Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 7774 3 пікір 13 Маусым, 2017 сағат 07:43

Еркектің "инструментін" емес, қуат көздері инструментін жазыңдар

ЕХРО басталғалы біздің журналистер жазып жатыр-ақ. Бірақ көрме көтерген тақырыпта емес, көбі бостекі әңгімелер. Көрме орналасқан ғимараттың жылтырағы, отшашулар, кәнсерт-мәнсерттер, мәдени шаралар, көрмеден түсетін ақшалай пайдалар, Африкадан ба екен, сондай ыстық жерден келген адамдардың Астанада «инструментін» ғана жауып, қалған жері жалаңаш жүргені, облыстардан, шетелден қанша адам келді т.б.

Мен біздің журналистердің нақты тақырып аясында ақпарат жазғандарын қалар едім. Нақты тақырып – қуат көздері туралы ғой. Қай мемлекет қандай қуат көзін ұсынады, оны біздің елде пайдалануға бола ма, оның артықшылықтары мен кемшіліктері және т.б.

Біздің Қазақстан бұл салада не істеп жатыр екен? Ғалымдар мен тапқырлардың ұсыныстары қандай? Көрменің мақсаты да сол ғой. Әлде, құр даурықпа, ат шығару ма? ХХ ғасыр басында ма екен, орыстың ғылыми экспедициясы Маңғыстау жерін талай зерттеген. Мұнай т.б. қазба байлықтарын іздеген. Сонда бір ғалым (атын ұмытып тұрмын) сол жердегі қуат көздерін есептепті. Ол жерде уран, көмір және әрине мұнай-газ бар. Қуат көзіне жыл он екі ай бір тынбай азынайтын да тұратын желді де қосады. Сонда ең көп деген мұнай желмен салыстырғанда жіп есе алмайды екен. Жел 100 проц болса, мұнай 1-10 проц шамасында.

Ана жылы "Ана тілі" газетінде жүргенімде "Қызылорданың желі – Қызылорданың байлығы" деген мақала жазып едім. Сонда бір тоқтамайтын желді электр қуатына айналдыруды айтқанмын. Қуаттың біздің елде одан басқа да көздері жетіп артылады. Бірақ соған әлі күнге дейін ешкім мойын бұрмап еді, енді мынау көрме сол олқылықты толтыра алса жақсы болар еді. Сондықтан жылтырақ залдарда түскен суреттер емес, оқырманға нақты тақырып төңірегіндегі ақпараттар керек. Сезім-мезім дегенді былай ысырып тастап, көрме тақырыбына мойын бұрған жөн.

Нұрлыбек Сафин

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385