Жұма, 22 Қараша 2024
5519 0 пікір 1 Маусым, 2017 сағат 09:16

Мирзияев "арсыз" банкирлер үшін Азимовқа сөгіс жариялады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жиналыста банкирлер мен қаржыгерлерді «сандалбайлар мен парақорлар» деп атап, премьер-министрдің орынбасары Рустам Азимовты бұл салада бақылау жоқ деп сынға алды.

Шавкат Мирзияев банк қызметкерлерін сынға алып, «тек көңіл көтеру үшін өмір сүреді», айлық алып қана қоймайды әрі «пара да алады» деді. Оның айтуынша, банк қызметкерлері әрбір үйді аралап, халықтың кәсіпкерлікпен айналысуына мүдделі болуы керек.

Өзбекстан президент егер Рустам Азимов дұрыс жұмыс істейтін болса, бұл мәселені қатаң бақылауға алушы еді деп премьер-министрдің орынбасарын сынға алды. «Біз өзіміз осындай жағдайға алып келдік. Мұнда қожайын да жоқ, сұраныс та жоқ. Халық неге наразы? Себебі қаржыгерлер дұрыс жұмыс істемейді. Үй-үйді аралап, тұрғындарға несие ұсынған адам ешқашан мемлекеттің жауы атанбайды. Ешқашан!», - деді президент.

«Сен банкирлерді арлы болуға шақыратын экономикалық комплекстің жетекшісі емессің бе, Мұны сен неге істемейсің?! Себебі сен қаржы министрлігінен қорқасың. Себебі Ташкентте отыратындар аудандық шенеуніктерден пара алады. Шын мәнінде мен сені қызметтен шеттетуім керек! Мен аудандық қаржыгерлердің 50 пайызын қызметінен аламын, олардың барлығы сандалбайлар! Арсыздар осы үшін жауап береді?!», - деп мәлімдеді Шавкат Мирзияев.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301