ҚОҚМ басшысы мұнай-газ компанияларының шетелдік менеджерлерін заң бұзғаны үшін түрмеге отырғызам деп қорқытты
Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – Елена Преображенская. Қоршаған ортаны қорғау министрі (ҚОҚМ) Нұрғали Әшімов мұнай-газ компанияларының шетелдік менеджерлерін түрмеге отырғызам деп қорқытып, экологиялық заңнаманы бұзса, Қазақстан аумағынан қашып кетуге үлгермейтіндерін ескертті.
«Бұзушылықтарды заңгерлер дәлелдейтін болады, егер бұзсаңыздар (экологиялық заңнаманың нормаларын – ҚазТАГ), кешіріңіздер, бірден зонаға барасыздар», - деді Н. Әшімов жұма күні министрлікте өткен алқа отырысында мұнай-газ компанияларының шетелдік өкілдері - Karachaganak Petroleum Operating B.V.(KPO) компаниясының қоршаған ортаны қорғау бойынша корпоративтік мәселелер жөніндегі менеджері Джузеппе Марииноға және NCOC денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас менеджері Робэр Гобэрге қаратып айтқан сөзінде.
Ол мемлекет басшысының тапсыруымен экологиялық қауіпсіздікке бақылау күшейтілетінін атап көрсетті. Бұл үшін үкіметке экологиялық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заң жобасы енгізілді, Қылмыстық кодекске де өзгертулер енгізіледі.
Министр Қылмыстық кодекске ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, экологиялық заңнаманы бұзғандар 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты. Оның мәліметіне сәйкес, «азаматтығына қарамастан, жауапкершілік барлығына бірдей болады».

«Назарларыңызды тағы бір аударғым келеді:табиғат қорғау бағдарламаларымен ойнауға болмайды, сіздер Қазақстаннан кетіп те үлгере алмайсыздар», - деп қорқытты ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, аталған заң жобасы парламентке биыл енгізіледі.