Сенбі, 23 Қараша 2024
Дат 4138 0 пікір 9 Қазан, 2017 сағат 17:37

 Қандастарымыздың атажұртында қалуына мүмкіндік жасауыңызды сұраймын

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

Ж.Қ. АСАНОВҚА

 Құрметті Жақып Қажыманұлы!

Соңғы күндері Abai.kz ақпараттық порталы бастап, мемлекеттік тілде хабар тарататын еліміздің ақпарат құралдары Қытай Халық Республикасынан атажұртына оралған 251 қандасымыздың тағдырына үлкен аландаушылық білдіріп, дабыл көтеруде. Кезінде «Халықтың көші-қоны туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізілуіне байланысты шетелден көшіп келетін қандастарымыздың азаматтық алуының мерзімі ұзартылып, олар үшін Алматы қаласында  тұрақты тіркеуге тұруына және ықтиярхат пен оралман куәлігін алуы мүмкін болмай қалған еді. Сол себептен атажұртқа келген қандастарымыз тиісті құжаттар алу үшін амалсыздан «делдалдардың» қызметіне жүгініп, Тараз қаласының көші-қон полициясынан мөрі басылған ықтиярхат алған. Олардын көбісі қолданыстағы заңды білмегендіктен және тиісті органдар елімізден қуып жібере ме деген қорқыныштан осы қадамға барғаны анық.

Құрметті Жақып Қажманұлы! Қазіргі таңда қандастарымызға жалған құжат жасап берген алаяқтар ұсталып жауапқа тартылып жатыр. Заң бойынша атажұртына оралған 251 этникалық қазақты елден шығарып жіберуіміз керек. Ондай жағдайда олардың  тағдыры Қытайда қандай болары белгісіз.

Сондықтан да алаяқтардын арбауына түсіп, алданып қалған қандастарымыздың барлығы атажұртында ұрпақ өсіремін, еліме қызмет етемін деген үміттерін заңды түрде бекітіп беруге мүмкіндік жасауыңызды сұраймын.

 

Құрметпен, Мұрат Бақтиярұлы,

Сенат депутаты

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434