мағына беріп тұр.

Латын әліпбиінде қазақтың И,Й, Һ дыбыс-таңбалары жоқ. Есесіне Ф,Х сияқты екі артық әріп

бар. Демек, Біз Латын әліппесін осы тұрған күйінде қабылдай алмаймыз.

Латынға өтудің қазақи шежіреге сай тиімділігі жайлы ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеуімнің қорытындысы осы. Сіздерде зерттеп, зерделеп көріңіздер.

ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БАРШАҢЫЗҒА ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ – АЛЛА ИМАН БЕРГЕЙ!

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау

Abai.kz

 

104 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395