Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2013 0 пікір 22 Қараша, 2010 сағат 06:06

Шығыс Қазақстанда тұмауға қарсы екпе жасатуға ниет танытқандардың саны 1,5 есеге артты

Өскемен. 22 қараша. ҚазТАГ – Биыл Шығыс Қазақстанда осы уақытқа дейін тұмауға қарсы 40 мың екпе жасалды, бұл өткен жылдағыдан шамамен 1,5 есеге көп, деп мәлім етті Шығыс Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Тоқтасын Ерубаев.

«Халық вакцинацияаурудың ауыр өтуінен және өршуінен қорғай алатынын түсінеді. 2008 жылы 12 мың адам екпе жасаса, 2009 жылы – 28 мың, биыл облыстың 40 мың тұрғыны екпе жасатқан», - деді Т. Ерубаев.

Бас санитарлық дәрігердің мәліметтеріне сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай қалыпты, күзде маусымдық тұмаумен ауырудың екі оқиғасы тіркелді (екеуі де Семейде). Вирустық инфекциялардың алдын алу мақсатында оқу мекемелерінің барлығында мекеме қызметкерлерінен фильтрлер мен санитарлық қосындар ұйымдастырылды, олар «суық тигеннің белгілері бар балаларды бірден медициналық қызметкерге жіберуге міндетті». Барлығы 509 дәрігерлік кабинет жабдықталды, дәрі-дәрмек сатып алуға Т9 млн-нан аса қаржы бөлінді. Бұдан басқа, бас санитарлық дәрігердің айтуынша, облыстың дәріханалары мен стационарларында вирусқа қарсы және дене қызуын төмендететін препараттардың, майлар мен бетперделердің бір айлық қоры жасалды.

«Биылғы жылы аурудың өршитін уақыты желтоқсан айының ортасында болады деп болжанып отыр. Біз стационарларда 806 орын дайындадық. Тұмау бойынша шақыруларға жедел жәрдем қызметінің 28 бригадасы, ал ауыру оқиғалары көбейгенде 32 бригада қызмет көрсететін болады», - деді Т. Ерубаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502