Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5674 0 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 09:57

Әлемде интеграция да, дезинтеграция қатар жылдам жүріп жатыр

Алдыңғы Еуротурда көзге қатты басылған дүниенің бірі - түрлі елдердегі аймақтардың автономия не тәуелсіздікке ұмтылуы болды.

Мәселен, алақандай ел Бельгияда Фламандтықтар оңтүстіктегі жұмыссыз валлондтықтарды асырағымыз келмейді, сол үшін автономиямызды кеңейту керек дейді. Оған валондтықтар қарсы. Жалпы Бельгияда қазір түрлі 6 үкімет, 6 парламент бар.

Италияда да сол жағдай. Солтүстіктегі бай Ломбардия, Венеция "оңтүстіктегі жалқау халықты (Сицилия, Сардиния) асырауға салығымызды жұмсамаймыз, ақшамыз өзімізде қалсын" дейді.

Сол үшін 22 қазанда автономия алуға референдум өткізбек. Пойыздарда жарнамасы ілінген.

Ал бәріненен де қатты кеткен - Каталония. Олар Мадридтен толық тәуелсіздік алмақ. Біз испан емеспіз, жеке елміз дейді. Барселона көшелерінде Каталонияда жүргенің анық сезіледі, балкондарда өз тулары ілінген. Олар биыл 1 қазанда еншімізді аламыз деп отыр.

Мұны неге жаздым?

Бұл процесс көп елге үлгі. Әлемде интеграция да, дезинтеграция қатар жылдам жүріп жатыр.

Іргедегі жұдырықтай Қырғызстан әлсірегенде өзбектер бірден автономия сұрады. Украина 23 жылда Қырымда, Донбаста украинизациясын жүргізбеген еді, әп-сәтте айрылды да қалды.

Есесіне, Ресей бостандыққа ұмтылған республикасының бәрін не ақшамен не күшпен басып, момын балақай күйге түсірді. Түсіргені сонша, кеше ғана Башқұрт басшысы енді біздің республикада башқұрт тілін оқу міндет емес деп жариялады.

Бұл бізге де сабақ.

Аймақтарды бір әрі бүтін ұстауға.

"Серпін" жобасы арқылы қазақыландыруға.

Ешбір аймақтың кедейленуіне жол бермеуге (Италия сабағы).

Ал бірлік пен бір елділік (ұлтына қарамай) идеологиясы өз алдына аса қажет бөлек стратегия....

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394