Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2941 0 пікір 10 Қараша, 2010 сағат 07:31

Лимана Қойшиева. Дәстүрлі емес діндер “шәкірттерді” қалай шырмайды.

Қазақстан өз алдына тәуелсіз­­дігін жариялап, сенім бостанды­ғына ерік берген тұста, сырттан ағылған діни ағымдар ағыны ұлғая түсті. Халықаралық құқықтық нор­­маларды бекітіп, конвен­ция­ларға қосылу сырттан келетін діни ағымдардың да ықпалын күшей­ту­ге жол ашты. Дәстүрлі емес діндер санатына кіретін ағымдар елдің әлеуметтік ауыр ахуалын пайда­ланып, өздерінің мақсат-мүддесін жүзеге асыруға белсене кірісті. Соңғы оншақты жылдың көле­мін­де дәстүрлі емес діни ағымдардың саңырауқұлақтай қаулауы осының айғағы.

Жаңашылдыққа және жалпы белгілеріне орай біріккен жаңа діни ұйымдар мақсаттары, ұйым­дастыру түрлері, қызмет сипаты бойынша ала-құла болып келеді. Қазақстандағы аталмыш ағымдар­дың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың біздің мем­ле­ке­тімізде пайда болғанына ұзақ уа­қыт бола қойған жоқ және олар­дың бойында дәстүрлі конфес­сия­ларға тән емес белгілері жеткілікті.

Қазақстан өз алдына тәуелсіз­­дігін жариялап, сенім бостанды­ғына ерік берген тұста, сырттан ағылған діни ағымдар ағыны ұлғая түсті. Халықаралық құқықтық нор­­маларды бекітіп, конвен­ция­ларға қосылу сырттан келетін діни ағымдардың да ықпалын күшей­ту­ге жол ашты. Дәстүрлі емес діндер санатына кіретін ағымдар елдің әлеуметтік ауыр ахуалын пайда­ланып, өздерінің мақсат-мүддесін жүзеге асыруға белсене кірісті. Соңғы оншақты жылдың көле­мін­де дәстүрлі емес діни ағымдардың саңырауқұлақтай қаулауы осының айғағы.

Жаңашылдыққа және жалпы белгілеріне орай біріккен жаңа діни ұйымдар мақсаттары, ұйым­дастыру түрлері, қызмет сипаты бойынша ала-құла болып келеді. Қазақстандағы аталмыш ағымдар­дың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың біздің мем­ле­ке­тімізде пайда болғанына ұзақ уа­қыт бола қойған жоқ және олар­дың бойында дәстүрлі конфес­сия­ларға тән емес белгілері жеткілікті.

"Дәстүрден тыс діни ағымдар" дегенде, еліміздегі жас буынның көз алдына не елестейді? Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жас­тар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Олар дәстүрден тыс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі. Алайда, олар өздерін адамның рухани қажеттіліктерін өтейтін, өмірдің мәнін ұғынуға көмек­те­сетін, рухтың мәңгілік екендігін тү­сіндіретін, пендеге тән қайғы-қасіреттерден құтқарып, өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін адам ретінде көрсетуді шебер меңгеріп алған. Олар діни сауаты жетіле қоймаған, өмірлік бағыт-бағдары жаңа қалыптасып келе жатқан жастарды алдау-арбау арқылы өз қатарларына тартады.

Ақиқатында, діни бірлестік­тер­дің басым көпшілігі кейбір аңғал жандар ойлағандай биік мақсат-мүдделерді көздемейді. Дәстүрден тыс діни ағымдар атаулының түпкі ниеті біреу-ақ, ол - қарапайым адам­дарды өз мақсат-мүдделеріне пай­далану, сол арқылы материал­дық игілікке кенеліп, билікке қол жеткізу.

Әдетте, дәстүрден тыс діни ағ­ым мүшелері "көсемнің немесе "ұс­­­­таздың" айтқанын бұлжытпай ор­ындайтын темірдей тәртіпке мой­­­ынсұнады. Ұйымның түпкі мақ­­сатын аттөбеліндей аз топ, яғ­ни "таңдаулылар" ғана біледі. Жа­ңа­дан қабылданғандар сектаға жән-тәнімен берілгендігін "ұстаз" бен "таңдаулылардың" алдында дә­лелдей білсе, "қызмет баспал­да­ғы­мен" өрлеуге мүмкіндік алады. Кө­ріп отырғанымыздай, ұйымдар­дың құрылымы да мемлекеттік құ­рылым сияқты. Маман пси­хо­лог­тар мен заңгерлердің оларды "қау­іп­ті" деп жүргені бекер болмаса керек.

Енді осы ағымдар қарапайым адамдарды қандай айла-әдістермен еліктіретініне тоқталайық. Бірін­ші­ден, жаңадан қабылданған "шә­кірт" ұйым мүшелерінің психо­ло­­­гиялық қысымына ұшырайды. Ол осы жерде дәстүрден тыс діни ағ­ым­дардың "махаббатына бөле­не­ді". "Құдай сені жақсы көреді, сен асқақ арман-мақсаттарды бағын­дыратын таңдаулылардың бірісің. Бізден басқа әлемнің барлығы кү­нәға белшесінен батуда" деген си­яқты әпсананы құлағына құяды. Нә­тижесінде, судай жаңа діни ағ­ым­дардың осы "бақытты от­ба­сының" бір мүшесіне айналуға де­ген құштарлығы күшейе түседі. Топ­тасып ән шырқау, бір-бірімен төс қағыстырып құшақтасу, мадақ­тау сияқты кішкентай балаларды алдайтын тәсілдердің барлығы ұйымда кеңінен қолданылады.

Екіншіден, дәстүрден тыс діни ағымдар мүшелері қоршаған ор­тасынан іргесін аулақ салып, өз бе­тінше бөлек өмір кешеді. Ал ұй­ы­мнан тысқары әлемнен қол үзген адам уақыт өте келе "ұстазының" айтқандарының анық-қанығына ой жүгірту, оны шынайы өмірмен салыстыру мүмкіндігінен айыры­ла­тыны түсінікті жәйт.

Үшіншіден, қауіпті діни ұй­ым­дарда мүшелерінің ойлау қабілетін тежейтін түрлі әдістемелер қол­данысқа ие. Мәселен, бір сарынды әндерді жиі шырқату, бір қи­мыл­дарды үнемі қайталатудың ақыры адамды психологиялық тәуелді­лікке ұрындырады.

Тағы бір айта кетерлігі, "от­ба­сында құпия болмау керек" де­ген­ді желеу еткен "ұстаз" "шәкіртіне" жасаған күнәларын мойындатып, арылуға "көмектеседі". Ішкі сыр­ла­рын жайып салғаннан кейін өзін күнәһар жан ретінде сезінген "шәкірттің" бойында қорқыныш, үрей күшейе түседі.

Бесіншіден, "рухани тұрғыда шы­нығу" үшін ұйқыдан бас тарт­қандар мадақталады. Тоя тамақ­тан­бау рухани тұрғыда жетілуге көмектесетін диета деп саналады. Сондай-ақ, ұйымға жаңадан қо­сыл­ған жандардың оңашада ой қо­рытуына мүмкіндік бермеу үшін ұй­ымның өзге мүшелері оны еш­­қашан жалғыз қалдырмайды. Осы­лайша, дәстүрден тыс діни ұйым санатына қосылған жан аз уақыт ішінде ой-санасы өзгерген, мүлде басқа кейіптегі адамға айналады.

Дәстүрден тыс діни ұйым шыр­мауына ұшыраған адам өзін қалай сезінеді? Психологтардың ай­­туынша, "ұстазына" құлдық ұр­ған "шәкірттің" көкірек көзі ашы­лып, ақиқатқа көз жеткізеді, құ­дай­дың нұрын сезінеді. Оның бой­ында жаңа психологиялық қа­­си­­ет­­тер дамиды. Қарапайым тілмен баяндар болсақ, дәстүрден тыс ді­ни ұйымдардың алдап-арбауының салдарынан сәби қалпына қайта оралғандай күй кешеді. Ол өзінің бұрынғы қадір-қасиеттерін тәрк етіп, сол ұйымдарға ұнамды бей­нені қабылдайды. "Ұстаз" бен "таң­даулылардың" айтқаны ол үш­ін бұлжымас қағидамен тең. Мә­селен, "Бірлік шіркеуі" деп ата­латын сол қауіпті ағымдардың әлем­нің көптеген елдерінде кә­сіп­орындары бар. Шіркеуге тиесілі кәсіпорындарда жұмыс істейтін дәстүрлі емес діни ағымдардың мар­дымсыз жалақы үшін есіл ең­бек­­терін сарп етуде. Аталған ұйым жаңадан қосылған мүшелерінен табыстарының бір бөлігін беріп тұруды және барлық жиған-терген мүліктерін өздерінің атына ауда­ру­ды талап етеді.

Ұйымға "өз еркімен" қосылған адам үшін "жаңа отбасын" тастап кету туралы ойлаудың өзі қор­қы­нышты. Ұйым мүшелері де оны өз қатарларында қалдыруға тырысып бағады. Қазіргі таңда, дәстүрден тыс діни ұйымның мүшелерін құт­қарудың екі түрлі тәсілі бар. Бі­рінші тәсіл "қайта программалау" деп аталады. Яғни, адамды сол қау­іпті ұйымнан күштеп ұрлап әке­тіп, бір бөлмеге қамап, оған "та­ту-тәтті отбасы" туралы барлық шын­дықтың бетін ашу. Әрине, жан-тәнімен сеніп келген "ұс­таз­дың" алаяқ екенін есту, өзінің ал­дан­ғанын түсіну оған оңай соқ­пай­ды. Және бір айта кетерлігі, ді­ни ағымдар осындай жолмен жа­қы­н­ын құтқармақ болған адамның үстінен тиісті органдарға шағым түсіре алады. Мұндай жағдайда дәстүрлі емес діни ағымдар қыл­мы­сын дәлелдеу қиынға түсетін­дік­тен, көп жағдайда сот про­цесінде олар жеңіп шығады.

Теріс пиғылды діни ұйымдарға қатысты мемлекеттік саясаттың бол­мауы бұқаралық ақпарат құ­рал­дарында да дәстүрден тыс діни ағ­ымдар туралы объективті ақпа­рат­тың жеткіліксіздігіне әкеліп отыр. Көптеген журналистер шиеленісті жағдай мен сот сергелдеңінен тай­сақ­тап, теріс пиғылды діни ұй­ым­дардың қызметін жазудан өздерін аулақ ұстайды. Сол себепті, діни мәселелер бойынша халықты нақ­ты ақпаратпен қамтамасыз етуде елде әлі де болса олқылықтың ба­ры байқалады. Бұл өз кезегінде бі­лім саласында, балалар мен жас­тар­ды тәрбиелеу жүйесінде, үл­кен­дер арасында ағартушылық сая­сат­ты белсенді жүргізу жүйесінде өз­ек­ті өзгерістерді талап етеді. Пе­да­гогикалық және ағартушылық ша­ралар, теріс пиғылды діни ұй­ым­дар мен психокульттердің теріс пи­ғылды ықпалын мейлінше азай­туға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде ізгі идеялар күн тәртібінде жиі көтеріліп отыр­ға­нымен, ал шынайы жағдайда бас­қаша. Өйткені, дәстүрден тыс діни ағымдар - оңайлықпен шешімін табатын мәселе емес. Олар кез кел­ген коммерциялық дәстүрден тысқары діни культтер, құбылыс пен процестер сияқты қазіргі социумның іргелі мәселелерінің индикаторлары болып табылады.

Адам осындай жағдайда бұ­рын-соңды тәжірибесінде кездес­пе­ген мәселемен бетпе-бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құралдарынан да бейхабар болады. Аталған мәселеге қарсы тиімді кү­ресудің саналы түрде жасалған мә­дени тетіктері де қалыптаспаған. Сол себепті көптеген мәселені ше­шу үшін арнайы мемлекеттік бағ­дарлама қабылдап, жүзеге асыру қажет. Оған төмендегі бағыттағы қызметтерді енгізген абзал:

біріншіден, теріс пиғылды діни ұйымға кірген адамдарға психо­логиялық ықпал ету және олардың санасын арбау бойынша медико-психологиялық зерттеулер ұйым­дас­­­­тыру. Зардап шеккендерді емдеу және сауықтыру әдістерін, диагностикалық және психо­ло­гия­лық әрекет әдістерін жасау. Теріс пиғылды діни ұйымдардың ық­па­лына түскен адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне пси­хологиялық, дәрігерлік көмек ұй­ым­дастыру. Психологиялық қа­у­­іп­сіздік туралы мемлекеттік заңды әз­ір­леу үшін медико-пси­холо­гия­лық негіздеме дайындау;

екіншіден, мемлекеттік құры­лым­дар және діни ұйымдардың қа­рым-қатынасын үйлестіретін те­тіктер жасау және жүзеге асыру. Ір­іткі салушы культтердің әре­ке­тінен зардап шеккен азаматтарды қорғау бойынша заң, құқық қор­ғау, сот органдары және діни ұй­ым­дармен жұмыс жөніндегі ар­найы құрылымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;

үшіншіден, балалар мен жас­тар­дың зайырлы білім алу құ­­қы­ғын бұзбайтын және шектемейтін тұрғыда рухани тәрбие беретін бағдарламалар жасау және оларды бірізділікпен жүзеге асыру;

төртіншіден, азаматтарға теріс пиғылды діни ағымдардың жағым­сыз салдарын ескерту және сау­ық­тыруда әлеуметтік, әлеуметтік-пси­хологиялық және рухани-педагогикалық шаралар жүйесін айқындау.

Осындай шараларды қабыл­­даған күнде ғана еліміздің ертеңгі қауіпсіздігіне қатер төндіретін дәс­түрлі емес діндердің іріткі са­луы­ның алдын алуға болады.

 

 

Лимана Қойшиева, Мәдениет министрлігі Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының жетекші ғылыми қызметкері.

«Егемен Қазақстан»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534