Жүзден астам үнді спортшысын Ашхабадқа Азия ойындарына жібермеді
Ашхабадқа V Азия ойындарына қатысуға бара жатқан жүзден астам үнді спортшысы Дели әуежайынан ұша алмаған. Үнді ақпарат құралдарының хабарлауынша, спортшылардың жарысқа қатысуға арнайы рұқсаты болмаған.
Ашхабадта өтетін Азия ойындарына үнді спортшылары кураш, самбо, джиу-джитсу, спорт билері, дәстүрлі күрестен жарыстарға қатысу керек. Бірақ Үндістан олимпиада қауымдастығында спорттың бұл түрлері мойындалмаған екен.
Бірақ кейіннен аталған спортшыларды Түркіменстанға жіберу үшін рұқсат қағаздарды әзірлеу басталды деп хабарланды.
Азия ойындарын ұйымдастырушылар шамамен алты мыңға жуық спортшы келеді деген. Түркімен билігі бұл шараны өткізуге 15 млрд АҚШ доллары шамасында қаражат жұмсаған.
Abai.kz