Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2191 0 пікір 15 Қараша, 2010 сағат 05:28

Ұлттық банк теңге бағамының айтарлықтай тербелісіне жол бермеу саясатын жүргізіп отыр - Марченко

Алматы. 15 қараша. ҚазТАГ – Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко қазіргі жағдайда елдегі валюталық нарыққа араласпау тиімсіз деп есептейді. Оның айтуынша, Ұлттық банк теңге бағамының күрт тербелісіне жол бермейді. Бұл туралы Г. Марченко 15-ші қарашада атап өтілетін Ұлттық ваюта күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесіне орайластырып, «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында айтады.

«Ұлттық банк ішкі валюта нарығының саудасына араласады, себебі толығымен араласпау саясаты тиімсіз болған болар еді. Бірақ соңғы айларда ұлттық банк интервенциясы елеусіз. Сөйтіп біз... ұлттық валютаның бағамының күрт тербелісіне жол бермейтін саясатты ұстанып отырмыз», - деп айтады бас банкир.

Ол сондай-ақ Ұлттық бланк қазіргіден де жоғары номиналдағы банкнот шығармайтындығын жеткізді. «Банкноттардың қазіргі қатары халық пен экономика мұқтаждығын толығымен қанағаттандырып отыр. Сондықтан қазір үлкен номиналдағы банкнот шығару жоспарымыз жоқ», - деді бас банкир, Т20 мыңдық номиналдағы теңге банкнотының шығу мүмкіндігі туралы сауалға жауап беріп.

Бас банкир банкноттардың өмір ұзақтығы туралы да айтып берді. «Әр номиналдың өз мерзімі бар. Бірақ, заңдылық бойынша номинал қаншалықты төмен болса, сол банкноттың ғұмыры да қысқа болады. Мысалы, төменгі номиналдағы банкноттардың «ғұмыры» 6 айдан 1 жылға дейінгі аралықта болады. Орташа номиналдар 1 жылдан 3 жылға дейін айналымда болады. Ал жоғарғы номиналдар 5 жылға дейін болады», - деді ол.

Газет мәліметтерінше, қазір нақты айналымда Т1,2 трлн ақша жүр. Жыл басынан бері ақша айналымы (төлем құралы ретіндегі ақша айналымының тиімділігінің көрсеткіші) 7,1 есе болды. Яғни ақша 10 айда 7 рет айналымда болды деген сөз.

Сұхбат барысында әңгіме қазақстандық тиындардың халықаралық көрмелерде дизайнерлік жұмыстары мен жаңаша көзқарас және орындау технологиясы үшін алған сыйлықтары туралы да болды.

«Қазақстан монет ауласы шекімелеп шығарған тоғыз тиын әртүрлі көрмелерде  халықаралық сыйлықтар алды. Кейбір тиындар бірнеше сыйлық алды. Мысалы, гауһар көздері бар естелік «Шыңғыс-Хан» мен «Жолбарыс» («Тигр») монеталары. Қазақстанның банкноттары да екі халықаралық байқауда жүлде алды», - деді Г. Марченко.

Ол теңгені енгізген 17 жылдан кейін оны енгізудің тиімділігі туралы ешқандай күдік қалмағанын атап көрсетті. «Өмір ол қадамның тарихи қажеттілігін қуаттап берді. Жас та болса ұлттық валюта уақыт сынына төтеп берді. Оны екі рет орын алған әлемдік қаржы дағдарысы мен мұнай бағасының құлдырауы және көтерілуі де күйрете алмады. Ұлттық валюта халық сеніміне ие болды. Ұлттық валютамыздың барлық сыннан мүдірмей өтуі оның даңдарысқа төзімді ұлттық ақша бірлігі ретінде толық қалыптасты деп айтуымызға мүмкіндік береді», - деп Ұлттық банк төрағасы атап көрсетті.

Ол Ұлттық валютаның қалыптасуының бірнеше кезеңін бөліп көрсетті. «Теңгені енгізген алғашқы жылдары Ұлттық банк пен үкіметтің ең басты міндеті - инфляцияны ақырындап ырықтандырып, өндірістің құлыдаруын тоқтату болды. Бұл міндетті шешу үшін құрылымдық қайта құру мен қатаң макроэкономикалық саясат ұстандық. Теңге  мен ұлттық қаржы жүйесінің дамуындағы келісідей негізгі кезеңдерді атап көрсетуге болады. 1-ші кезең – екі деңгейлі банктік жүйе мен банктік қадағалауды дамыту (1993–1998). 2-ші кезең – инфляцияны төмендету және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу (1996–1999). 3-ші кезең – қаржы жүйесінің даму қарқынын күшейту (2000–2007). 4-ші кезең – әлемдік қаржы дағдарысы пен дағдарыстан соңғы даму (2007-ші жылдан қазіргі кезеңге дейін)», - деді Г. Марченко.

Еске салсақ, 2010-шы жылғы 5-ші ақпанда былтырғы теңге-доллар валюталық тербеліс дәлізі Т150 +/- 3% -дан Т127,5-165 дәлізіне дейін орталық мәні Т150 болатындай етіп өзгертілген болатын. Ұлттық банк теңгенің әлсіреуінен гөрі күшеюі әбден ықтимал деп бірнеше рет мәлімдеген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578