Тәжікстандағы ірі жол апатынан он адам қаза тапты
Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы республикасындағы ірі жол апатынан он адам қаза тапты. Рошткалъа-Хорог тас жолында жолаушы шағын автобусы аударылып қалған. Қайғылы оқиға 28 тамыз күні таңертең болған.
Төтенше жағдайлар штабының кезекші офицері Насим Жоналишоевтің хабарлауынша, жолаушы автобусында 13 адам болған.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус Шохдара өзеніне құлап түскен.
Он жолаушы қаза тапты, үш адам, соның ішінде көлік жүргізушісі ауруханаға түсті.
Жол апатынан автобустағы төрт баланың барлығы қаза тапқан.
Abai.kz