Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2290 0 пікір 7 Қараша, 2010 сағат 06:35

Назарбаев құқық қорғау органдарын жемқорлықпен күресте арандатушылық пен БАҚ-тарда айтылатын сындарға берілмеуге шақырды

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдары арандатушылық пен бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан айтылатын сындарға берілмеуі керек, деп президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдау барысында мәлім етті, деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі жұма күні хабарлады.

Ақпараттық-баянда көрсетілгендей, Қ. Қожамжаров президентке қыржы полициясының сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының жолын кесу және көлеңкелі экономиканы бейтараптандыру жөніндегі қызметі туралы баяндады.

«Мемлекет басшысы әлемдік қоғамдастық Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жоғары бағалайтынын атап көрсетті. Алайда, отандық БАҚ-та бұл жұмыс аз сыналмайды. Атап айтқанда, сотқа негізінен «ұсақ шабақтар» тартылады дегенді желеу етеді. Бірақ, ірі фигуралар ұсталғанда, жаппай қарсы тұру, құқық қорғау органдарын жамандау, жемқорларды қорғау басталады», - делінген хабарда.

« Біз бұған жол бермеуге тиіспіз. «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заң қабылдағанда, мен өз мәлімдемде күрес қатаң болатынын ескерткенмін. Біз құқық қорғау органдарын бір-біріне айдап салу, бір-біріне деген сеніміне селкеу түсіру мақсатындағы барлық өсек-аяң мен арандатуға назар аудармастан, оны аяғына дейін жеткізуіміз керек. Құқық қорғау органдарында, әсіресе сыбайлас жемқорлықпен күресте, қалыпты, қатаң жұмыс жүруде. Барлығы да біздің бұл жұмысты мүлтіксіз жүргізетінімізді түсінуге тиіс», - деп айтқан президент сөзін баспасөз қызметі келтіреді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446