Сенбі, 23 Қараша 2024
4578 0 пікір 4 Тамыз, 2017 сағат 09:48

Мәскеу мен Петербургте Али Ферузды қолдаған акциялар өтті

Мәскеу, Петербург, Вильнюс пен Берлинде "Новая газета" тілшісі Али Ферузды қолдаған акциялар өтті. Акцияға қатысушылар тілшіні Өзбекстанға депортациялау шешіміне қарсылық білдірді. Мәскеуде Ресей президенті әкімшілігі ғимараты жанында төрт белсендіні полиция ұстады.

Ферузды қорғап, "Шекарасыз тілшілер", Amnesty International және Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымдары мәлімдеме жасады. Құқық қорғаушылар журналисті Өзбекстанда азаптауы мүмкіндігін ескертті. "Новоя газета" редакциясы Ферузды Еуроодақ елдерінің біріне шығару үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Ол үшін журналистке Қызыл Крест төлқұжаты керек.

Адам құқықтарын қорғау кеңесі Ферузды депортациялау жөніндегі сот шешімі Ресей Конституциясына қайшы келеді деп атады. Кремль бұл мәселеге қатысты журналист екен деп миграциялық заңды бұзғаны үшін "көзді жұмып" қарай алмайтынын айтқан.

Али Феруз (Худоберди Нурматов) өткен сейсенбі күні Мәскеуде "Новая газета" редакциясының ғимараты жанында ұсталды. Бір күн бұрын ол өзін депортациялау жөніндегі сот шешіміне қарсы апеллияциялық шағым түсіріп, саяси баспана сұраған. 1 тамызда Мәскеудің Басман соты журналисті Өзбекстанға депортациялау жөнінде шешім шығарған. Осыдан кейін ол өзіне қол жұмсамақшы болды. 2012 жыды Феруздың төлқұжатын ұрлап кеткен. Ол еліне барып, жаңа төлқұжат ала алмайды. Журналситің сөзінше Өзбекстанда оған қарсы іс қозғалып, сотталуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364