«Тығырықтан жол тапқан» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді
4 шілде күні сағат 12-00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында Астана күніне орай Рүстем Әбдірашевтің «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі болады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Бұл туынды – «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау» фильмдерінен кейінгі «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі. Фильмде еліміздің тұңғыш Президентінің мемлекеттік қайраткер ретінде және партия ұйымының жетекшілігінің қалыптасуы жолдарын қамтиды. Мемлекет басшысының партком хатшысы болып сайланып, үлкен саясатқа енді араласа бастаған 1971-1977 жылдар аралығын қамтиды.
Қайырымдылық көрсетілім отан қорғаушылардың патриоттық сезімін нығайту мақстында Қазақстан Республикасының № 7552 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскерлеріне арналып көрсетіледі.
Abai.kz