Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2321 0 пікір 19 Қараша, 2010 сағат 06:40

Теміртауда жергілікті хакердің үстінен басталған сот үдерісі тараптардың ымыраға келуі себепті тоқтатылды

Қарағанды. 19 қараша. ҚазТАГ – Теміртау қаласының тұрғыны Константин Желтковтың үстінен компьютерлік ақпараттарға заңсыз еніп кету, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату бойынша ашылған қылмыстық іс тараптардың ымыраға келуі себепті тоқтатылды, деп Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сот барысында айыптау қорытындысынан белгілі болғандай, К. Желтков интернет желісінен әзірге кім екені белгісіз тұлғадан пайдаланушылардың логин және кілтін қалай бұзуға болатынын мұқият түсіндіретін бейнероликті алып, басқаның компьютердегі ақпаратын 2010-шы жылғы қаңтардың аяғында пайдалана бастаған.

«Аталған бағдарламамен Желтков интернет-пайдаланушылардың логин және кілттерін бұзып ашып, солардың атымен интернетке кіріп, олардың айлық бөлінген мөлшерін ысырап қылған. Осылайша К. Желтков бес пайдаланушыға Т24 мың шығын келтірген», - делінген алдын ала тергеу материалында.

Бірақ сот барысында зардап шеккен тарап «материалдық шығынды өтеп бергені үшін зиян келтірушімен ымыраға келгенін» мәлімдеді.

ҚР ҚК 67-ші бап, 1-ші бөлім негізінде сот, сотқа тартылып отырған тұлғаға қатысты сот ісі тоқтатылсын және ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын деген шешім шығарды, делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2859
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 957
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893