Алматыда кілемдер жәрмеңкесі өтеді
Жуырда Алматыда «Ұлы дала кілемдері» кілемдер өнімінің екінші жәрменкесі өтеді. Бұл туралы «Абай ақпарат» хабарлайды.
«Ұлы дала кілемдері» жәрменкесі – еліміздің ең ауқымды іс-шарасы, онда Бельгияның, Түркияның, Иранның, Ресейдің, Өзбекстанның және Қазақстанның 1000-нан астам кілем түрлері көрсетілімге қойылады.
Жәрмеңке барысында эксклюзивті кілемдер мен жаңа тауарлар топтамасы ұсынылмақ. Сондай-ақ, кілемдер қол жетімді бағада сатылымға шығарылады деп күтілуде.
Ұйымдастырушылар кілемді дұрыс таңдау мақсатында алматылықтар үшін үшін арнайы мастер – класстар өткізбек. Сонымен қатар, ұтыс ойындары да болады. Ұзын-ырғасы 20-дан астам кілем ұтысқа тігіледі.
Кілемдер жәрмеңкесін 2017 жылдың 28 маусым мен 2 шілде аралығында, таңертеңгі сағат 10:00 мен кешкі 19:00 аралығында Балуан Шолақ спорт сарайында болады.
Ескерту! Кіру тегін. Нақты мекен-жайы: Алматы қ. Абай даңғылы 44, Байтұрсынов көшесінің қиылысы. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласыңыздар: +7 (727) 250 25 00, +7 (775) 927 29 09.
Abai.kz