Пенс Ресейдің грузин аумағын "жаулап алуын" сынады
АҚШ вице-президенті Майк Пенс жұмыс бабымен Тбилисиге барып, Вашингтонның Грузия аумағының тұтастығы мен егемендігіне қолдау көрсететінін мәлімдеді. Ол Ресейдің грузин аумағына жасаған "агрессиясы" мен "басқыншылығын" сынады.
"Америка Грузиямен бірге", – деді Пенс 1 тамызда премьер-министр Георгий Квирикашвилимен бірге өткізген баспасөз конференциясында. "Қазіргі таңда Ресей Грузия аумағының бестен бір бөлігін басып алып отыр", – деді Пенс. Оның айтуынша, АҚШ Ресейдің грузин жерін басып алғанын қатаң сынайды.
Кремль 2008 жылы Тбилисиге қарсы бес күндік соғыс жүргізген соң, Грузияның жікшіл аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз елдер деп таныған. Ресей екі жікшіл аймақта үлкен әскер ұстап отыр. Пенстің мәлімдеуінше, жақында Трамп Ресейге қарсы қосымша экономикалық санкциялар қарастыратын заң жобасына қол қояды.
Abai.kz