Сенбі, 23 Қараша 2024
7212 18 пікір 25 Шілде, 2017 сағат 15:02

Нұрлан Қоянбаев: «Мақсатым – президент болу»

Суретте: Президент Н.Назарбаевтың Н.Қоянбаев жүргізетін "Түнгі студия" бағдарламасында қонақта болған сәті

 

Танымал тележүргізуші, әйгілі «КВНщик» Нұрлан Қоянбаев осыдан 18 жыл бұрын, «Жас Алаш» газетінің 1999 жылғы қараша айында шыққан «Студент» қосымшасына сұхбат беріп, онда «түпккілікті мақсатым – президент болу» деген екен. Және үлкен саясатқа 15 жылдан кейін араласатынын да айтыпты. Біз сол газет қосымшасындағы сұхбаттан үзіндіні айна-қатесіз оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Н.Қоянбаев қазір «Қазақстан» РТРК-ның бас продюсері. Ел ішінде танымал адамдардың бірі. Егер Қоянбаевтың қазіргі атақ-даңқымен, қоғамға танымалдылығын ескерсек, ол 1999 жылы айтқан мақсатына жету жолында еңбектеніп жатқандай әсер қалдырады.

Қазақстанда кез келген адам президент бола алмайды. Өткенде сайлау туралы Конституциялық заңға өзгеріс еніп, ол бойынша президенттіктен үміткерлердің мемлекеттік қызметте немесе сайланатын мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесінің болуы қажет. Ал, Н.Қоянбаевтың мақсатына бұл өзгерістер кедергі бола ма, болмай ма ол жағы бізге беймәлім.

Сонымен, Н.Қоянбаевтың он сегіз жыл бұрынғы сұхбатынан үзінді жариялай отырып, Нұрлан мырзаның бұрынғы айтқандарына алып-қосары болса оны да жариялауға дайын екенімізді айтқымыз келеді.

Abai.kz


- Тарих факультетін тәмәмдаған соң бойыңдағы қабілетіңді әрі қарай дамыту үшін театр институтына баратын шығарсың?

- Жоқ, өкінішке орай, олай болмай тұр: ендігі кезекте заң-құқық білімімен «қарулансам ба» деймін. Өйткені, менің түпкілікті мақсатым – президент болу ғой. Қазіргі ісімнің бәрі сол үлкен мақсат жолындағы әрекет болып табылады. Осы күндегі басты арманым – қазақ жастарын ортақ мүддеге топтастыру, олардың өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін ояту. Мен өте-мөте ұлтжанды жігітпін. Маған бір мұжықтың кемпірі «сен ұлтшылсың» деген-ді. Ұлтым үшін қажет болса, мен мұндай айыптаулы атақтан да бас тартпас едім.

- Үлкен саясатқа қашан араласасың?

- 15 жылдан кейін. Сол кезде мен 35 жаста боламын.

- Кешігіп қалмайсың ба?

- Күтпеген сауалым. Бірақ әлгі уақыт аралығында «ай қарап, жұлдыз санап» жүрмесім анық қой. Әзірге барша тарихи оқиғаларды талдап, сараптау үстіндемін. Мұның өзі көп пайдалы көрінеді. Өзіндік пікірің, көзқарасың қалыптаса бастайды.

 

Дайындаған – Шәріпхан Қайсар

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5384