Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
7011 2 пікір 30 Мамыр, 2017 сағат 10:33

Өзбек әншісі жаңа әнін Шавкат Мирзияевке арнады

Өзбекстанда 49 жастағы кино әртісі және әнші Дильфуза Исмаилова "Көрікті мекеннің сұлтаны" әнін президент Шавкат Мирзияевке арнады.

Исмаилованың айтуынша, бұл әннің сөзін ақын Тахир Мұхаммад, ал әнін - сазгер Рустам Тулашов шығарған. Ән өткен жылы желтоқсан айында, Шавкат Мирзияев Өзбекстан президенті боп сайланғаннан соң жазылған. Әнші бұл әннің "жүрек қалауымен" жасалғанын айтты.

"Ақын Тахир Мұхаммад екеуміз біздің президент Шавкат-аканың жақсы істеріне қуанып, осы әнді жаза бастадық. Тахиржан әдемі сөздерін жазды, әнін - сазгер Рустам Тулашов шығарды. Ән желтоқсан айында дайын болды, ал қаңтарда - клип түсіріп, телеарналарға бердік", - деді Исмаилова.

Өзбекстан сазгерлер одағының мүшесі, музыкатанушы Равшанбек Матжоновтың айтуынша, Кәрімов кезінде мұндай мадақтау әндерін құптамаған, сол үшін әншілердің кейбірі жазаланған.

"Әртістерге мұндай ән орындап шығуға тыйым салынған. Кейбір әншілер, әрине, мадақтау әндерін айтып жүрді, бірақ оларды үлкен сахнаға жіберген жоқ", - деді Матжонов.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 675
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2658
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1706