АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы алдын ала жарияламастан Ауғанстанға барды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон алдын ала жарияламастан Ауғанстанға барды. Батыстың қолдауына ие Кабул үкіметі тәліптердің шабуылына тойтарыс беруге тырысып жатыр. "Талибан" қозғалысы 2014 жылы НАТО күштерінің көп бөлігінің елден шығуынан соң қайта күшейді.
АҚШ-тың Кабулдағы елшілігінің 23 қазандағы мәлімдемесіне қарағанда, Тиллерсон мен Ауғанстан президенті Ашраф Гани "АҚШ пен Ауғанстанның елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды көздейтінін тағы да мақұлдады".
Тиллерсонның айтуынша, АҚШ-тың Оңтүстік Азиядағы жаңа стратегиясы "Құрама Штаттардың Ауғанстан үкіметімен жұмыс істейтіндігін дәлелдейді, бұған қоса Ауғанстандағы бейбітшілікке кедергі келтіріп отырған терроршылар ұяшықтарын жоюға көмектеседі".
Гани "АҚШ-тың жаңа стратегиясын қолдайтынын білдіріп", өз үкіметінің реформа жүргізгісі келетінін мәлімдеді.
Мемлекеттік хатшы мен Ауғанстан президентінің кездесуі Кабулдың солтүстігіндегі Баграм әуежайында өтті. Мұндай Ауғанстандағы ең ірі америкалық база орналасқан.
Президент Дональд Трамп әкімшілігі жақында тәліптермен күрес стратегиясын жариялады, онда Ауғанстанға қосымша 3000-нан астам АҚШ жауынгері жолданатыны айтылған. Қазір мұнда 11 мың америкалық жауынгер бар.
Тиллерсон алты күндік сапармен жүр. Ол Сауд Арабиясы мен Катарға барды, енді Пәкістан мен Үндістанға барады.
Abai.kz