Сенбі, 23 Қараша 2024
Дін мен тін 3873 0 пікір 17 Шілде, 2017 сағат 17:02

«Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» атты облыстық семинар өтті

«Алматы облысының дін істері басқармасы», «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» атты облыстық семинар өтті, - деп хабарлайды Алматы облысының дін істері басқармасы.

Семинардың мақсаты – дін мен дәстүр егіз екендігін насихаттау. Шара барысында Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Б.Рахымбаев семинарды арнайы ашып, кіріспе сөзін сөйледі.

Сондай-ақ жиында шет тілдері және іскерлік карьера университетінің оқытушысы, Дінтану ғылымдарының PhD докторанты Н.Адуллаевпен Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Т. Нүсіпхановтар қатысушыларға Дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы толық ақпарат берді.

Семинарға Алматы облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, дінтану және зайырлылық пәні мұғалімдері, аудан имамдары, ауыл тұрғындары,  белсенді жастар, қатысып  дін саласындағы мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, қосымша керекті ақпарттармен қамтылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480