Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4365 3 пікір 7 Маусым, 2017 сағат 13:55

Әблязов 20 жылға бас бостандығынан айрылды

БТА банктің бұрынғы жетекшісі Мұхтар Әблязов 20 жылға бас бостандығынан айрылды.  Астана қаласындағы қылмысты істер жөніндегі  Алматы ауданаралық арнайы мамандандырылған соты оған осындай үкім кесті.

Сот үкімі бойынша Әблязовтың дүние-мүлкі тәркіленіп, 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ экс-банкир жазасын өтеп болған соң 3 жыл банк-қаржы қызметімен шұғылданбауы керек.

БТА банктің экс-төрағасы Сәдуақас Мәмеш те 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Ол да 3 жыл өтпей өз кәсібімен айналыса алмайды.

БТА банк басқарамасы бастығының орынбасары – несие комитетінің төрағасы Жақсылық Жәрімбетов те 5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айрылды.

Банктің несие жөніндегі директоры Қайрат Садықовтың дүние-мүлкі тәркіленіп, 15 жылға сотталды.

Айта кетейік, Мұхтар Әблязов сотқа қатысқан жоқ. Оның соттағы сөзін мемлекет тағайындаған қорғаушы сөйледі.

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1129
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2661
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746