Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5634 1 пікір 9 Маусым, 2017 сағат 12:44

Ресей жалға алған полигондарды қайтарып жатыр

Ресей Атырау облысына қарасты 625 мың гектар жерді Қазақстанның мемлекеттің қорына қайтарып беретін болды. Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасының жетекшісі Арман Баженов мәлім етті.

«Қазақстанның активіне Тайсойған палигонына тиесілі жерлер қайтарылатын болды. 749,6 мың гектардың 624,6 мың гектары биыл беріледі. Бұл жерлер Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің жалға алып отырған жерлері еді. Енді бұл жерлер ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын болады. Әсіресе жайылым ретінде және шаруаларға беріледі. Және бір бөлігі мұнай өңдеу жұмыстарына бағытталуы мүмкін. Мұның барлығы өңірдің экономикалық әлеуетін көтеруге үлкен септігі тиетіні сөзсіз», — дейді Арман Баженов.

Естеріңізге сала кетейік, Парламент Сенаты Қазақстан мен Ресей арасындағы жерді жалға беру туралы келісімдерді қайта қарап шыққан еді. Сөйтіп, 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған келісім бойынша Ембі полигонын Ресейге жалға беру туралы шарттың мерзімінің аяқталғанын айтқан.

Ал ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Ресейліктер қайтарып берген Ембі полигонын ауылшаруашылық мақсатында пайдаланатынын айтып отыр.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730