Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4815 0 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 07:20

Мемлекеттік қызметтегі жастардың арасында тіл шеберлері байқауының шарты

 

Астана қаласында 27 қыркүйек күні «Тіл шебері-2017» республикалық байқауы өтеді деп хабарлайды Абай-ақпарат.  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» аталмыш байқауды Қазақстан халқы тілдерінің ХІХ республикалық фестивалі аясында ұйымдастыруда.

Дәстүрлі байқау жаһандық өркениет пен еліміздің даму бағытына сай  үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, саласының кәсіби маманы ретінде танылған мемлекеттік қызметтегі жастарды  анықтап, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып келеді. Білім мен білік бәйгесіне 21-29 жас аралығындағы орталық атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер қатысады.

Байқау шартына сай қатысушылар «Тұсаукесер», «Ұлттаным», «Өнертаным» бөлімдері бойынша бақ сынайды.  Олардың үш тілді меңгеру деңгейі мен тілдік норманы сақтауы, орфоргафиялық және орфоэфиялық сауаттылықтары бағаланады.

Жеңімпазды арнайы құралған қазылар алқасы анықтайды. Жүлдегерлер «Тіл шеберлері» дипломымен, алғысхаттармен және  ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: Астана қаласы, ТілепҚобыз Сарайы, Керей Жәнібек Хандар көшесі, 18

Өтетін уақыты:  2017 жылғы 27 қыркүйек, сағ.14.00

 

Байланыс телефоны: 8(7172) 40-83-97; 8 708 923 41 64

Абай-ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303