Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2179 0 пікір 7 Маусым, 2009 сағат 18:26

Бек Датұлы. Біз кіммен соғысуымыз керек?

Біздің билік ауыз толтырып мақтанғанда «шүкіршілік, қиын болса, да, аш болсақ та, әйтеуір соғыстан аманбыз» дегенді жиі айтады. Сондайда тәуба дейсің. Еліміз аман, аспанымыз тыныш. Әйтеуір төтеннен төніп келген жау жоқ. «Еншалла» деп есінеп отыра береміз. Есінеп отырып тіліміздің тұтастығына сызат, дініміздің діңіне құрт түсіп жатса да мыңқ етпейміз. Несі бар, соғыс болмаса болғаны. Мың болғыр биліктің билігі баянды болсын. Бұл билік болмаса, тілімізді тілімдемесек, дінімізді діңкелетпесек, рухымызды түсіріп, намысымызды жер қылмасақ соғыс болып кетеді екен-ау. Құдай сақтағанда халқымыздың біразы шоқынып, біразы сопы болып, бірқатары «усамалатып» ұрандатып, кейбіреуі жебірейге жерлес болып, өңге бірі буддамен елдес болып әйтеуір көп дінді мемлекет деген атағымызды дүркіретіп тұрмыз. Өйтпесек болмайды. Соғыс болып кетеді. Шенеунік біткен шәлтиіп, жемқорлықтың жолы болып, алаяқтардың айы оңынан туып тұр. Оларға тәйт деуге бомайды. Өйткен... соғыс болып кетеді.

Тілім деп жыласаң, дінім деп мұңайсаң, елім деп егіліп, жерім деп төгіліп, халқым деп қапалансаң лап еткелі тұрған ол не қылған соғыс, соншама?!. Тілімізді, дінімізді, еліміз мен жерімізді осындай мүсәпір күйге түсіргенше соғысып қырылып-ақ қалғанымыз дұрыс шығар. Бірақ, кәне, кіммен соғысамыз? Кәне, кім ол елдігіңді ұлықтасаң, тіліңді ардақтасаң, діңіңді салмақтасаң қару ала жүгіремін деп отырған? Сырттан келген жау жоқ. Іштен шыққан жау тағы көрінбейді. Бәлкім «көп ұлтты» мемлекетіміздегі қазақтың суын ішіп, дәмін татып жүрген түрі басқа, тілегі бір ағайын ба?
Николай – зейнеткер. Ара-тұра ескі «Жигулиімен» ары-бері адам тасиды екен. Мен жолаушы, ол шопыр. Әңгімелесіп келеміз. Алматыға үш жасында келіпті. Қалада өссе де қазақша зырлап тұр. Әңгімеміз шенеуніктер шекірейіп қарайтын мемлекеттік тілде өрбіді. «Мен бізде соғыс болуы мүмкін деген сөзді түсінбеймін. Өйтіп бізді қорқытпасын. Орыстар қазақтардың өз тілінде сөйлеп, өз дінін ұстануына неге қарсы болуымыз керек. Керісінше қуана қолдаймыз. Қазақтар мемлекеттің негізін құраушы ұлт. Сондықтан біз мемлекеттік тілдің дамуына құрметпен қараймыз. Міне, мен жасым жетпіске жақындаған орыстың шалы сенімен қазақша сөйлесіп отырмын. Егер біз соғысты қаласақ сен екеуіміз осылай сұхбаттасып, сыйласып отырар ма едік. Қиыс бассаң соғыс болады деген сөз халықты үркіту үшін әдейі айтылады. Сендерді білмеймін, өз басым жаман кемпір-кепшекпен осы мәселе үшін күніне жүз ұрысамын. Зейнетақысы нанына жетпей жүріп саясат соғады. Соғыс болмаса екен, еліміздегі тұрақтылық сақталсын, ұлттар достығы ұзағынан болсын деп көсіледі. Өй-дөйт деген. Әркім-әркім үйіне қару ұстап, қанды қырғынға дайындалып отырғандай. Көрдің бе, балам, жұртты жоқ жалмауызбен қалай қорқытып қойғанын. Керісінше, мемелкеттік тілге құрмет көрсетілмейтін, егемендігін ардақтай алмайтын елдің ертеңі бұлыңғыр, болашағы баянсыз болары даусыз. Сондықтан, менің ойымша, қазақ тілін дамытып, оның мәртебесін көтеру қазақтарға ғана емес, Қазақстанды мекен еткен барша ұлтқа сын болып тұр. Сондықтан тіл, дін, ұлттық болмыс пен руханият туралы өткір мәселе көтерудің соңы қақтығысқа ұласады деу ақылға сыймайтын ақымақтық».
Иә, расында осы біз кіммен соғысуымыз керек?!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534