Қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер: "Қолдаймыз", "Құптаймыз"
Қолдауға тұрарлық оңды өзгеріс
Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін алғаннан бері танымастай өзгеріп, экономикасы мен мәдениеті дамыған, салт-дәстүрі сақталған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болып отыр. Мұндай жетістіктерге жеткен мемлекеттердің қатары саусақпен санарлық. Қазірде елімізді әлемнің көптеген елі танып жатыр. Осы жолда аянбай еңбек етіп, салиқалы саясаты мен ұшқыр ойы, дана ақылымен Елімізді алға сүйреп жүрген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.
Осы уақытқа дейін жеткен жетістігімізді ескере отырып, Астана қаласы әуежайының атауын Мемлекетіміздің басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен атаулуын қос қолдап қолдаймын.
Баян Ахметжанова,
«Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Ел көңілінен шыққан ұсыныс
Бүгінгі күні Астана қаласы күллі әлем көз тігіп отырған көптеген іс-шараларды өткізуде. 20 жылдың ішінде Елордамыз адам танымастай өзгеріп, Қазақстан Республикасының айнасы болып отыр. Бас қаламыздың сәулетін құру үшін әлемге әйгілі сәулеткерлердің ғимараттары бой көтерген. Солардың барлығын ұйымдастырып, Астананың 20 жыл ішінде ару қалаға айналуына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өлшеусіз үлес қосты. Елбасының осы уақытқа дейінгі Елімізге, Астана қаласына қосқан үлесін ескере отырып, Астана қаласы Әуежайының атауын Тұңғыш Президентіміздің атымен өзгерту туралы ұсыныс пен Үкіметтің шешімі көптің көңілінен шықты деген ойдамын. Себебі мұндай жұмысты атқара алу әркімнің қолынан келе бермейді.
Гүлнар Байымбетова,
«Ассоциация Қазақстан әйелдері «заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы