Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3285 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 09:59

Мәди Керімсал. «Қара жорға» биіне кімдер көз алартуда?

Берік Сұлтановтың «Шындық» порталына жарияланған «Қара жорға» - қазаққа қасірет» мақаласы бірден елең еткізді. Айдың, күннің аманында «Қара жорға» биіндей асыл мұрамызды жерден алып, жерге салған мақала мазмұны қаныңызды қарадай қайнатады.

«Қара жорға» бабаларымыздан қалған жәдігер емес. Ұрпағына биді мұра қылатындай, бабаларыма не көрініпті? Сонда ұрпағына өсиет етер дүниелері болмағаны ма?» - деп көсіледі автор. Қырандай қалқып, толқындай тербеліп, жорғадай тайпалып, биленетін «Қара жорға» қазақтың бүкіл болмысын көз алдыңызға әкеледі. Бидің өн бойында өрлік, ерлік, сұлулық, сырбаздық, асқақтық, биіктік жатыр. Ол - сондықтан да қазақ биінің, тіпті қазақ мәдениетінің бренді болуға татитын құнды дүние. Ендеше, ұлттық биі­міз бабалардан қалмағанда, аспаннан салбырап түсе қалып па?

Берік Сұлтановтың «Шындық» порталына жарияланған «Қара жорға» - қазаққа қасірет» мақаласы бірден елең еткізді. Айдың, күннің аманында «Қара жорға» биіндей асыл мұрамызды жерден алып, жерге салған мақала мазмұны қаныңызды қарадай қайнатады.

«Қара жорға» бабаларымыздан қалған жәдігер емес. Ұрпағына биді мұра қылатындай, бабаларыма не көрініпті? Сонда ұрпағына өсиет етер дүниелері болмағаны ма?» - деп көсіледі автор. Қырандай қалқып, толқындай тербеліп, жорғадай тайпалып, биленетін «Қара жорға» қазақтың бүкіл болмысын көз алдыңызға әкеледі. Бидің өн бойында өрлік, ерлік, сұлулық, сырбаздық, асқақтық, биіктік жатыр. Ол - сондықтан да қазақ биінің, тіпті қазақ мәдениетінің бренді болуға татитын құнды дүние. Ендеше, ұлттық биі­міз бабалардан қалмағанда, аспаннан салбырап түсе қалып па?

Бұдан әрі ол қазақта «Қара жор­ғаның» болмағанына көзбен көргендей-ақ кепілдік бере келіп, «Адамзаттың бақытты өмір сүруі үшін түсірілген Құран-Кәрімде Алла тағала: «Зинаға жоламаңдар!..» - дейді. Зина жасау былай тұрсын, сол жолға алып баратын бүкіл жолға жоламауымызды Алла бізге бұйырып тұр. Ал «Қара жорға» - зинаға алып баратын жолдардың бірегейі. Себебі, би барысында қыз бен жігіттің бір-біріне өте жақын болатыны даусыз. Қыздың тал шыбықтай бұралғанын, жылы күлкісін, ойнақтаған көзін көрген кез келген ерге шайтанның жаман ой салатыны айдан анық. Ол ойдың қан­дай екені барлығымызға аян! Әлем­дер­дің Раббысы болған Алла зинаға ты­йым салса, біз Аллаға қарсы шығып, біреу­лердің: «Қой десе де қоймаң-дар!» - деген сөзін басшылыққа алуымыз керек пе?» - деп далаға лағады.

Құдай-ау, Әулиеағашты өртеді, сә­лем салуға болмайды деп, келін мен ата-ененің арасына жік салды, әртүрлі террорлық әрекеттерге барды, енді келіп атадан мұраға қалған «Қара жор­ғаға» ауыз салғаны ма әсіредіншіл­дердің? Ең сорақысы - мұндай түсінік­тегілердің жылдан-жылға артып келе жатқаны. Оған дәлел - Берік Сұлта­новтың жеке блогында қайта жария­ланған әлгі мақаланы терістеудің орнына, қоштаушылар көбірек төбе көр­сетіпті. «Биді ең алғаш жындар шығар­ған. Жындардан адамдар үйренген. Бақсы, шамандардың жын шақырған кезде естен айырылып, селкілдеп билей­тіндері сондықтан. Кейбір дін ғұламаларының пікірінше, би билеген адамды жын сілкілеп тұрады», - деп пікір білдіреді Қуаныш есімді оқырман. Бақсының ізгілік үшін күресіп, емдік, рухани ұстаздық қызметтер атқарғанын Кеңес үкіметі салдарынан ұмыта бас­тағынын бүгінгі жастар қайдан білсін. Кеңес үкіметі пайдаланған рухани отарлау саясаты діни ағымдар арқылы жалғасын табады деп кім ойлаған.

«Бұл би - қазақты құртқысы келе­тіндерге таптырмайтын дүние. Қазақ «Қара жорғаны» билесе, алтын уақыт­тарын босқа өткізеді, бойдақ жігіттер өздеріне ауру табады. Сөйтіп, білімге деген құштарлық азаяды. Тастанды балалар көбейіп, жасанды түсік жасату артады», - деп бір түйіпті журналист Берік Сұлтанов.

Кейбір шипажайлар мен емханалар «Қара жорғаның» денсаулыққа мың да бір ем екенін түсініп, сауықтыру әдісі ретінде пайдалана бастағаны көпке мәлім. «Қара жорға» - 13288 адамның билеуімен Гиннестер кітабына жазыл­ған, Қытайдағы Шыңжаң өлкесінде оқушылар дене шынықтыратын биге айналған, Германиядағы қазақтардың ұлттық ерекшелігіне баланған, қала берді, сауық-думанның сәніне айнал­ған қазақ биі. Бүгінде осы «Қара жорға» биін күллі Қазақстан халқы той-думан көрігіне айналдырды. Мұндай ұлттық өнерімізді «білімге құштарлықты жояды», «жасанды түсік артады» деп қара күйе жағу діни көрсоқыр болмаса, саналы адам айтатын сөз бе? Айтпақшы, бірінен-бірі мақала көшіріп басып, бір-біріне сілтеме жасап, «жарнамалаған» «Уағыз», «Шын­дық», «Намыс», «Асыл ар­на», «Дін ислам», «Мәліметтер» тә­різ­ді сайттардың қай-қайсысынан да қазаққа қарсы, ұлттық мүддемізге қай­шы идеяларды табуға болады.

Оған тағы «азаматтық журналистиканы» желеу етіп күн сайын толығып жатқан Берік Сұлтановтың блогы тә­різді интернеттегі желілерді қо­сыңыз. Жастар, негізінен, интернетпен жұмыс жасайтындықтан, миссионерлер діни экспанциялауды осы бағытта жұмыл­дырғанды жөн деп тапқанға ұқсайды. Блогшы боламын деп боқ­шаға айналып бара жатқан жастарды көріп жүрміз. Қазақ руханиятын түп-тамы­рымен жою­ды мақсат тұтқан әсіредіншілдердің интернеттегі бассыздық­тарына тосқа­уыл қою керек.

Діни ағымдар өздеріне берілген барлық мүмкіндікті асыра пайдаланып жатыр. Ал біз миссионерлерден қор­ға­нудың қамын ойладық па? Әй, қайдам...

ҚИЛЫ ҚИСЫН

Думан АНАШ, «Алматы Ақшамы» газетінің қызметкері:

Діни фанатизмнің дәс­түр­ге қол салуы - қауіп­ті тенденция. Өз басым, қазақта «Ортеке», «Буын» сияқты билердің болғанын этно­графтардың аузынан естігенім бар. «Қара жорға» осы билермен үндес. Оның үстіне, ұлтымыздың сал-серілер сынды үлкен музы­калық институты болды. Олар­дың дауысы Көкшенің шыңдары­нан ары асып шырқалғанда, албырт жастың бәрі ойлы кейіпте бас шұлғып, тыңдап отырды дей аласыз ба?.. Яғни әр ұрпақтың өз жасы бар, өз жасамысы бар. Жас қай кезде де жастығын істейді. Оның тұла бойында жаратылыстың заңдылығы бар. Егер бұл заңдылыққа мойын­сұн­басақ, онда біз көбеймес едік. Кө­бей­месек, ел болмас едік. Сон­дық­тан «Қара жорға» биін зинақор­лық­қа апарады деген - жаңсақ ұғым. Бұл - қазіргі «адасқақ» ағымдардың ың­ғай­ына қарай ілкімдеу үшін жа­зыл­ған, өте қарау ниеттегі жазба.

Қазір адамдардың өзін-өзі таппай, құнарлы дүниенің көзін білмей, есту, көру дағдысы бойынша ғана ел-жұрт ішіндегі осындай жекелеген жандардың сөзіне құлақ асуы байқа­лады. Өте қауіпті тенденция. Әлихан Бөкейханов туралы Қошке Кемең­герұлы: «Ол өз серіктерін татардың діни фанатизмінен құтқара білді», - деп айтады. Бізде ХХ ғасыр басында исламның ауқымында татар фана­тизмі болса, қазір ХХІ ғасырда бұл фанатизмнің есебіне жетуден қал­дық. Және оның салтымызға, дәстү­рімізге қол сала бастағаны қорқы­нышты. Жастарды сананы улайтын әлгіндей әрекеттерден қорғай білуі­міз керек.

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ, журналист:

Бір қынжылтарлық нәр­се - дінді халықтың дәс­түрі мен салтынан жоғары қойып жүргеніміз. «Мұ­сыл­ман болу үшін алдымен араб болу керек» деген түсініктің қа­зақ жастарының арасына ден­дегені сонша, жастарымыз қа­зақтық қалпынан ажырай бастады. Оны күнде көріп те жүрміз. Тіпті сол хиджаб киіп жүрген қа­ракөздеріміздің өзі екіге бөлініп алған ба дерсің. Олай дейтінім - біреу­лері түрлі түсті ашық матадан тігілген киімдер кисе, енді біреулері тек қара түсті киім киінеді. Бұл енді - өз алдына бөлек тақырып.

Кейбір діндарларымыз «Аллаға се­рік қосу» деп, келін сәлеміне қар­сы­лық танытқаны былай тұрсын, қа­сиет­ті домбырамызға, ұлттық өне­рімізге «көз аларта» бастады. Олар­дың түсінігінше, домбыра - шайтан­ның аспабы, қазақта өнер болма­ған. Қазақ тек бес уақыт намаздан бас көтермеген екен...

Осындай көзқарас енді «Қара жорғаға» да келіп жетті. Сонда қалай, «Қара жорғаны» билегендер­дің барлығы тастанды балалардың көбеюіне себеп пе екен? Әлде олар таңның атысы, күннің батысы би билеуден қолдары тимейді деп ойлай ма? Мейлі, «Қара жорғаны» қоялық, «Қыз қууымыз» ше? Жүйрік атқа мінген шабандоз жігіттің қуып жетіп қыз бетінен сүйетінін не дей­міз сонда? Демек, бұл кісілердің түсінігінше, олар да, кешіріңіздер, жасанды түсіктің көбеюіне жол беретіндер ғой. Сол себепті айт­қымыз келген нәрсені адамға ой салатындай қисынға сүйеніп айтсақ екен.

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 43 (80) 01 желтоқсан  2010 жыл.

Мақала ықшамдалып басылды

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364