Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4932 3 пікір 30 Мамыр, 2017 сағат 10:57

Түркіменстанда «гүленшілерге» қатысы бар делінген елуден астам адам ұсталды

Түркіменстанның Лебап облысында соңғы бір айда «гүлендік қозғалысқа» қатысы бар делінген елуден астам адам тұтқынға алынған.

Түркіменстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөз арнайы қызмет сәуір айының аяғында аймақтарда ірі рейд жүргізді дейді.

Оның сөздерінше, түрік лицейінің мұғалімдері мен барлық түлектері ұсталған. «Түнгі сағат ондар шамасында №2 мамандандырылған мектептің мұғалімдері тұратын жатақханаға басып кірген. Сол түні жеті мұғалім мен үш қонақты алып кеткен. Келесі күні тағы келіп, екі мұғалімді тұтқындаған. Ал Атамырат қаласында білім орталығының төрт қызметкерін ұстап алып кетті»,- дейді аты-жөнін айтуды жөн көрмеген дереккөз.

Бұл ақпаратты билік құрылымында істейтін шенеуніктің бірі растаған. Оның сөздерінше, 23 сәуірден бері Лебап қаласында бірнеше рет «гүленшілерді» ұстау операциясы жүрген. Ол қуғын-сүргіннің жаңа түріне кәсіпкерлер, танымал тұлғалар, ағарту ісінің мамандары ілінді дейді.

Түркия билігі ислам дінін насихаттаушы Абдуллах Гүленді елге төңкеріс жасамақ болды деп айыптап, оған қатысы бар делінген барлық азаматтарды жаппай тұтқындап жатқан кезде, түркімен билігі де «гүленшілерге» қарсы іс қозғаған. Түркіменстанда осы күнге дейін бар-аяғы 150 адам ұсталған. Олардың бірқатары тергеуден кейін босатылса, енді бірі ұзақ мерзімге түрмеге жабылды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339