Самат Сабдалин. Комсомолды аңсау – құлдық сананың көрсеткіші!
КСРО ыдырап, коммунистік тоталитарлық режимнің құлағанына жиырма жыл болып қалды. Алайда, сол заманды аңсап, оны қайтадан жаңғыртқысы келетіндер саны соңғы жылдары көбеймесе, азайған жоқ. Оның дәлелі - еліміздің түкпір-түкпірінде 29 қазан күні Комсомол күнін атап өту дәстүрі.
Өкінішке орай, құлдық, отарлық заманды аңсаушылардың қатарында бүгінгі Тәуелсіз мемлекеттің тұтқасын ұстап отырғандар аз емес. Естуімізше, 29 қазан күні еліміздің барлық облыстарында дерлік кешегі комсомолдар, бүгінгі әкім-қаралар мен белсенді бизнесмендер мейрамханалар мен клубтарда бас қосып, өткенін аңсап, жастық шақтарының әндерін шырқап тарасыпты.
Кейбір облыстарда бүгінгі билікшіл және билікке қарсы коммунистер де өздерінің үлкенді-кішілі акцияларын өткізіп, Кеңес заманын насихаттауға өз үлестерін қосыпты. Мысалы, ақтөбелік «халықтық коммунистері» (басшысы Косарев) қаладағы автобус аялдамаларының бірін «Комсомол жив» деген сөздермен көмкеріп, Че Гевараның суретімен безендіріпті. ҚХКП-ның аөтөбелік филиалының басшысы Жаннат Молдашев: «Біз биліктен рұқсат сұраған жоқпыз. Несі бар? Жаман ба? Бізге де жақсы, аялдама да бұрынғы «Комсомольская атына лайық болды» - деп қуанып отыр.

Ең сорақысы - Ақтөбедегі комсомолдық акцияны өткізгендердің дүйім көпшілігі өзімізідің қазақ жастары екені! Сонда қалай, олар үшін Тәуелсіздігіміздің бір тиын құны болмағаны ма? Әлде туған елінің тарихын мүлдем білмегені ме? Өздері мақтан тұтқан комсомолдардың кезінде қаншама қылмыс пен сұмдықтың бас-қасында жүргенін ұмытып кеткені ме? Қызылдардың тікелей қатысуымен миллиондаған қазақтың қырылғанын білмей ме? Коммунистік идеологияның айналып келгенде отарлық идеология екенін білмей ме?
Жалпы алғанда Қазақстанның барлық аймақтарында кеңестік ностальгия басталған сияқты. Әр қалада «комсомолдық» мен «пионерлік» клубтар, мейрамханалар, дискотекалар ашылып жатыр. Оларға баратын негізінен өзіміздің қазақ жастары. Олар Кеңес заманының эстетикасын, идеологиясын байқамай бойына сіңіріп жүр. Оған күні-түні Ресей телеарналары мен баспасөзі арқылы КСРО-ны аңсап, оны бір құдірет етіп көрсету саясатын қосыңыз. Жастарымыздың санасы осылай улана беретін болса, ертеңгі күні ел басына күн туғанда елін, жерін қорғаудың орнына жаңа отаршылардың алдынан «хлеб-соль» ұстап шықпасына кім кепіл?
Коммунизмді, комсомолды аңсау - құлдықты аңсау! Кеңес заманын, кеңестік идеологияны аңсау - мемлекетіңді, халқыңды, жеріңді сатумен пара-пар! Абай болайық, абайшыл болайық, ағайын!
«Абай-ақпарат»