Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3939 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 04:27

Финляндия президенті ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ –Финляндия президенті Тарья Халонен ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Финляндия президенті Тарья Халонен бастаған делегация бар ұшақ келіп қонды. Әуежайда оны ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов қарсы алды», - деді баспасөз қызметінен.

Бақылаушылардың мәліметтерінше, сол кезде Астана әуежайының маңында күшті жел тұрып, ауа температурасы -17°С аяз болған.

Бағдарлама бойынша Т. Халоненнің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.

Еске салсақ, дәл осы Финляндия астанасы Хелсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің (ЕҚЫК) қорытынды актісіне – Хелсинкий келісіміне – 1975-ші жылы 30-шы шілде – 1-ші тамызда 35 мемлекеттің басшылары қол қойды. Кеңес (ЕҚЫК) Варшава келісіміне қатысушы -  социалистік мемлекеттер бастамасымен 33 еуропалық мемлекет пен АҚШ және Канаданың қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздікті нығайту және әскери қарама-қарсылықты бәсеңсітудің тұрақты іс басындағы форумы түрінде құрылған болатын.

1992-ші жылы хелсинкидегі кездесуден соң, ЕҚЫК-ні саяси диалог форумынан әсери-саяси тұрақтылықты ұстап тұру мен ынтымақтастықты «Ванкуверден Владивостокқа дейін» дамытату мақсатын қоятын трансаймақтық ұйымға айналдыру үдерісі басталды. Жаңа ұйым – ЕҚЫҰ – аймақтық және локалды қақтығыстардың алдын алу мен реттеуде іс жүзіндегі сипаттағы шаралар қабылдай алатын кең ауқымды өкілеттік алды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320