Сенбі, 23 Қараша 2024
Әттең... 6619 8 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 12:05

Айналайын, Үкімет! 2,5 миллион қазақ үйсіз жүр...

Тағы да баспана жайы. 2,5 миллион қазақ баспанаға зәру. Демек, 2,5 миллион адам дамыған, гүлденген, екпінді елу елдің қатарынан орын алып үлгерген Қазақстанда  "квартирант", "босқын" және "еңбек мигранты" болып жүр.  Бұл - Қазақстан халқының 14 пайызы.

Ranking.kz жүргізген зерттеудің нәтижелеріне сүйенсек, Қазақстан БҰҰ бекітіп берген стандартқа 2030 жылы ентелеп жету үшін баспана қорын 5 есеге көбейтуі керек екен.

2016 жылдың қорытындысы бойынша баспанаға мұқтаждардың саны елімізде 2,5 миллионнан асып жығылыпты. Себебі, халықтық өсім жылына 1,5 пайызды құрайды. Құдай көп көрмесін! Көйбейейік.

Сөйткен күннің өзінде, біздегі құрылыстың қарқынымен, тек 2035 жылы ғана халықты баспанамен толық қамтуға болатын көрінеді. Қазіргі есеп бойынша, 6 миллион шаршы метр баспана салынуы қажет.

Жә, бұл ресми сстатистика. Шынтуайтына келгенде Алматы, Астана, Шымкент секілді халық тығыз орналасқан әм ішкі еңбек мигранттары көптеп жиылған қалаларда баспанасыз жүрген қаракөздердің саны 2,5 милионды екі еселеуі әбден мүмкін. Өткен жылы "Abai.kz" апараттық порталы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша,  Алматы қаласының өзінде жарты миллионға жуық баспанаға мұқтаждар анықталған-ды. Бұған жатақхана жетпей қалып пәтер сығалап кеткен 46 мыңға жуық студентті және қосыңыз.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарының саны 2 миллионға жеткенін айтып жүр. Ал сол 2 миллион адам баспанамен қамтылды ма? Жоқ, әрине.

Үкімет «Нұрлы жер» бағдарламасына 1,5 трлн теңге бөледі. Баспана салу үшін, әрине. Бірақ, бұл тек қала тұрғындары мен ипотекаға көзделген.

Осы орайда, бағасы қалта көтерерлік ұсынысты "Abai.kz" ақпараттық порталы ұсынғанын айта кеткен жөн. Үкімет пысқырып та қарамаған бұл мәселе - жастарды жатақжаймен қамту еді. Күйлі-қуатты орыс баспасөзі депутат Азат Перуашев пен "Abai.kz" ақпараттық порталының ұсынысын келемежге айналдырды. Әрине, "аш бала тоқ баламен ойнамайды". Дегенмен, бір ғана Алматының өзінде өзек талдырып жүрген жарты миллионға жуық жасты және еліміздегі баспанасыз босқындар көп тіркелген қалалардағы жастарды арзан жатақжаймен қамтудың жолын қарастырған абзал деп есептейміз. Сіз не дейсіз?

Қосымша: Бұл "Abai.kz" ақпараттық порталының баспанасыз жастар жайлы осыған дейін көтерген мәселелері. Өкінішке орай бұл мәселелер күні бүгінге дейін шешемін тапқан жоқ.

Перуашев: Бұл ипотека алуға мүмкіндігі жоқ жастар үшін тиімді

Президенттің тапсырмасы. Перуашевтің ұсынысы. Үкімет үнсіз қалмауы керек!

Баспанасыз босқындар еліне сапар

Қаңғырып жүрген қазақ жастарын Сағынтаев неге қолдамады?

Үкіметтің жатақжайларды «Нұрлы жерге» енгізбеуі заңға қайшы

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441