Жұма, 9 Қазан 2026
4227 3 пікір 15 Тамыз, 2017 сағат 08:37

Астанада ЕАЭО мен Иран арасындағы сауда қатынасы талқыланды

Астанада 14 тамызда Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Иран арасында еркін сауда аймағын құру барысын талқылады деп хабарлайды ресми БАҚ.

EXPO-2017 көрмесі аясында Астанада өтіп жатқан бұл кеңеске ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Қатысушылар ЕАЭО елдерінде жұмыс істейтіндерді зейнетпен қамтамасыз ету жөніндегі келіссөзді талқылаған. Сонымен бірге ЕАЭО аясында авиация апаттарын тергейтін арнайы комиссия құру, ұлттық және халықаралық жүргізу куәлігін өзара мойындауды да қарастырған.

Ресей басым тұратын Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Армения елдері мүше.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 918
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1224