Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2397 0 пікір 22 Қараша, 2010 сағат 06:04

Солтүстік Қазақстандағы селода Кеңестер Одағының батыры Қизатовтың кеуде мүсіні ашылды

Петропавл. 22 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Есіл ауданы Покровка селосында Ұлы жеңістің 65 жылдығын тойлау аясында Кеңестер Одағының батыры Жәлел Қизатовтың кеуде мүсіні ашылды. Оның есімімен жергілікті ауыл шаруашылық колледжі аталады, деп СҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бұл ескерткіш ерліктің, ерік күші мен мінез қайраттығының көрінісіндей болып тұр. Ол мінездің барлығы да тағдыры ерекше Жәлел Қизатовтың бойында болатын. Оның өмірі отан сүйгіштік пен еліне қызмет етудің жарқын көрінісі болып табылады», - деді  мүсіннің ашылуына арналған салтанатты рәсімде СҚО әкімі Серік Біләлов.

1940-шы жылы 20 жасар бозала әскерге шақырылып, ол барлаушы болып қызмет етеді. Майданда 1941-ші жылдың қыркүйегінен бастап соғыс аяқталғанша соғысты. Днепрді алғанда көрсеткен ерлігі үшін Кеңестер Одағының Батыры атағын алды. 1945-1987-ші жылдар аралығында партиялық-шаруашылық жұмыстарда еңбек етті. 1954-1958-ші жылдары КСРО Жоғарғы Кеңес депутаты болды.

Мүсінді ашылу күні Ж. Қизатовтың 90 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты ғылыми-практикалық конференция болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522