Қазақстанда телекөрсетілімдердің дамуына кедергі болып отырғаны - шетелдік телеөнімдерге либералдық таныту, деп есептейді КТК телеарнасының бастығы
Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – Әділ Орманов. Қазақстандық телекөрсетілімдердің дамуына кедергі болып отырғаны - шетелдік телеөнімдерге либералдық таныту. «КТК» АҚ бас директоры Арман Шураев жұма күні БАҚ-тарды дамытуға арналған «Медиа-құрылтайда» сөйлеген сөзінде осындай деген пікір білдірді.
«Қазақстандық БАҚ-тарды дамытуға негізгі кедергі болып отырғаны - «ОРТ-Евразия» телеарнасы. Қазақстандық жарнама нарығының мөлшері $150 млн болып тұрғанда, «ОРТ-Еуразия» жарнамалық қаражаттың жартысын алып қояды. Қазақстандағы басқа БАҚ-тардың барлығы нарықтың қалған жартысын қанағат тұтады», - деді А. Шураев.
Ол осыған байланысты Қазақстандық БАҚ-тарға қалыпты даму үшін қаражат жетпейді деп есептейді.
Телеарна жетекшісінің пікірінше, «ОРТ-Евразия» телеарнасының хабар таратуын Украина мен Беларусьтағыдай эфирден «кабельге» ауыстыру керек. «Қалайтындар ресейлік телеарнаны қарай берсін. Ол арнаның онда 5 рейтингтік пункті болады», - деді ол.
КТК басшысы сондай-ақ аймақтарда халық спутниктер арқылы таратылатын шетелдік өнімдерді көргенді қалайтынына назар аударды. Қазақстанның ауыл тұрғындарының 75%-ы спутниктік арналарға қол жеткізген, және олар қазақстандық телеарналардың өнімдерінен гөрі шет елдік арналардың өнімдерін көргенді қалайды, деп налынды А. Шураев.

Журналист сондай-ақ, ресейлік басылымдардағы қазақстандық қосымшалар мемлекеттік қолдау көріп отырғанын жеткізді. «Бірде мен Омбыдағы досыма қазақша газет беріп жіберуге әрекеттендім. Оны шекарада жібермей қойды. Олар газеттегі материалдарды аударып, Қазақстандағы Ресей елшілігінде куәландырып, содан соң газетті алып өтуді ұсынды. Бұл ақпараттық қауіпсіздіктің (мемлекеттегі – ҚазТАГ) қалыпты тәжірибесі. Бізде «Известия», «Аргументы и факты» еркін саудада бар. Және бұл газеттерге тіпті мемлекеттік тапсырыс та бар», - деп түсіндірді ол өзінің ұстанымын.