Сенбі, 23 Қараша 2024
4100 0 пікір 5 Қыркүйек, 2017 сағат 11:41

Қырғызстанда тұрғындар алтын өндірісіне қарсы шықты

Қырғызстанда Токтоғұл ауданына қарасты Ак-Тектир аулының 200-ге жуық тұрғыны 2 қыркүйекте акция өткізді. Олар Ұзын-Акмат-1 алтын кенішін өндіруге қарсы шықты.

Ауыл тұрғындарының сөздеріне қарағанда, олар жолды бөгеген сәтте, түрғындармен Мемлекеттік экологиялық-техникалық инспектор Болат Жаппаров ерегіскен. Соның нәтижесінде ауыл тұрғыны Базаогүл Ұарашбаев жарақат алып, оның қан қысымы көтерілген. Қазір ол үйінде емделіп жатыр. Эколог Жаппаров мұндай мәлімдемелерді жала деп атады.

Шолпаната ауылдық басқармасының басшысы Анарбек Мамбетовтың хабарлауынша, тұрғындардың алтын кеніші өндірісіне қарсы наразылығы әлі басылған жоқ, бірақ алтын өндіруге лицензия алған "Талбек" компаниясы келіссөздерге барғысы жоқ. Ол 2 қыркүйекте тұрғындар жолды жапқан уақытта жанжал шыққанын растады.

2006 жылы "Кассана Минералс" компаниясы Ұзын-Акмат-1 мекеніндегі 600 гектар жерді игеруге лицензия алған, бірақ жергілікті тұрғындардың наразылығына байланысты жұмысын бастай алмаған. Жыл басында ол лицензиясын қазақстандық "Талбек" компаниясына сатқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371